Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі



бет5/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жалғыз қимыл жылдамдығы. Жалғыз қимыл жылдамдығы (семсерлесудегі түйреу, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтыру т.б.) спорт ойындарында, жеке сайыста жергілікті жаттығулар бұлшық ет жұмысы кезінде пайда болады және қозғалыс реакциясы шапшандығымен қатар тәрбиеленеді.
Жалғыз қимыл жылдамдығын тәрбиелеу үшін әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған шапшаңдықпен орындалатын жергілікті жаттығулар (еңкею, сермеу, секіру, түйреу т.с.с.) қолданылады. Бұл жаттығулар, жалпы дамытатын жаттығулар комплексіне кіргізіліп, сабақтың кіріспе бөлімінде орындалады.
Қимыл жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі, жылдамдығы пайда болады (мысалы, 10 секөнтте орында тұрып жүгірудегі өте көп қадам саны). Қимыл жылдамдығыцн тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшаңдықта орындауға болатын жаттығулар пайдаланылады (мысалы, 10 секөнт бойы жүгіру). Бұл жағдайда шапшаңдығыңды дамыту үшін, аз қашықтықта қатты (шапшаңдық қашықтықтың аяғына дейін бәсеңдемеу керек) жүгіру қажет.
Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайға түскен кезде беріледі. Қимыл жиілігін дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық мүмкіншіліктерінің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекте жылдамдық жаттығуларын көп рет қайталау «шапшаңдық кедергісін» тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкігшіліктерінің өсуіне бөгеу болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін арнайы (мысалы, таудан еңіске жүгіру, бір нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядтарды лақтыру т.б.) жылдамдық қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдық мүмкігшіліктерінің дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда – 11-12 жас, жасөспірім ұл балаларда – 12-13 жас. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтан да оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Мысалы, эстафеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, оны қағып алу жаттығулары т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын көп жасатудың маңызы зор. Мәселен, секіру, көп ретте жоғары секіру, үдемелі жаттығулар, қысқа қашықтыққа қатты жүгіру (30-60 м) жаттығулары т.с.с.
Жоғары сынып оқушыларына мұндай жаттығулар күрделіленеді. Өз жылдамдығын,күш жылдамдығын және төзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны (100-200) көбейеді. Спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады.
Балаларға жылдамдық жаттығуларын, бұлшық ет босаңситын жаттығулармен араластыра орындату керек (жорғалай жүру, аяқты, қолды сілку т.б.). Жаттықтырушы өзінің практикалық жұмысында жылдамдық мүмкігшілігі қысқа қашықтыққа жүгіруді ғана емес, жылдамдық күші қасиетінің даму деңгейі де байланысты екенін ескеруге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет