Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет3/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
диплом-Жупар

Келелсісіне де осылай жаза бер

Жұмыстың құрылымы. Диплoм жұмысы кiрiспеден, екі тaрayдaн, қoрытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмiнен тұрaды.
І. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ СӨЗДЕР МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ АФФИКСТЕР



    1. Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним сөздер

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп жарылып тұрады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді. Қайта бір-біріне соншалықты алшақ, кереғер екендігі аңғарылады. Мысалы: Ара I. Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. Ара II. Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік. Ара III Екі орта, аралық (екі ауылдың ортасы). Ана I. Туған шеше. Ана II. Сілтеу есімдігі (ана жақ, ана жылы, ана бала). Айт I. Діни мейрам. Айт II. Сөзбен ой пікірін білдіру, сөйлеу, деу. Айт III. Итті айтақтап қосу үшін айтылатын одағай.
Сонда омоним дегеніміз түрлі себептермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер болып шығады. Көп мағыналы сөздер омонимнің барлық түрімен емес, бір ғана түрімен тығыз байланысты. Тілдің даму барысында сөздің баламасында түрлі-түрлі өзгерістер болып жатады. Сөз семантикалық жақтан үздіксіз дами келе, мағыналық шеңберін соншама кеңейтіп әр мағына бір-бірінен өзара алшақтай бастайды. Бара-бара ондай мағыналардың бір негізден шыққандығы мүлдем ұмтылып, тұлғасы бірдей, бірақ мағынасы үйлеспейтін омоним сөздер сияқты дербес өмір сүре береді. Міне, осындай шығу тегі, жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен өзара ұштасып, бір-бірінен ажыратып білуге келгенде қиындық тудырады.
Мәселен, малдың көктемде қырқылатын (не түсетін) жүнін қазақ жабағы дейді. Сонымен қатар алты айдан асып, қысқа іліккен құлынды да жабағы деп атаған. Осылардың шығу тегін іздесек, сөз жоқ, белгілі бір ұқсастықты табуға болады. Алайда, мұндай байланыс қазіргі кезде әбден қашықтап жоғалған, ұмытылған. Бұлардың бір негізден тарағандығы жай көзге қазір байқалмайды да. Сондықтан мұндай сөздерді көп мағыналы сөздер тобынан шығарып, омонимдер тобына қосу тілде тәжірибеге айналған. Тіл білімінде полисемантизмді омонимдерден ажыратудың бірден-бір жолы мағыналық байланыстың сақталуы мен сақталмауын негізгі тірек ету болып саналады. Егер мағыналардың арасында семантикалық байланыс тақа үзілмей, қалай да сезіліп тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретінде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады. Ал егер мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп, әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен ажыраған болса, ондай сөздер омонимдес сөздер деп қаралады. Әдетте, бір адамның омоним деп таныған жеке бір сөзі екінші біреуге омоним болвп көрінбейді де, іс жүзіне келгенде әр түрлі талас пікірлер туып жатады. Сөздің мағынасына қарап, оны бірде омоним немесе бірде көп мағыналы сөз деп таудың өзі кейбір күрделі сөздің бірде бөлек, бірде бірге жазылғаны сияқты шартты түрдегі ұғым. Қазақ тілінің түрлі сөздіктерінде, сонымен қатар кейбір зерттеу еңбектерде ай деген сөз бірде омоним, бірде көп мағыналы сөз ретінде қаралып, екі түрлі түсіндіріліп келеді. Демек, бұл сөздің мағыналары әлі күнге тиянақталмағандығын байқатады.
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
1.Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Бұл тіліміздегі ең өнімді тәсіл. Мағыналарының бір-бірінен алшақтап дамуы нәтижесінде шыққандықтан, омонимнің мұндай түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз. Мысалы: Жал I. Жан-жануардың желкесіне шыққан қыл. Жал II. Ұзыннан ұзақ созылып жатқан белес,қырқа. Көк I. Көтерген түс. Көк II.Аспан, әуе. Көк III. Көгеріп шыққан өсімдік. Жылы I. Ыстық пен суықтың аралық қалпы, қан жылым. Жылы II. Жылы қалыпқа келу, жылыну. Ық I. Жауын-шашынның өтінен қаға беріс жер, ықтасын. Ық II. Жауын-шашынға қарсы беттемеу, соның ағынымен жүру. Құндақ I. Жаңа туған жас балаға арналған төсек-жабдық. Құндақ II. Мылтықтың ұңғысын орнататын іші қуысталған арнаулы ағаш. Көз көрмей көздегенмен неғып тисін? Болғанмен қыран мылтық, түзу құндақ («Айтыс»). Сөздің осындай мағыналық жақтан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы тілдегі сөз тудырудың бір тәсіліне жатады.
2. Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі жасалған омонимдер. Тілдегі сөздер мен оның грамматикалық құрылысының ертедегі қалпы мен қазіргі күйі нақ бірдей болған деуге келмейді. Дәл бүгінге дейін олар не қилы даму процестерін бастан кешірген. Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде кейбір сөздер ең әуелі дыбыстық тұлғасын жаңартып, басқадай сөздермен дыбысталуы жағынан үйлесіп келгенде де, омонимге айналған.
Тілдің даму барысында осындай өзгерістерге ұшыраған әрбір омоним сыңарларын айқындай отырып, солардың өзгеруіндегі заңдылықтардың сырын ашу қажет.
Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталуы қалпы егер болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп қалу салдарынан, егер сөзі ер формасында ауысқан. Осылайша сөздік құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек, батыл, күйеу ұғымында жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылып, омоним жасалғандығы белгілі. Сол сияқты «бала табу» деген мағынадағы ту етістігінің көне тұлғасы тог, дог болған, матадан істелген «байрақ, жалау» мағынасындағы ту зат есімнің көне тұлғасы тұқ, тұг екендігі, ал тумаған, төлдемеген, балаламаған деген ұғымдағы ту сын есімінің көне тұлғасы түн, тұл – болғандығын зерттеушілер сөз етіп жүр. Сонда бір замандағы дыбысталуы үш түрлі сөз өзгере, дами келе кейінгі уақытта біркелкі дыбысталып омонимге айналып кеткендігі байқалады. Мұнымен қабат түу деген одағайда ту болып қысқарған. Ту баста, ту сонадан дегендегі ту сөзі омонимдік қатарға қосылып тұр.
Қазақ тіліндегі ас, қыс, бас, құс деген зат есім мағынасындағы сөздер өзге туыстас түрік тілдерінің көпшілігінде аш, қыш, баш, құш болып айтылады. Тарихи тұрғыдан қарағанда, түрік тілдеріндегі тіл алды ш дыбысына аяқталған сөздердің варианты конвергенция құбылысының нәтижесінде кейін пайда болған. Қазақ тілінде ш дыбысының с дыбысына айналуы бірқыдыру жаңа омонимдік қатардың тууына негіз болғандығын көреміз. Мәселен, жоғарыдағы ас, қыс, бас, құс деген заттық ұғымдағы сөздер өздеріне ұқсас, дыбысталуы бірдей етістік сөздермен әрдайым омоним болып жұмсалады. Қазақ тілінде екі адам бір есімге ортақ болып келсе, екеуі адас болады. Адас деген сөз аттас деген сөздің конвергенциялық өзгеріске ұшырауынан пайда болғандығы сөзсіз. Бұл сөз «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» (мақал) дегендегі адас деген етістікпен омонимдік топ құрып тұр. Демек, фонетикалық өзгерістің негізінде жасалған омонимдер тілімізде аз емес екендігі аңғарылады.
3. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер.
Қазақ тілінде араб-парсы және орыс тілдерінен ауысып келген қыруар кірме сөз бар. Солардың кейбіреулері өздерінің түп нұсқадағы дыбысталу қалпын өзгертіп, ана тіліміздегі бұрыннан келе жатқан қайсыбір сөздермен дыбысталуы жағынан бірдейлесіп, омонимдер жасалған: а) араб және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: арабтың күш, жігер мағынасындағы қайрат (гайрад) сөзі қазақ тіліндегі қайрат (пышақты) етістігімен түр-тұлғасы бірдей келу нәтижесінде омоним жасалған. Қырықтың бірі қыдыр (мақал) дегендегі қыдыр (қызыр) – араб сөзі. Бұл сөз қазақтың ел қыдыру дегендегі қыдыр етістігінің дыбысталуы бірдей келу салдарынан омоним пайда болған. Мекеге барып, пірге қол тапсырып келген адамдарды қажы дейміз. Қажы – арабтың хажи деген сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз Қар тепкенге қажымас қайран жылқы (Абай) дегендегі қажы етістігімен түр-тұрпаты бірдейлесіп, омонимге айналған.
Парсы және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: Біреуге көр қазба, өзің түсесің (мақал) дегендегі көр парсының гөр деген сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз Қалқамның нұсқасын, Көр көзім, бір кенел (Абай) дегендегі көр етістігімен дыбысталу жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Сол сияқты парсының әуен, ырғақ мағынасындағы саз деген сөзі қазақ тіліне енген. Әнге кейде сазбен, кейде сөзбен қосылып отыр ел (Ә. Сәрсенбаев). Бұл сөз қазақтың батпақ, лай, балшық мағынасындағы саз деген сөзімен тұлғалас келіп, омоним жасалған. Сондай-ақ, мекен, орын мағынасындағы жай сөзі парсы тіліндегі джай деген сөзден алынған. Ұлықтар жататын жай үш үйден құралған (М. Әуезов). Бұл сөз қонақтарға дастарқан жайды, қол жайды дегендегі жай етістігімен дыбысталу жағынан ұқсасып омонимге айналып кеткен.
Орыс және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: өгіздің мойнына салатын мойынтұрық, мойынағаш деген мағынадағы жарма орыстың ярмо деген сөзінің өзгерген түрі. Шу-шумен жармадағы өгіздерін Алдырды анда-санда өзіз демін (Д. Әбілев). Бұл сөз қазақтың жармалаған өгіздерін бидай, арпа дегендегі жарма сөзімен дыбысталуы жағынан бірдей келіп, омоним жасалған. Су ағызатын жыраны орыстар арык дейді. Бұл сөз қазақ тілінде арық болып, к дыбысы қ дыбысына айналып өзгерген. Сол өзгерістің нәтижесінде Арық атқа қамшы жау (мақал) дегендегі арық деген сын есіммен бұл екеуі омонимдік топ құрған.
Тілде екі сыңары да кірме сөздер арқылы жасалған омонимдер де кездеседі. Мәселен, кемеңгер, данышпан мағынасындағы дана сөзі мен орысша экземпляр деген ұғымдағы дана екеуі де парсы тілінен ауысқан. Бау-бақша өсіретін бақ пен бақыт ұғымындағы бақ деген сөздер араб тілінен келген. Орыс тілінен ауысқан салтанатты ойын-сауық ұғымындағы бал мен арабтан енген бал (бал ашу дегендегі) бір-біріне омоним болып тұр.
Қазақ тіліндегі омонимдер мағыналары мен формаларына қарай: лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер болып үшке жіктеледі. Лексикалық омонимдер тобындағы сөздер бір ғана сөз табына қатысты болады да, барлық жағдайда бірыңғай тұлғаға ие болып тұрады. Мысалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет