4
1.1.
1 бӛлім
Арнайы циклдің ӛзге пәндеріндегі кейбір тақырыптар берілген
пәнмен
қиылысатындықтан,
ӛзара
байланысты
пәндердің
оқытушыларымен және ӛндірістік пәнаралық қарым-қатынас тәсілдері
мен мазмұнын оқыту шеберлерімен үйлесе жұмыс істеу керек.
Оқу жылы басталар алдында оқушылардың материалды, әсіресе
металдарды білу деңгейін анықтау үшін пән бойынша кіріспе бақылау
жұмысын ӛткізу қажет. Болашақта бұл оқытушыға сабақтарға
дайындалу кезінде, тақырыптарды меңгеруге кететін уақытты
жоспарлау барысында кӛмектеседі. Кіріспе бақылау жұмысының
сұрақтарын оқытушы ӛзінің ұстаздық тәжірибесіне сүйене отырып
құрастырады немесе тәжірибесі кӛбірек оқытушылар бұрын жасаған
және пәндік (циклдік) комиссия тӛрағасында сақталатын дайын тесттер
мен сұрақтарды қолдана алады. Тест үлгілері 1-қосымшада
кӛрсетілген.
«МАТЕРИАЛТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ
Пән бойынша жұмыс бағдарламасын әзірлеу оқу жоспарын,
болашақ мамандардың кәсіби сипаттамасын, бұрын әзірленген типтік
бағдарламаларды мұқият зерделеуден басталады. Кәсіптік білім
берудің мемлекеттік стандарты бағдарламаны дайындау барысындағы
негізгі құжат болып табылады. Дегенмен, типтік бағдарламалар
әрқашан қолда бар болмайды және оқытушыға бүкіл оқу жылы бойы
жұмыс істейтін авторлық бағдарлама жасап шығаруға тура келеді.
Әрбір оқу орны оқушылармен жұмыс істегенде келесі екі факторға
негізделетінін ұмытпаған жӛн: кабинеттер мен оқу шеберханаларында
материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілуі мен олардың
жағдайы және оқытушының жеке тұлғасы. Оқытушының жеке
қасиеттері мен оның жұмысқа деген қарым-қатынасына байланысты ол
оқытатын пәнге деген қарым-қатынас пайда болатыны белгілі:
оқушылар пәнді оқуға талпынады, оқытушы айналасында қызыққан
оқушылар тобы құралады. Қызыққан оқушылардан олардың тек пәнді
меңгеруін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми-зерттеу
жұмыспен айналысуға мүмкіндік беретін пәндік үйірме құрылады.
Бірақ сабақтан тыс үйірме ұйымдастыру және оны тек арнайы
іріктеліп алынған оқушыларға жүргізу ӛзгелерді оқу үрдісінен,
аулақтатады. Сондықтан, сабақта оқушыларға пәнді түсінуге бірдей
мүмкіндік беру керек.
Оқыту бағдарламасы осындай жағдайды қамтамасыз ету құралы
болып табылады. Бұл оқытушының негізгі жұмыс құжаты, бірақ
догмасы емес. Сондай-ақ, бағдарлама мазмұны жылдан жылға
түзетіліп, жетілдіріліп, қайта жӛнделуі мүмкін. Ӛйткені кез келген
5
1.2.
бағдарлама оқытушының шығармашылығын талап етеді және оқу мен
материалдық базаның жағдайына, зертханалардың жабдықталуына,
ӛндірістік айналаға және т.б. жағдайларға байланысты ӛз бетімен
шешуге тура келетін сұрақтар туындайды.
Оқу бағдарламасын түзетудің екі нұсқасы бар. Біріншісі зерттеу
жұмыстарына
байланысты
болып
келеді
және
зертхананың
бағдарламаның белгілі бір бағыты бойынша қажет жабдықтармен
қамтамасыз
етілмеуін
қамтиды
(мысалы,
үлгілердің
үзілуіне
статикалық сынақтар бойынша). Бұл жағдайда оқытушы бағдарламада
кӛрсетілген ӛзге зертханалық жұмыстарға жұмсалатын сағат санын
кӛбейте алады (мысалы, материалдың соққы тұтқырлығын зерттеу).
Алайда білім мазмұнының міндетті стандарт талаптарын сақтау үшін
оқушылар бәрібір берілген тақырып бойынша барынша мол теориялық
білім алу керек. Мұндай жағдайда «теориялық» зертханалық жұмыс
әдісін қолдануға болады, яғни бұрын алынған бастапқы деректерді
беріп, қалған параметрлерді берілген формулалар бойынша табуды
тапсыруға болады.
Жетілдіру мен түзетудің екінші нұсқасы жергілікті жағдайларды да
есепке алады, бірақ оқушылардың болашақ мамандықтарын, сондай-ақ
оларға ӛндірістік тәжірибе ӛтіп, кейін маман ретінде жұмыс істеуге
тура келетін ӛндіріс сипаттамасын да ескереді.
Оқу орны аспаптар жасау кәсіпорнына кең бейінді білдекшілерді
дайындаумен айналысады деп ұйғарайық. Бағдарлама талаптары мен
ӛндіріс ерекшеліктерін бірлестіру мүмкін бе? Авторлық бағдарлама
бұған жағымды жауап береді. Алайда авторлық нұсқа құқықтық
қызметке ие болу үшін бірнеше шарттарға сәйкес келу керек:
■
негізгі бағдарламаның барлық оқу тақырыптары сақталу керек.
Оқытушы тек әрбір тақырыпқа бӛлінетін сағат санын ӛз білгенінше
ӛзгерте алады;
■
егер бағдарламаның қандай да бір тақырыбын тәжірибе жүзінде
істеу мүмкіндігі болмаса (оқу шеберханасы жағдайларында
материалдарды ӛңдеу тәсілдері), онда оны ӛзге, шеберханалардың
оқу базасы ӛткізуге мүмкіндік беретін тақырыпқа ауыстыруға
болады;
■
кез келген түзетілген бағдарлама пәндік (циклдік) комиссияның
мәжілісінде қарастырылып, қабылдану керек және әдістемелік
орталықтың бекітуіне ұсынылуы қажет. Бағдарлама қарастырылып,
бекітілгеннен кейін пәнді оқыту практикада қолданыла алады.
Егер бағдарлама әзірленіп жатса, оның мазмұны мен құрылымы
талданып, ал қосылған тақырыптар автормен дәйектену керек.
Бағдарламаға тақырыптық жоспар тіркеледі, ол бойынша ашық
сабақтар ӛткізіледі. Егер бұл апробацияны қажет ететін эксперименттік
бағдарлама болса, онда әріптестер мен тәуелсіз сарапшылардың пікірін
білу аса қажет екенін есте сақтаған жӛн. Олар жоспарланған мақсаттар
мен міндеттердің жетістігін әділ әрі сенімді түрде растайды.
6
Ең қызықты әрі табысты тәжірибелі әзірлемелердің кӛпшілікке
әйгіленіп, таратылуға, таралымға шығарылуға құқығы болу керек. Кейде
жас оқытушы, ӛзінің пәнін қызықты жасағысы келіп, сабақты қалай
дұрыс ұйымдастырарын білмейді. Мұндай жағдайда әріп-тестердің
авторлық әзірлемелеріне жүгінген дұрыс.
Авторлық бағдарлама мәтінінің рәсімделуі бірқатар талаптарға сай
болу керек. Соның ішінде, сағаттары бойынша оқу жоспарына сәйкес
келетін тақырыптық жоспардың жасалуынан басқа, ондағы мәліметтер
нақты бӛліну керек: әрбір тақырып бойынша оқушыларға айтылатын
теориялық мәліметтер, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар
кӛрсетіледі.
Сондай-ақ дидактикалық материалдарды, қолданылған әдебиетті
(негізгі және қосымша) кӛрсету қажет. Бағдарлама бойынша түсіндірме
жазбада қол жеткізілетін мақсаттар мен міндеттер, құрастырудың
ерекшеліктері айқындалып, оның айрықша ерекшеліктері кӛрсетілу
керек.
Негізгі бетте берілген жұмыс құжаты кіммен бекітілгендігі
белгілену керек. Осы жерде автордың тегі, сондай-ақ бағдарламаның
қабылданып,
пайдалануға
ұсынылуына
қорытынды
жасаған
рецензенттердің тектері де жазылады.
Бірақ авторлық бағдарламада ескерілуі қажет ең негізгі тұсы – ол
мазмұнының минимумға және бастауыш кәсіптік білім бағдарламасы
бойынша түлектерді дайындау деңгейінің талаптарына сай болуы.
Авторлық бағдарламалар бойынша табысты тәжірибелер молая
алады. Мұндай шығармашылық педагогикалық қызмет жоғарырақ
тарифтік разрядқа жағымды аттестатталудың негізі болып табылады.
Пән бойынша жұмыс бағдарламасын әзірлеудің негізгі кезеңдерін
қарастырайық:
■
оқу жоспарын зерттеу. Мұнда топтардағы пәнді оқуға бӛлінген сағат
санына назар аудару қажет. Мысалы, токарлар тобында - 55 сағ.,
слесарь-жӛндеушілер тобында – 40 сағ. және т.б. Жоспарда
кӛрсетілген мәліметтер бойынша тек бағдарлама ғана емес, сонымен
қатар күнтізбелік-тақырыптық жоспар да әзірлеу керек болады;
■
келтірілген мамандықтардың кәсіптік сипаттамасын зерттеу және
талдау. Стандарттың болашақ түлектерге қоятын талаптарын, олар
не біліп, жасай алу керек екендігін ескерген жӛн. Мысалы,
токарларға металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеттерін
білу маңызды, ӛйткені олардың қасиеттері кесіп ӛңдеумен тікелей
байланысты, ал слесарь-құрастырушылар үшін бұл қасиеттер аса
маңызды рӛл ойнамайды, себебі олар тек бұйымдарды жинаумен
және қиюластыратын жұмыстармен айналысады.
■
ӛңдеу мен құрастыру кезінде жиі кездесетін материалдармен танысу
үшін оқушылардың ӛндірістік оқыту мен ӛндірістік тәжірибе ӛтетін
кәсіпорынның технологиялық үдерістерін оқып білгені жӛн;
7
■
егер жыл бойы оқуға тура келетін бӛлімдер мен тақырыптар
кӛрсетілген типтік бағдарлама бар болса, біраз оңайырақ жұмыс
бағдарламасын
құрастыру.
Мұндай
бағдарлама
болмағанда
қиынырақ болады – авторлық бағдарлама әзірлеуге тура келеді. Бұл
кезде берілген оқу орнында мамандарды дайындау барысында
қолданылатын негізгі және қосымша әдебиет, сондай-ақ пәнді
зерттеуге жұмсалатын сағат саны кӛрсетілген, мамандыққа арналған
стандарт кӛмекке келеді. Бағдарламаны әзірлеу барысында тек
федералдық емес, сонымен қатар аймақтық компоненттерді де
ескерген жӛн. Бұдан басқа, егер тапсырыс беруші кәсіпорын болса,
олардың да ӛндірістік ерекшеліктерін есепке алу керек;
■
әрбір бағдарлама эксперименттік тексеруді қажет етеді, сондықтан
оқытушы белгілі бір уақыт ішінде оны тексеріп, жақсы жақтары
мен кемшіліктерін талдап, қажеттілік болған жағдайда түзетулер
енгізуі керек;
■
ағдарлама дайын болғаннан кейін, ол оқу орнының ішінде де,
сыртында
да
рецензиялауға
жіберіледі,
ӛйткені
сыртқы
рецензиялаудан кейін ӛзге оқу орындарында да қабылдануы мүмкін.
Одан кейін бағдарлама пәндік (циклдік) комиссияның жиналысында
қарастырылып, оқу орнының барлық лауазымды тұлғаларымен
бекітілуі керек.
Бағдарламаның үлгі нұсқасымен 2-қосымшада танысуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |