Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет10/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
диплом-Жупар

-Са, -се аффикстері синоним болады. Мысалы, Ақтамақ жымиса, ол ыржияды, Ақтамақ мырс етсе, ол тарқылдап күледі (Ғ.Мұстафин). Бұнда жымиса – ыржиса – күлсе – күлімсіресе, т.б.
-Ып, -іп аффикстері синоним болады. Мысалы, Жақып езіліп, еріп балқып кеткен сияқты болды (Б.Майлин).


Үстеуге жалғанған синоним аффикстер:
-Тан, -тен, -нан, -нен аффикстері арқылы жасалатын синонимдер қатары да кездеседі: ат үсті- асығыс, үстіртін; аяқ астынан-ғайыптан, кенеттен, тосыннан;
мақтаншақ-бөспе,
Аффикстер арқылы жасалған синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те , жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты, оларды қосарлап та (қосақтап та) пайдаланамыз. Мысалы: өніп-өсу, өткен-кеткен, даусыз-талапсыз, қорқытып-үркіту т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың білдіретін ұғымының көлемі кеңейеді. Мәселен, үлгілі-өнегелі деген қос сөз барлық жақсы қасиетті жинақтап тұрған адамның жақсы жағын көрсететін болса, азып-тозу деген қос сөз барлық жетімсіздікті топтастырып тұр.
Тілімізде екі мәндес сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде плеоназм немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті
Ит жығыс бірде бұлай, бірде олай.
Сырласқан жаумен әбден сыралғымыз,
Атысып, шабысып та екі жылдай.
(Қ.Айнабекұлы).


Қазақ тіліндегі антоним аффикстер.
Тіл - тілімізде тілдік бірліктердің мағыналары кейде сөз тудырушы аффикстер арқылы жасалып, бір - біріне қарама - қарсы келіп жатады. Мысалы, даңғой - байсалды, дарақы - ұстамды, т.б.
Қарама - қарсы ұғымдағы жұп құрайтын антоним жасаушы аффикстер бір -бірін жоққа шығара отырып, затқа, құбылысқа жаңа ұғым береді. Мысалы, Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін, Бұлайды біреу күшін, біреу түсін. Не қылса да надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін (Абай). Салынба қылсаң дағы сан құмарлық, Алдыңда уайым көп шошынарлық. Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік, Сүйкімді, икемі жоқ шалдуарлық (Абай). Осы мысалдардағы байлық -жарлылық сөздерінің мағыналары -лық аффиксі арқылы антоним болып тұр. Мұндай сөздердің барлығын антонимді аффикстер арқылы жасалған сөздер деп атауымызға да болады.
Антоним аффикстері лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді жұрнақтар тобына жатады. Себебі олар әр түрлі жұрнақтар арқылы жаңадан сөздер туғызып, өрбітіп отырады. Мұның өзі антоним аффикстерінің өріс аумағының кең екенін көрсетеді. Мысалы, Сендерде бірлік болмаса, Алалылықтан өлеміз. Қорлық көріп дұшпаннан, қан сорғалап кеудеден , жара болып өлеміз ("Манас").
Бір - біріне қарсы мәндес қолданылатын антонимді аффикстер қатарына: -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті, мен -сыз, -сіз арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама - қарсылығы антонимдік қарама - қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алады.
Антоним аффикстерін жасауда ең бай сөз табы - сын есім. Ал етістіктерден де, зат есімдерден де, үстеулерден де антоним аффикстері азды - көпті кездеседі, ал қалған сөз таптарынан өте сирек кездеседі.
Зат есімдерге тән антоним аффикстері туынды антоним жасауда қолданылады. Олар көбінесе -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -ыс, -іс, -с, -ық, -ік, -к, -ыш, -іш, -ш сияқты жұрнақтар болып табылады. Мысалы, Кеңшілікте жараспаған, Таршылықта бастырмайды маңайын. Сараң байдан сұрасаңыз ат майын, Бермес үшін айта берер жоқ жайын ("Шешендік сөздер"). Өкініш өкпе қысты, Өртенді өзек, ызаға жан жәбірі шыдай алмай (З.Қалауов). Жүзі нұрланып, кеудесін қуаныш кернеп толықсыған Гүлжан қардай ажауған сұрақтарға жауап беруден шаршамады (З.Шашкин).
Сын есімдерден болған антонимдер туынды түбір қалпында кездеседі. Олардың қолданыс аясы өте кең. Сол сияқты сын есімнің –ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы антонимдер жасалады. Мысалы, Мен білетін жолдардың ішіне қарай батыңқы болушы еді, мынау жол үстіне қарай шығыңқы (С.Мұқанов).
Тіліміздегі біршама осылар секілді сөздер антоним аффикстері арқылы қарама – қарсылық жұп құрайды.
Тілімізде лексикалық антонимдермен қатар стильдік немесе контекстік антонимдер жасайтын аффикстер кездеседі. Олар жарыса, қатар қолданылып, антоним жасамаса да, белгілі бір контексте қолданысқа түседі. Мысалы, Үй отырып салбырап, Түзге шықса албырап. Кісіні көрсе қылжыңдап, Қалжыңшылсып ыржыңдап (Абай). Осы сөйлемдегі -ап антоним аффиксі болып тұр. Бір жағынан алып қарасақ сөйлемнің бірыңғай мүшесі қызметін атқаруға антоним аффикстерінің де міндеті басым деп айтуға болады.
Антоним болу үшін тек мағыналарының қарама қарсы болғаны жеткіліксіз, сонымен қатар, олардың түбірлері де әр түрлі болу керек. Мысалы, ық аффиксі арқылы жасалған ашық жабық сөзі, етістіктен сын есім болып тұр; у аффиксі қарама қарсы антонимдік жұп құрай алады. Оған мысал, сөйлеу үндемеу, жану сөну сөзі, етістіктен етістік туындатып тұр. Осы бір қасиетіне байланысты болса керек, антонимдер әсіресе, мақал - мәтелдерде жиі кездеседі. Мысалы: 1. Қорлық өмірден, ерлік өлім артық. 2. Көп ақымақтың ағасы болғанша, Бір ақылдының інісі бол.
Қолдану орнын бұзып, керісінше айтылған сөздің бәрі кекесін мән тудырады. Мәселен, ұшқалақ адамды сабырлы десек, қорқақ адамды батыр десек, қортық адамды бойшаң десек, жуан адамды талдырмаш, жіңішке десек, мазақтау немесе әзілдеу болып шығады. Әзіл, күлкі сөздің тура, дәл мағынасынан тумайды, сөзді астарлап, керісінше ауйтудан пайда болады. Қазақтың «бұралқы сөз күлуге жақсы» деген мақалы әзілдесіп сөйлесуді соншалықты ұнатып, сүйе білгендігін көрсетеді. Қазақтың ауыз қалжынында сөзді бұрап, астарлап айту амалдары соншама мол. Сол арқылы ұлттық сөйлеу мәнерін тудырған. Синонимдердің стильдік мәні әр халықтың өзінндік сөйлеу ерекшелігінен туады. Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған мырза! (К.Оразалин).бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр.
Сын есімге тән аффикстер арқылы жасалған антонимдердің мынадай түрлері бар: туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді-жалқау, қатты-ақырын, орнықты-шалғай, олақ-іскер, оңқай-солақай, сүйкімді-жексұрын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабан т.б.
Қазақ тілінде мағынадағы туынды антонимдер көбінесе –лы,-лі, -ды,-ді, -ты,-ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал жағымсыз мағыналары сыңарларын –сыз, -сіз жұрнақтары жасайды. Мысалы:
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет