3.4 Нәтижелерді талқылау
Көптеген мұғалімдер оқушылармен белсенді қарым-қатынасқа ашық бола бастады, балалармен жұмыс істеуде жаңа интерактивті әдістерді белсенді қолдана бастады. Жалпы гипотеза дәлелденіп, балалардың жаратылыстану, экология, биология пәндеріне деген қызығушылықтары шынымен байқалады. Алайда жобаға қатысы жоқ кедергілер бар, бұл осы пәндерді меңгеруде қиындықтар туғызады. Олардың ішінде: тақырыптардың сәйкес келмеуі, материалдың күрделілігінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі, практикалық жұмыстардың болмауы. Жоба шынымен де қажетті алғышарттарды жасап, мектеп базасында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жылыжай шаруашылығын пайдаланудың жарқын мысалы болды. Соңғы мәлімет бойынша, 1 қыркүйектен бастап «еңбекке баулу» пәнін енгізіп, мектеп жылыжайларын орнату жоспарлануда.
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, біз зерттеу жұмыстарын жасау барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік:
1. Биoлогия сабaқ барысында зертханалық және сарамандық жұмыс жасау оқушылардың өз бетімен жұмысты жасауларына, зерттеу жұмысын жасаған кезде оның тек қана сарамандық маңызын түсініп қана қоймай, алған білімдерін өмірде де қолдана алады.
2. Болат Өтемұратов қорының қолдауымен «жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы 10 модульдан тұратын әдістемелік кітап жарыққа шықты. Жобаға қатысқан 16 мектептерде сабақ барысында, факультативтік сабақтарда қолданылды.
3. Оқушылар жылыжайда жұмыс істеу барысында көкөністерді егу, оларды баптау, жемісін алуды үйренді.
4. Жоба барысында мектептерде ғылыми жобаларға қатысып, орындар алды. Келесі жылға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына 16 мектептердің әрқайсысынан 1-3 ғылыми жобаларын ұсынылды.
Биологияның сабағында әртүрлі әдістерді қолдану арқылы, балалардың жоспарлай білу қабілеті, табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді түсінуіне көмектеседі. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуы танымдық, ойлау қабілеттерін дамытуға керек. Биологияның адам өмірінде маңызы зор. Осы саладағы барлық зерттеулер өмірде қолданылатын құбылыстар. Адам организмінің өмірінің өзі осы пәнмен тығыз байланысты. Жасушасынан бастап, маңызды құбылыстардың өзін зерттеумен айналысады.
Келесі талаптарды орындаған кезде ғана дағдалылары қалыптасады:
- Тәжірибе жасау барысында көрнекі көрсетіп жатқан кезде, ауызша да түсіндіріп отыру;
- Зерттеу жасау барысында жасап жатқан зерттеуінің мәнін түсіне білуі;
- Жіберген қателіктерін жөндей білген кезде;
- Мұғалімнің тарапынан бақылаудың болып және бағыт бағдар беріп отырған кезде. Мысалға келтірер болсақ, №172 мектепте «Жасыл Алматы» аудандық байқауына қатысып 3 орын иегері болды.
Қазіргі кезде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тугжанов 1 қыркүйектен бастап мектептерге жаңа пән енгізілуі мүмкін деп айтқан еді. Бұл жоба барысында барлық мектептерде жылыжай ашылуы мүмкін. Осы жоба барысында оқушыларды 1 сыныптан бастап еңбекке баулуға үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |