Диссертация тақырыбы: «Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау барысындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу» 7М01504 «Биология»



бет5/10
Дата22.05.2023
өлшемі1.91 Mb.
#474082
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Назерке Әбдуәли-ОБР.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды:


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 27.07.2007 ж. №319-III
– Астана, 2007. http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы
Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауы 01.09.2020
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты 31.10.2018 ж. №604. – Астана, 2018
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартының 4-қосымшасына сәйкес жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 31.10.2018
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 27.12.2019 ж. №988 – Нұр-Сұлтан, 2019


АНЫҚТАМАЛАР

Берілген диссертацияда келесі терминдерге сай анықтамалар қолданылды:


Психофизиология–  психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы.
Стресс -  қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.
Вегетативті жүйке жүйесібарлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Фрустрация – (лат. frustratio – алдау, бос күту) – қажеттіліктерді, тілектерді қанағаттандыра алмаудан туындайтын психикалық күй. 
Агрессивтілікадамның басқа адамдарға, жануарларға және қоршаған өмірге қатынасында өшпенділік жағдайында көрінетін мінездің ерекшеліктері
Мазасыздық - бұл нақты немесе қабылданған қауіп-қатерді қабылдаған кезде пайда болатын және біз мұны істеу керек деген кішкене белгіге тез әрекет етуге бейім болатын психологиялық және физиологиялық процестердің жиынтығы.
Ригидтілік – адамның ойлауы мен реакцияларының тежелушілігі мен баяулығы. Когнитивті ригидтілік адамдардың басындағы ақпаратты жаңа информациямен алмастыра алмауын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет