Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Білім беру жүйесі бүкіл әлемдік деңгейде маңызы бар мәселе болып саналады. Осы мақсатта Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі қалыптаса бастады. Бұл үрдіс теория мен практиканы үйлестіріп, оқу-тәрбие үрдісінде өзгерістер енгізу білім беру қызметіне жаңа көзқараспен қарауды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып талдауды, оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамытуды, мұғалім жұмысының іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті деп айтқандай, саналы ұрпақ тәрбиелеу қоғам алдындағы басты мақсат. Сапалы білім беру тек жетістікке жету ғана емес, сонымен бірге елімізді экономикалық жағынан дамыту болып саналады [6]. Кейінгі ұрпақ тәуелсіз мемлекетіміздің туын әрқашанда биік ұстауы керек. Ұлы Абай атамыз айтқандай масылдық, еріншектік ешқашанда қоғамға жақсылық алып келмейді. Сол себепті еліміздің болашағы – жас ұрпақ. Ата-бабалар аманат етіп қалдырған жерімізді сақтау, оны көркейту жас ұрпаққа қойылатын мақсат. Біз көптеген өзгерістерге, жаңа талаптарға әрқашанда дайын болуымыз керек. Жастар тек білім алып қана қоймай, еңбекке талпыну қажет. Оқушыларға белгілі талап қойып, олардың қабілеттерін ашу, оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру басты міндет. Білім алушыларды өз ойларын нақты жеткізе білуге үйретіп, тек сабақ барысында ғана емес сабақтан тыс жұмыстар (үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б.) барысында еркін сөйлей білуге үйретуіміз қажет. Бұл кезеңде ұстаз басты рөлді орындайды. Ұстаз тек баға қоюмен ғана шектелмей, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, оқуға деген қызығушылығын дамытуға септігін тигізуі қажет. Ұстазсыз адам болмайды. Әрбір бала мұғалімнен білім алады. Әрбір балаға жол көрсететін де ұстаз. Ал оқушының білімі – мұғалімнің білімділігінің және біліктілігінің, талантының көрінісі, нарықтық заңдылыққа сүйенсек, кез келген заттың сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы керек. Сондықтан мұғалім берген білімді оның өзі емес, басқа адамдардың бағалауы қажет.
Қазіргі кезде мұғалімнің басты міндеті – білім беруде жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың қабілетін, қызығушылықтарын оятып ғана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру. Сонымен бірге ізденушілік құзыреттілігін, өз бетінше шешім қабылдай алуға бейімдеу. Оқушылардың алған білімді түсінуі олардың шығармашылық ойлау қабілетінің дамуының белгісі ретінде болады. М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер: «білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуден, эксперименттік есептерді шығарудан көрінеді», - деп айтқан еді. Осы мақсатта, эксперименттік есептерді оқушылар шығару арқылы ғана олардың білімдері нақтылана түседі деп айтып отыр [7, 8]. Биологияны оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірнеше жолдарын ғалымдар атап көрсеткен болатын. Оның ішінде эксперименттік есептер шығаруды және зертханалық жұмыс жасау түрлерін атап көрсетуімізге болады [9-19]. Көзбен көру арқылы, қолмен жасау арқылы баланың ақыл-ойын дамытуымызға болады. Осы негізде білім алушылардың есептерді шығара алуына алғашқы білімінің болуы керек екен көрсетеді (С. Ишмухамедова, М. Жадрина, Д.М. Кирюшкин, Ж. Кобдикова және т.б.). Бірақта оқушылардың биологиядан білімінің артуы есептер шығару немесе эксперименттік жұмыстар жасау арқылы дамитыны туралы зерттелмеген [20-28].
Зерттеу жұмыстың маңызы биологиядан зерттеу жұмысын жасау арқылы оқушының қызығушылын ояту, сонымен бірге ізденушілік қабілетін дамыту. Ғылыми – әдістемелік әдебиетте (П.Н. Жуков, А.Бекқожина, Ғ.К. Еркебаева, Ж.А. Қараев және т.б.) қарастырылғандай зерттеу жұмысының маңызы білім алушылардың танымдық белсенділіктерінің айнасы ретінде көрсетіледі. Ғалымдар бұның астында көптеген біліктердің (танымдық, жобалау-ұйымдастырушылық, тасымалдаушы-коммуникативті, рефлексті-бағалау) жүйесі бар екенін көрсетеді [29-36].
Көптеген зерттеушілер оқушылардың танымдық қабілетінің артуы үшін білім берудің бірнеше сатысынан өтуі керек екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |