ҚР - Қазақстан Республикасы ЖОО - Жоғары оқу орны
ҚР МЖМББС – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
БДТІ - «бірлескен-диалогтік танымдық іс-әрекет» ЗІ – зерттеушілік іс-әрекет
КЕ- кешенді емтихан
МК – міндетті компонент ТК – таңдау компоненті
ТжКББ – техникалық және кәсіптік білім беру АҚШ – Америка Құрама Штаттары
КСРО – Кеңестік социалистік республикалар Одағы PhD – философия докторы
ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ҚазҰҚПУ – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті БТ- бақылaу тобы
ЭТ – эксперименттік топ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінде Қaзақстан әлемнің озық отыз елінің құрамына кіру стратегиясының жүзеге асырылуы және соған сәйкес әлемдік біртұтас білім беру кеңістігіне ену жағдайына байланысты жоғары оқу орындарында нарық талаптарына сай: өндіріс әлеміне еркін ене алатын, мәртебелі әрекет етуге негіз болатын білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ең бастысы тұлғалық сапалары дамыған бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа типін қалыптастыру міндеттеріне басымдылық беруде.
Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз алдымен сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп білім саласының алдына зор міндет жүктегендігі белгілі [1].
Сондай-ақ, «Кәсіптік білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлауға тиіспіз» - деген, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында білім беру ұйымдарында, болашақ мамандарды дайындаудағы басты басымдылықтың сапаға бағытталғандығы айқын аңғарылады [2].
Мұндай жоғары міндеттерді шешудің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы [3], ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы [4], Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы [5], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы [6], Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары [7] және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттар құрайды.
Қазіргі кезде жастарға жоғары кәсіби білімі бар екендігін дәлелдейтін құжаттың мамандық бойынша мәртебелі жұмыс орнын алуға кепілдік бермейтіндігі белгілі. Жас мамандардың еңбекке орналасуындағы қиындықтарының басты себебі көп жағдайда бәсекеге қабілеттіліктің төмендігінен болып жатады.
Тәуелсіз еліміздің нарық экономикасына көшуіне байланысты жұмыс берушілер «кәсібилік» терминінің орнына көбіне «бәсекеге қабілеттілік» ұғымын қолдана бастады. Өйткені еориялық дайындығы жоғары, ал практикалық дағдыларды еңбек ету барысында қалыптасуына бағытталған мамандар даярлаудың көпжылдық тәжірибесі бәсекеге қабілетті мамандарға деген мұқтаждыққа алып келді. Ал бәсекеге қабілетті маманды тек бәсекеге қабілетті педагог қана дайындай алатыны белгілі.
«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы – экономика саласына қатысты қолданыла отырып, негізінен өндірілетін тауарлардың сұранысқа ие болуын сипаттағанымен, қазіргі кезде өнеркәсіптік өнімнің құндылық және сапалық параметрлерін көрсететін жан-жақты ұғымға айналғанын көреміз. Бұл ретте, педагогикалық жоғары оқу орындарының басты өнімі, елдің ертеңгі күнгі үміті бала тәрбиесімен айналысатын болашақ педагогтар болғандықтан, олардың бәсекеге қабілеттілігі – білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мен нәтижеге
бағыттауда көрінетін, терең білімділігін, инновациялық әрекетке дайын болуы, педагогикалық шеберлігі мен ұтқырлығын көрсететін тұлғалық сапасын көрсетеді.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау - жалпы қоғамдық іс. Сондықтан, оған деген жауапкершілік те жоғары оқу орындары және маман даярлауға қатысы бар әлеуметтік институттар арасында бірдей болуы тиіс. Бұл ретте диалог, ынтымақтастық, ұжымдық қауымдастық идеяларын практикада қолдану арқылы болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін әлеуметтік серіктестік негізінде дамыту сияқты жаңа парадигмалық бағыттың туындауы заңдылық.
Педагогикалық лексиконда соңғы уақыттарда ғана қолданылып жүрген
«Әлеуметтік серіктестік» ұғымының астарында, білімді басты құндылық ретінде қабылдайтын азаматтық қоғамның ерекше «институты» түсінігі жатыр. Білім берудегі әлеуметтік серіктестік білімге қатысы бар әртүрлі әлеуметтік институттардың (жұмыс берушілер, еңбекпен қамту орындары, кәсіподақтар, мәдениет, спорт мекемелері, ата-аналар т.б.) өзара әрекеттестігін көрсетеді. Мұндай байланыс негізінде білім беру жүйесінің практикалық бағыттылыққа қарай өзгеруі орын алады.
Осы орайда, жоғарыда көрсетілген негіздерге сәйкес, ғылыми әдебиеттерге жүргізілген талдаулар қарастырғалы отырған мәселенің көпжақтылығын, алыс және жақын шетелдік, отандық: философия, психология, педагогика, әлеуметтану, экономика саласы ғалымдарының болашақ маман даярлау мәселелерінің әртүрлі астарларын бірнеше бағыттарда қарастырғанын көрсетті. Әлемдік білім беру жүйесінде өткен ғасырдың орта тұсынан басталған осы бағыттағы үдеріс нәтижесінде қазіргі кезде бұл мәселені көтеріп, оның түрлі қырларын терең зерттеуге қажетті ғылыми қор бар деп есептеуге болады.
Атап айтсақ,
мамандарды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне В.И.Андреев, П.Ф.Каптерев, Н.В.Кузьмина, Л.А.Кандыбович, М.Ә.Перленбетов, А.Қ.Қозыбай т.б;
болашақ педагог мамандарын даярлаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы мәселесінің әртүрлі аспектілері Н.Д. Хмель, А.А.Бейсенбаева, Н.Н.Хан, К.Ш.Ахияров, И.Е.Синица, М.С.Молдабекова, О.А.Абдуллина, Г.К.Нұрғалиева т.б.;
болашақ педагогтардың кәсіби, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру, табыстылық идеялары шет елдік, ресейлік, отандық ғалымдар: А.А.Ангеловский, Э.Ф.Зеер, Л.М.Митина, А.А.Власова, Е.В.Евполова, О.А.Любченко, В.Н.Мезинов, С.М.Кеңесбаев, А.К.Рысбаева, К.У.Кунакова, К.С.Құдайбергенева, М.А.Абсатова, М.К.Джандильдинов және т.б.;
болашақ мамандарды әлеуметтік серіктестік негізінде, дуальді оқыту жағдайында даярлау: Yusuf Budak, О.Oktam, В.Н.Якимец, И.A.Куликoвa, И.П.Смирнов, Н.В.Тюкалова, A.М.Paхимoвa, У.М.Әбдіғапбарова, З.A.Нaгaйбaевa, Х.С.Aймaмбетoвa, А.А.Бейсенова және т.б. еңбектерінде қарастырылады.
Соңғы жылдары елімізде дуальді оқыту жүйесі аясында мамандар даярлау
мәселесіне арналған біраз зерттеулер жүргізілгенін атап өтеміз. Олардың қатарына: Ж.О.Нұржанбаева, Ж.Е.Алшынбаева, А.А.Сманова, Р.А.Мамедовтың еңбектері жатады
Жоғарыда келтірілген ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мәселесінің арнайы зерттелмегендігін көрсетіп:
қоғамның бәсекеге қабілетті педагогтарға деген аса зәрулігі мен бұл түйткілді шешудегі әлеуметтік серіктес мекемелердің әлеуетін толық пайдалану мәселесі педагогика ғылымында жеткілікті қарастырылмауы арасындағы;
кәсібилігі жоғары педагогтар даярлау жалпы қоғамдық мәселе ретінде танылғанымен, бұл іске жұмыс беруші ұйымдарды тікелей араластырудың нақты дидактикалық тетіктерінің жасалмауы арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетті.
Көрсетілген қарама-қайшылықтар ғылыми ізденістің бағытын айқындап, жоғары педагогикалық оқу орнында бәсекеге қабілетті педагогтарды әлеуметтік серіктестік негізінде даярлауды нәтижелі етудің жолдарын қарастыру мәселесін туындатып, зерттеу тақырыбын: Әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту» деп таңдауға себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |