Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


Қазақ тіліндегі синоним аффикстер



бет7/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
диплом-Жупар

Қазақ тіліндегі синоним аффикстер.
Тіліміздің байлығы синонимдердің көптігімен анықталады, яғни синоним жасаушы аффикстердің де көптігін осыдан байқауға болады. Синоним болу үшін ең алдымен, олар бір ғана ұғымды білдіруі керек; тұлғалары жағынан бір - бірінеұқсамауы және бір ғана сөз табына қатысты болуы шарт. Мысалы, Ақындардың адалдығын даналықтың даналығы деп білем(Ғ.Мүсірепов). Меніңше, данышпандықтың ең бірінші белгісі - адамның өзін - өзі тани білуі дер едім(С.Бақбергенов). Тезек теріп, күл шығарып жүрген сенен не кемеңгерлік шығушы еді(Ә.Хасенов). Осы мысалдарда -лық, -лік, -дық синоним аффикстері болып алдыңғы 3 шартты орындап тұр, яғни олар, біріншіден, ақылымен, білімімен жұртқа танылған ұлы адам деген бір ғана ұғымды білдіреді, екіншіден, дыбысталуы, яғни тұлғалары бір - біріне ұқсамайды, үшіншіден, олардың бәрі де зат есім сөз табына қатысты.
Синоним аффикстері де мағыналары жақын сөздер жасағанымен, мағыналары тепе - тең болуы керек деген түсінік қалыптастырмайды. Сөз бен сөз арасындағы байланыс түпкі мағыналары жағынан жанама да, тікелей түрде де бола береді. Мысалы, жұрнағы өзара синоним аффиксі деп қарастырсам. Өлу, қайту, үзілу, өту, кету сияқты синонимдер. Бірақ мағыналық жақындығына қарай екіге бөліп қарастыруға болады: а) адамға қатысты өлу, қайту, үзілу, өту, кету; ә) жан -жануарларға байланысты айтылатын синонимдер өлу.
Міне, жұмсалымға, қолданысқа келгенде синонимді аффикстер арқылы жасалған сөздер қолданыс аясы, мағыналық реңкі жағынан өзгешеленеді.
Синоним сөздердің теория ретінде қорғалып анықталған синонимдік қатары бар. Сол сияқты синонимдік қатарға енетін сөздер қатары бірнеше аффикстер арқылы жасалып, белгілі өзара жуық мағына береді. Сондықтан, синоним жасаушы аффикстерді синонимді аффикстер қатары деп қараыстыруға болады. Мысалды белгілі оқулықтардағы сөйлемдерден алатын болсам, Сол жолмен Қарқаралының қаракесектері қыс бойы ағылып жатады (Ғ.Мұстафин). Қаздың балапанындай шұбырып, балалар мектепке беттеді (С.Сарғасқаев). Қасқырдан қорыққан қойдай, жекеленіп те, топтанып та жөңкілген жұрт Қызбелдің қыры мен ойына сыймай кетті (С.Мұқанов). Елде үрей жоқ, бір үйден бір үйге кіріп жосып жүр (Б.Тоғысбаев). Қаладан біреу келеді десе, тайлы -таяғы қалмай шұбайтын қазақ ауылының әдеті (М.Иманжанов). Қалмақтан оңай таяқ жеген қыр елі босып отырып Сырға құлай бастаған (Ә.Сәрсенбаев). Осы алты сөйлемдегі ағылу, шұбыру, жөңкілу, жосу, шұбау, босу синонимдеріндегі синонимді аффикс бола тұра, ерсілі - қарсылы тынымсыз, тоқтаусыз, толассыз жүріп жату, үнемі қимыл - қозғалыста болу деген мағынаны білдіріп, синонимді аффикстер қатарын жасап тұр.
Енді осы қатардың ішінде бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйымдастаруға ұйытқы, тірек болады, яғни, оны әдетте тіл білімінде доминант сөз деп атайды. Ол сөз мен көрсеткен мысалда бәріне ортақ, түсінікті ағылу сөзі.
Профессор Ф.Оразбаева "Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер" атты еңбегінде қазіргі қазақ тілінің лексикасына қатысты сын есім синонимдердің басты - басты ерекшеліктері қатыстырылып, олардың жасалу жолдары кеңінен сөз болады. Сын есім синонимдердің жасалу жолдарының өзін үшке бөліп қарастыруға болатыны айтылған. Соның ішіндегі морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдерге назар аударсақ.
Қазақ тілінде морфологиялық сын есімдер арқылы жасалған сөздер синонимдердің дамуына ең өнімді жолы болып есептелінеді. Сын есім синонимдері бірде синонимдес жұрнақтардың әр түрлі түбірлерге қосылу нәтижесінде жасалса, кейде бір аффикстің әр түрлі түбірлерге жалғануы арасында пайда болады.
а) Синонимдес аффикстер арқылы жасалған синонимдер: -шақ, -шек, -қақ, -кек, -ғыш, -гіш, -қыр, -кір, -қыш, -кіш, -шыл, -шіл, -шаң, -шең, т.б.
Бұлардың ішінде -шақ, -шек пен -ғыш, -гіш (тырысқақ - тырысқыш) аффикстері мағыналары жағынан өзара синонимдес болып келсе, -қыш, -кіш пен -қыр, -кір (білгіш -білгір), -ғыш, -гіш пен -шақ, -шек, -шаң, -шең (ашуланғыш - ашушаң - ашуланшақ) жұрнақтары да білдіретін мағыналары тарапынан синонимдес болып келеді.
ә) Бірыңғай аффикстер арқылы жасалған синонимдер.
Бірде өзара мәндес түбірлерге жалғанып, бірде мағыналары алшақ түбірлерге қосылып, сын есім синонимдерді туғызатын біркелкі аффикстердің қатарына жататындар: -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі; -сыз, -сіз; -шыл, -шіл; -лас, -лес; -паз, -қой, -ғой, -көй, -гөй, т.б. Мысалы, қадірлі, құрметті, ардақты, қымбатты; екпінді, қарқынды; болжағыш, байқағыш, сенгіш т.б.
Кез - келген тілді алсақ та, синонимді аффикстер - сол тілдің сөздік құрамы мен сөз байлылығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, дамып, толысуына, көркем сөздің шыңдауына, тілдің қалыптасуына тигізер әсері мол.
Сонымен, тілдегі сөздерді жасаушы синоним аффикстері - сөз қорын молайтудың асыл қазынасы.
Синоним негізінен үш сөз табынан жасалады: зат есім, сын есім, етістіктен және оларға жалғанған аффикстерден. Синоним сөздердің мағынасы бір – біріне қанша жақын болғанымен, өзара бір – бірінен сәл – пәл айырмасы болады, әр уақытта бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, көрікті, ажарлы, келбетті сөздері -ты, -ті, -лы, -лі аффикстері арқылы жасалып синоним бола алады, көрікті қыз, ажарлы адам, келбетті кісі деп айтылады да, бұл синонимдердің әрқайсысын қала, үй, көше сөздерімен тіркестіріп: келбетті қала, ажарлы көше, келбетті үй деп айтуға болмайды.
Әрине, сөз өзгертуші, сөз жасаушы қосымшалардың синонимдік қатарларын айқындау, жіктеу тілдің лексикалық қорымен салыстырғанда әлдеқайда қиын жұмыс. Тіпті сөз қолдану тәжірибесінде белгілі бір аффикстің қай аффикспен синонимдігі барлығын ажырату мүмкін де бола бермейді. Оған себеп: біріншіден, қандай бір аффикс болмасын өзі жалғанған (немесе, біріккен) түбірге қосылып, оның өз мәні айқын жіктеліп тұрмайды. Екіншіден, тілдің грамматикалық құрылысында кез-келген аффикс абстрактану процесіне ұшырайды. Соның салдарынан, оның өзіне ғана тән мән-мәнер бірте-бірте көмескіленіп, өшуге айналады. Қазіргі тіліміздегі бүршік,талшық, келіншек, т. б. сөздерді осы сипатында, осы күйінше тұтас ұғынамыз, оны түбір мен қосымшаға жіктеу былай тұрсын, -шік, -шық, -шек аффикстерінің біркезгі кішірейту мәнерін де байқамаймыз. Бірақ түйіншек, інішек, төбешік сөздерінің құрамында бұлардың, кішірейту мәнері айқын сезіледі. Соңғы сөздер құрамындағы (түбіршік, інішек, төбешік) -шық, -шақ, ұзынша, сұрша сөздері құрамындағы -ша аффиксімен мәндес болғанмен, алдыңғы сөздер (бүршік, талшық, келіншек) құрамындағы сондай аффикстермен мәндес деп есептелмейді. Осылар тәріздес, жеке сөздер ыңғайында, бір-бірінен мәнерлік айырмасы бар, бірақ орайлас мағыналы сөздер жасайтын қосымшалар қатарына сын есім жасайтын -ғыш пен -шақ, -қыр мен ғыш, -шыл мен -қай, -шыл және -паз, -қор қосымшаларын жатқызуға болар еді. Осылар арқылы жасалған сөзшең мен сөйлегіш, тапқыр мен тапқыш, сауықшыл мен сауыққой, шайшыл, шайқор, ойынпаз, ойыншыл тәрізді сөздер орайлас мағыналы, бірақ бір мәнерлі емес. Осы ыңғайда аталған аффикстердің синонимдік қатар құрай алатындығын көруге болады. Бірақ аффикстер арқылы жаңа сөз жасауда кездесіп отыратын грамматикалық шектелу процесі де ескерілуі қажет. Мәселе мынада: сөзшең, сөйлегіш сөздерінің синоним болуы олардың құрамындағы -шең, -гіш аффикстеріне байланысты болғанмен, -шаң аффиксі жалғаса алатын түбірлердің бәріне бірдей -гіш аффиксі қосылып айтыла бермейді. Мысалы, ашушаң, бойшаң, тершең деп айта береміз, бұлардың қайсысы да кісінің белгілі бір ерекшелікке бейімділігін білдіреді. Дегенмен осы түбірлерге -гіш аффиксін тікелей қосып айтуға болмайды. Есім түбір туынды етістікке айналғанда ғана (ашуланғыш, терлегіш) жалғанады. Бірақ сол түбірге -шыл аффиксі тікелей қосылып, -шең аффиксімен синонимдік қатар құрады: ашушыл, тершіл. Сондай-ақ, тапқыр, тапқыш сөздерінің синоним болуы -қыш, -қыр аффикстеріне байланысты. Сонымен, сөз жасаушы аффикстердің синонимдік қатар кұруы кез - келген сөз құрамынан байқала бермейді. Аффикстердің синонимдігі жайында айтқанда, түбірге қандай аффикс жалғана алатындығы ескерілу керек болады.
Сөз өзгертуші қосымшалар ішінде де контекстік қолданыста бір-біріне синонимдес қолданылатындары бар. Мысал үшін М. Әуезовтің “Абай жолы” романында кездесетін мына сөйлемдерге назар аударайық: Ауыл шаппақ, жылқыға тимек, тұрысатын жерін айтысып бөліспек… Шырағым, Абай мұны істемек болса, ол құпияның ісі емес, әшкеренің ісі ғой… Абай асықпай киініп боп, енді үйге қайтпаққа артына бұрылып еді. Осы сөйлемдер құрамындағы -мақ тұлғасымен келген сөздерді (етістік тұлғаларын), егер авторлық қолданысты ескермесек, өзгертіп айтуға да болар еді. Сөйтіп, бұл жерде -мақ қосымшасының -а, -й, -у тұлғаларының орнына қолданылғандығын көруге болады. Сол сияқты, Абай өлеңдерінде де мынадай қолданыстар кездеседі: Мал жияды мақтанын білдірмекке, көзге шұқып малменен күйдірмекке… Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек? Мұнда да -мақ қосымшасының басқа тұлғалар орнына қолданылғандығы байқалады.
Енді бір жұрнақтың тұлғалары басқа – басқа болып, жаңадан жасаған сөздерінің мағыналары бір – біріне жақын, мағыналас болып отырады. Мысалы, егіс, егін, жұмысшы, қызметкер, қызметші, жұмыскер, басшы, басқар; сұрақ, сұрау; қыстақ, қыстау деген сөздердегі –іс, -ін, -шы, -кер, -қар, -қ, -у жұрнақтарының тұлғалары басқа – басқа болғанымен, жасаған жаңа сөздері өзара мағыналас, синонимдік қатардағы сөздер болып тұр, демек бұл сияқты жұрнақтарды синонимдес аффикстер деп танылатыны айтылуы қажет. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді меңгерген жерде жұрнақтардың өз ішінде әр сөз табына тән болып жіктелетіні, бір сөз табынан екінші бір сөз табы жасала берелетіні айтылып, шылау, одағай сөздерінен басқа сөз таптарының арнаулы жұрнақтары болатыны ескерілуі қажет. Жұрнақтар арқылы жасалған осы сияқты мағыналас сөздер қазақ лексика құрамы мен қорын байытатын және дамытатын өнімді тәсіл болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет