Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің 
қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс 
қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз 
капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына 
бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын 
жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді 
және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық 
жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық 
капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй 
шаруашылықтары бизнес материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз 
капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде 
табыс алады.
Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның
құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті 
капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға 
деген сұраныс келесі факторларға тәуелді: 

инвестицияның пайдалылығына,

экономиканың дамуына,

мемлекеттің сұранысына,

салым мерзіміне,

салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерлі болып бөлінеді.
Номиналды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, 
ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.
2. Өндірістік шығындар және оның түрлері.
Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары 
Өндіріс ресурстарын пайдалану нәтижесінде өнім өндіріліп, одан 
кейін оның сатылуы жүзеге асса, осы процестерде қолданылған өндіріс 
ресурстарының ақшалай көрінісі - шығындар деп аталады. 
Өндіріс шығындары - бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. 
Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер-
шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты 
шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп 
айқын түрге ие болады.


18 
Айқын шығындар ( бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан 
алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: 
жалдамалы жұмысшаларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен 
материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін 
төлемдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет