Психосоматикалық ауытқулар – адам организмінің стресті қабылдау реакциясының әсерінен асқынатын аурудың бастапқы белгілері. Ол әр түрлі болуы мүмкін: мойын ауруы, бас немесе асқазан, бас айналу, құсу, әлсіздік.
Психоэмоционалды күйзеліс– бұл пассивтілікпен, баяу ойлаумен, тежелумен, үмітсіздікпен сипатталатын психоэмоционалды жағдай.
КІРІСПЕ
Білімді бағалау кезеңдері, тіпті үздік оқушылар үшін де белгілі бір күйзеліс тудырады. Демек, оқушы мектеп қабырғасында жүріп, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге байланысты өмірінің кәсіби саласына деген жауапкершілікті сезіне бастайды. Ұлттық бірыңғай тестілеу – Қазақстан Республикасында қолданылатын түлектердің білімін бағалау жүйесі. ҰБТ нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері ретінде, ал колледждер, жоғары оқу орындары түсу емтихандарының нәтижелері ретінде таниды. Жеке алаңдаушылықтан басқа, оқушыларға ата-аналар тарапынан да, мектеп тарапынан да қосымша талаптар қойылады және олар балаларға қатты психологиялық әсер етеді, әлі толық жетілмеген балалар психикасы ауыр қысымға ұшырайды, бұл оқушылардың стресстік жағдайына әкеледі. Емтихандарды тапсыру оқушылар арасында психологиялық жайсыздықты тудырады, тіпті ағзаның физиологиялық бұзылуымен бірге жүреді. Стресс дененің күйі ретінде ішкі ортаның гомеостаздық тұрақтылығының бұзылуымен, сондай-ақ жалпы ағзаның жүйке жүйесінің өзгеруімен сипатталады. Теріс эмоционалды жағдайдың субъективті тәжірибесі көбінесе психикалық және соматикалық аурулардың дамуында көрінуі мүмкін стресстік реакциялармен бірге жүреді. Стресс пен шамадан тыс жүктеме салдарынан адам популяциясында психикалық бұзылулардың таралуы артып келеді. Жүйке жүйесі аурулары мен депрессия қазіргі таңда әлемде жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орынды иеленді.
Осылайша, ҰБТ кезінде 11-сынып оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерін зерделеу және бағалау нәтижесінде алынған мәліметтерді ескере отырып, мектеп мұғалімдеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті әдістемелік нұсқаулар әзірленетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |