Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет4/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: 1. Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы. 2. Жалғыз қимыл жылдамдығы. 3. Қимыл жиілігі.
Қарапайым жауап дегеніміз алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (мысалы, старттық тапаншаның атылуына жауап). қарапайым көру – қозғалыс жауабының ұзақтығы спортшылырда орташа 0,10-0,20 секөнтте, спортпен жаттықпайтыңдара 0,15-0,25 секөнттен көбірек уақытта болады. Берілген дыбысқа жауап, спортшыларда 0,05-16 секөнтке дейін, жай адамдарда 0,20-0,35 секөнттен көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кең тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі (кенеттен болған дабылға көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну реакциясы). Мысалы, төменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс өзгеруі, жүріп келе жатып кілт тоқтау т.б. Ойын әдісі (әр түрлі қимылдағы оындар, баскетбол, стол теннисі т.б.). Жарыстық әдіс (көшігіп, жарыстан шығып қалу т.б.).
Екінші кезенде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады, ол жылдам және аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол мындай болып байқалады: спортшы жаттықтырушының уақытқа жауабы туралы хабарын ала отырып старттық дабылды өте тез сезінуге тырысады. Сонан соң келесі жаттығу сериясында ол сезіну шапшандығын өзі бағалайды, жаттықтырушы бұдан соң уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жатығушыға алдын ала келісілген шапшандық сезіну тапсырмасы беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруына көмектеседі.
Күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы дегеніміз – белгісіз қоздырғышты сезіну, көру, жауап қайтару уақыты.
Күрделі қозғалыс жауабы көбінесе спорт ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Мұнда қозғалып келе жатқан объектіні (доп, қарсылас, семсер) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен, бір дұрыс әрекетті тауып, тез қолдану міндеті тұрады. Мысалы, доп соғылғанда қақпашының алдында төрт міндет туралы: допты көру, бағытын және ұшу жылдамдығын бағалау, әрекет жоспарын құру, оны орындауға кірісу. Күрделі қозғалыс уақыты қарапайымға қарағанда ұзағырақ 0,25-0,80 секөнтке созылады. Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіру үшін берілетін жаттығулар біртіндеп қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста соғу жылдамдығын арттыру, футболда ойын алаңының көлемін кішірейту, жеке сайыста қашықтықты азайту, жазу блоктары бар тренажерлық қондырғыларды пайдалану т.б.). Күрделі қозғалыс жауабын жетілдіруге ойын және жарыс әдістері қолданылады.
Негізгі қолданылатын – қозғалу әдісі. Кенегтен пайда болатын дыбысты сезіну, басында бір (бокстегі оң қолмен соғатын соққы) сонан соң екі, үш, төрт және с.с. серия соққылармен жауап қайтару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет