Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


Зат есімге жалғанған синоним аффикстер



бет8/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
диплом-Жупар

Зат есімге жалғанған синоним аффикстер:
-Қой (-көй, -гөй) аффиксі зат есімге жалғанып, синоним тудырады. Затты күйттеушіні атау үшін, мәселен, «сықақ» деген сөзге «-қой» жұрнағын жалғап, «сықаққой» деп, күйттеушіні айтамыз; «әзіл» деген сөзге «-гөй» жұрнағын жалғап, «әзілгөй» деп, әзіл күйттеушіні атаймыз.
-Дық,-лық аффикстері синонимдік қатар бере алады. Мысалы, ауыздық-сулық,
-Тік аффиксі арқылы жасалған синонимге мысал, жемтік-өлімтік,
-Шы, -ші аффикстері синоним болады: басшы-жетекші. Белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним қатарма-қатар қолданылады. Мысалы: Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма? (М.Әуезов).
жемқор-парақор,
-Ім аффиксі синоним құрайды: өнім-түсім,
-Шылық, -шілік аффикстері де синоним бола алады: халайық - халық, жұртшылық, көпшілік;
-Тық, -тік, -дық, -дік аффикстері арқылы жасалған синонимдер: ақиқат -шындық, растық; нақтық – дәлдік;


Сын есімге жалғанған синоним аффикстер:
- Лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) аффикстері сол затқа басқалары ортақ екендігі немесе жақындық, туыстық мағынада синонимдер қатарын құрайды. Мысалы, «ата» деген есім сөзге «-лас» жұрнағын жалғап, «аталас» деп атаға, туыстық жақындыққа ортақ екенін білеміз. Осы сөзге синоним болатын рулас, жерлес, ағайындас сөздері синоним жасаушы аффикстердің жақындығын анықтап тұр.
-Ша, -ше аффикстері арқылы өте, тым, аса сөздерінің орнына кейде айрықша, ерекше, артықша синонимдерін қолданамыз.
Сондай-ақ -лы, -ды аффикстері арқылы бағалы- құнды деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің әр қайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бағалы сыйлық, бағалы киім дегендегі мағыналық реңк. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды. Болмаса тағы да осы -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі аффикстері арқылы: Мысалы, әлді-күшті-мықты-қарулы-әулетті-әндемді;әлді-ауқатты-дәулетті-қуатты;ақылды-есті, маңызды-мәнді, сүтті-құнарлы; аты шулы-атақты, әйгілі; Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайластырылып та келе береді. Мысалы, Залдың орта тұсында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (З.Қабдолов).
-Лы мен -кі аффиксі бір – бірімен синоним болып тұр. Жау әскерін тәжірибелі, әккі генералдар басқарады (Т.Ахтанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет