Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет31/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Зейін (memoria). Таңдалған және жазылған сөз сомдау 
материалдарының алдында оны есте сақтап алу қажет. «Зейін 
дегеніміз - сөздерді ойға мықтылап бекіту», - деп 1620 жылдың 
«Риторикасында» оқимыз. Бірақ бұл зейінге бекітуді қалай жасауға 
болады? Жеке қабілеттер және жеке әдістермен бірге болашақ сөз 
сөйлеуге дайындықтың әмбебап әдістері де бар. Жад мәселесі - 
негізінен, сөз материалдарын үйде өңдеп дайындау мәселесі. 
Неғұрлым ритор (әрбір сөйлеуші) келешекте сөйлейтін сөз мәтінін 
ойластырып толықтырса, соғұрлым оның жад қоржыны бай болады. 
Ол сол әртүрлі тәсілдерді әркелкі нысанда пайдаланады:
- жазылған тексті іштей немесе дауыстап жаттау, оны қайталау 
арқылы («жатқа білу» сансыз қайталау арқылы есте сақтаудан тексті 
ойлана отырып еске түсіру, мағынасын оймен бірнеше рет айта 
отырудан айыра білу қажет );
- бірнеше рет мәтіннің жазылуы, редакциялануы, кейін еріксіз 
түрде ойда және ауызша түрде де көріне бастайды;
- дайындаған мәтінді дауыстап оқу арқылы есте сақтауын 
тексеру;
- ешқандай тексті қолданбай сөйлеу, өз бетімен немесе біреудің 
алдында;
- мәтінді үнжазбаға жазу арқылы ойға сіңіріп немесе дауыстап 
айту және өз сөзіңді кейінірек саралау;
Екіншісі: 
Ауызша сөйлеу және дене қимылы (pronuntiatio). Қызыл тілдік 
шешені өзінің сөзін арада дауыстың шығуымен, ыммен және дене 
қимылымен жүзеге асырады. Бұл сөздің жүзеге асуындағы соңғы 
кезеңі, бірақ сөз қабылдау шешеннің сыртқы көрінісін сөзді айта 
білуін сынаудан басталады.


60
§ 7. Соттағы талқыламалы-
полемикалық сөз аясында 
қатысудың дербес жетілдіру 
дағдысы туралы әдістемелік 
нұсқаулар
«Сөздің мағынасы оны қалай айтқанына баланысты» (мақал). Ежелгі 
ұлы грек шешені Демосфен шешендік өнерде бастысы «оның айтылуында 
және дене қимылында» - деп айтқан.
Сөздің айтылуында бірнеше жағдайға көңіл аудару керек: 
шапшаңдық және серпін, қысқа үзіліс, дауыс ырғағы, дауыстың 
қаттылығы, дауыстың тембрі, логикалық екпін, артикуляция, дем. 
Шешеннің мәнері айтушының тұлғасы туралы түсінік береді. Адам тек 
тілдің көмегімен қана емес, сонымен қатар дененің көмегімен, яғни, қол, 
аяқ, қалып, ым және т.б. көмегімен «сөйлейді».
Жеке риторика
Жеке риторикада ауызша және жазбаша тілмен білдірілетін 
шығармашылықтың жеке түрлеріндегі, жанрларындағы сөздің ережелерін 
қарастырады. Н.Ф. Кошанский «Жеке риторика дегеніміз прозаның 
барлық түрінің оқу нұсқауы, ол әрбір шығарманың мазмұнының, 
мақсатын, ең ыңғайлы орнын, ең басты абзалдықтарын және басты 
кемшіліктерін түсіндіреді, сонымен бірге ең жақсы, өнегелі шығармаларды 
және ең маңызды жазушыларды көрсетеді».  
Заманауи риторика өзінің зерттелу саласына сөздің ең көп түрлері 
мен нысандарын енгізуі керек. Ю.В Рождественскийдің үлгісін 
пайдаланайық:
1) ауызша сөз:
а) жазбаға дейінгі жазбаша негізі жоқ сөз (тұрмыстық сөз, үн қату, 
фольклор);
б) жазбаша прототипі болуы мүмкін риторикалық сөз, яғни, жазбаша 
түрі бар ауызша сөз (саяси, соттық, эпидейктикалық, оқулық, насихаттық, 
уағыздаушылық);
в) репродуктивтік, яғни, жазба сөзді ауызшаға көшіру (диктор, 
театрлық);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет