Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет9/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
диплом-Жупар

-Сыз, -сіз аффикстері де синоним бола алады. Мысалы: қанағатсыз-тойымсыз, берекесіз-құтсыз-дайынсыз; дәйіс-ұятсыз, арсыз;
-Лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу аффикстері синоним болады:


Етістікке жалғанған синоним аффикстер:
Туынды етістердің жұрнақтары синоним бола алады.
-ыс жұрнағы: ұрыс, соғыс, атыс.
-қыз, -ғыз, -кіз, -гіз жұрнақтары: барғыз, жеткіз, апарғыз.
-Іру, -дену, -дану, -лану, -ыну, -дау, -у аффикстері арқылы жасалатын синонимдер бар: Мысалы, семіру – шелдену – майлану – тойыну - жуандау-толу - қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Бұларды мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға болады: адамға қатысты синонимдер (жуандау-толу); басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену - майлану – тойыну – қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
-У, -ю аффикстері синоним бола алады. Мысалы, арту-асу-озу; арту-көбею-молаю;көзін жоғалту-құрту, жою; шыр біту- семіру, қоңдану, сұлулату-піштіру, кестіру; азайту- алу-кеміту-шегеру, т.б.
-у мен -тену аффикстерінде жатқызуға болады. Мысалы, сасу-иістену- мүңку-аңқу.
-Ну аффиксі синоним бола алады: іздену-тімтіну,
-Лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу аффикстері синоним болады: ажарлау-өңдеу, ұсақтау-майдалау, жоғарылау-ілгерілеу, қоштау-мақұлдау т.б.
-Айту, -іту аффикстері арқылы жасалған синонимдер:азайту-кеміту,
-Ыл аффикстері синоним сөздер туғыза алады. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған мәтінде бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолданылады. Мысалы. Көл тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күші сарқылмас. (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет