Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


 Кәсіпкерлік және бизнес. Капиталдың ауыспалы айналымы



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

4. Кәсіпкерлік және бизнес. Капиталдың ауыспалы айналымы 
және айналымы. Негізгі және айналым капитал. Амортизация 
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің 
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге 
бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын 
көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, 
экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа 
байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі 
жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел 
буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен 
кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде 
тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске 
жетуге тікелей қатысты. 
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әртүрлі 
ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер 
және мемлекет бола алады. 
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез 
келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, 
кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Кәсіпкерлік пен бизнестің арасында қандай айырмашылық бар? 
2. Шығындардың әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері 
қандай? 
3. Табыс пен пайданың арасында қандай айырмашылық бар? 
4. Өндіріс 
факторлары нарықтарының игіліктер нарығынан 
айырмашылығы қандай? 
5. Жалақының түрлері мен нысандары қандай? 
7 тақырып. Нарық құрылымы. Жетілген және жетілмеген бәсеке
Талқылайтын сұрақтар: 
1. Бәсеке және монополия. Нарық құрылымының түрлері. 
2. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында өндіріс көлемін 
оңтайландыру. 
3. Монополияға қарсы реттеудің мәні мен әдістері. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет