Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сипатын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады



бет6/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
диплом-Жупар

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сипатын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: «Кейі сараң, кейі мырза, кейі қапа, кейі ырза. Барша жұртты сынады» (С.Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, кейде тірі, кейде өлет (І.Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мұстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә.Сәрсенбаев).
Осындағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, қорқақ-өжет, тірі-өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, әлді-әлсіз, әділет-қиянат, дегендер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасында.



    1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ АФФИКСТЕР.

Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним сөздер жайлы жалпы айтып өттім. Ендігі мәселе сол омоним, антоним, синоним сөздердің аффикстер арқылы жасалу жолдарына тоқталсам. Жалпы аффикс деген не? Соған тоқталып кетсем. Аффикс ( лат. affixus - жалғанған )— қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Аффикс сөз құрамын морфологиялық жағынан жіктегенде ажыратылады (Ф. Фортунатов). Түбір морфемалардай емес, жеке тілдің аффикстері морфелардың жабық тобына жатады, оларды тізімдеп есепке алуға болады. Аффикс морфологияның міндетті бөлігі ретінде тілдің парадигмаларын жасайды. Аффикстің тілдің дербес бірліктері ретіндегі формалдык, мазмұндық сипаттары мыналар:
1) Аффикстін фонологиялық бейнесі әдетте дауысты, дауыссыз фонемалардан жасалған шағын фонемалык жүйе түрінде көрінетіні;
2) деривациялық процесте aффикс құрамынын өзгеру/өзгермеу сипаты (осыдан агглютинатив және фузиялықтілдердін қарама-қарсылығы туады);
3) Аффикстін түбірге қатысты орналасу тәртібі және оны өзгертуге болмайтыны (агглютинатив тілдерде орын тәртібі қатан сақталатыны);
4) Аффикс бір мағыналық/көп мағыналық, синкреттік сипаты болатыны;
5) Аффикстін өздері қатысты сөздерге тіркесуінін шексіздігі (бұл — аффикстің өңімділігін тудырады).
Аффикс косылу процесі (аффиксация) көптеген тілдердін морфологиясы мен сөзжасамында маңызды орын алады. Осыған байланысты тілдердің типологиясы жасалады.
Аффикс түбірге қатысына карай бірнеше түрге бөлінеді: приставка, префикс—түбір алдынан қосылатын аффикс (приходишь, заходить, беймәлім); инфикс — түбірдің ортасында косылатын аффикс ( ағылш. stand'"стоить"—stood"стоял" ); интерфикс — екі түбірді жалғастыратын аффикс (фонология); конфикс-префикс пен постфикстін комбинациясынан жасалған аффикс (бейқамдық);постфикс:
а) сөз соңынан қосылатын сөзжасам қосымшасы — суффикс
ә) сөз соңынан қосылатын жалғау — флексия (балаға, баланың).
Деривациялық-реляциялық аффикс - морфологияда деривациялықпен (лексикалық, сөзжасамдық және реляциялықпен (грамматикалық, сөз өзгеруші) қатар бөлінетін аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойылатын және грамматикалық пен сөзжасамдық мәнді үйлестіретін сөз бөлігі. Мысалы: неб-ес-а сөзінде негіз жасаушы аффикс.
Енді семасиология саласындағы синоним, омоним, антоним аффикстеріне жеке – жеке тоқталсам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет