16
6 тақырып. Фирма қызметінің экономикалық негіздері
Талқылайтын сұрақтар:
1. Өндіріс және оның факторлары.
2. Өндірістік шығындар және оның түрлері. Өндірістің бухгалтерлік
және экономикалық шығындары.
3. Тиімділік түсінігі. Фирманың табысы және пайдасы. Бухгалтерлік
және экономикалық пайда.
4. Кәсіпкерлік және бизнес. Капиталдың
ауыспалы айналымы және
айналымы. Негізгі және айналым капитал. Амортизация.
1. Өндіріс және оның факторлары
Өндіріс факторлары,
яғни еңбек, капитал, жер - сатып алу, сату
объектісі болып табылады, ал оларды сату мен сатып алу іске асырылатын
нарықтарды
ресурстар нарықтары деп атайды. Әрбір фактордан біз табыс
аламыз. Еңбектен-еңбекақы,
жерден-рента, капиталдан-пайыз, кәсіпкерлік
қабілеттен-пайда. Енді осы табыстарды қарастырайық.
Еңбек нарығы өндіріс факторлары нарығына жатады.
Нарықтық
экономикада өндіріс факторларын осы факторларды иеленушілер, яғни
үй
шаруашылықтары ұсынып отырады. Көпшілік отбасыларындағы
табыстың басты көзі -
еңбек. Жеке тұлға өзінің еңбегі үшін
еңбекақы
алады, яғни еңбекақы - жалдамалы жұмысшының
еңбегінің бағасы болады.
Жер рентасы - жекеменшіктен түсетін пайданың бір түрі,
жерге
капитал қолданғаны үшін жер иесіне төленетін ақы. Ғалымдар жер
рентасының екі түрін бөліп қарастырған, олар: абсолюттік рента (К.Маркс,
Ф. Энгельс) және дифференциалдық рента (оны А.Смит пен Д.Рикардо
зерттеген).
Жер ұсынысы икемсіз болғандықтан, жердің бағасын жекелеген жер
телімдеріне сұраныс деңгейімен анықтайды.
Осы айтылғандарды тұжырымдай отырып,
жер бағасының
формуласын былай жазамыз:
P
жер
=
,
мұндағы R - жылдық рента; r - несиелік пайыздың нарықтық
мөлшерлемесі.
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық
игіліктердің қоры,
ол сонымен қатар, материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап
айтқанда,
адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын
айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары,
ақшалай
капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі,
Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының
объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтама екі
түрлі болуы мүмкін.
17
Өндіріс факторлары нарығында
капитал деп олардың құндық
өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар
нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.
Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды
бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: