Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
саясаттану Толық ответ♥️

 


ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 3 
1. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саясаттанудың 
прагматикалық мәні. 
. Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын 
пайдаланады. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың 
кажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара 
тығыз байланыста екендігімен анықталынады. Ғылыми 
зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы 
саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне 
байланысты.Ол саяси білімдердің әр түрлі салаларын жалғастыратын 
көпір іспетті және ол олардың бәріне ортақ негіз — саяси шынайылықты 
тұтастық ретінде зерттейді.Осыған орай, саясаттану пәні саяси 
білімдердің барлық жүйесінің зерттеу нысанымен үйлесетіндіктен, оның 
қарастырып отырған заңдылықтары саяси білімдердің басқа салаларына 
қатынаста олардың жалпытеориялық негізі бола отырып, белгілі бір 
методологиялық рөл атқарады.Саясаттанудың алдында тұрған осы 
міндеттер жүйесі саясат методологиясы мен теориясы, саяси 
институттар мен саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін 
зерттеу тәрізді белгілі бір құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге 
мүмкіндік береді. Олар да өз кезегінде саясаттану әдістерінің 
әрқилылығын анықтайды. 
Саяси прагматизм - бұл саяси іс-әрекеттің сипаттамасы, алға қойылған 
мақсатқа жетудің негізгі критерийі және факторы (сирек кез-келген 
бағамен). Саяси прагматизмге қатыгездік, азғындыққа жат және заңсыз 
құралдарды сирек қолдану, моральдық мазмұнды елемеу, іс-әрекеттің 
ұзақ мерзімді салдары тән. Прагматизм тасымалдаушының теориялық 
тұжырымдамасы ретінде XIX ғасырдың 70-жылдарында. АҚШ-та (Пирс, 
Дьюи, Джеймс). Саяси прагматизм кейде саяси идеализмге қайшы 
келеді, бірақ саясаттағы «сөзбен айтқанда» идеализм практикалық 
қызметте жиі өткір прагматизммен үйлеседі. 
2.Саяси элиталар және саяси көшбасшылық. 
. Элита» терминін саяси ғылымға енгізген В. Парето болып табылады. 
Оның түсінігі бойынша элита - өздерінің ықпалы мен әлеуметтік және 
саяси қуаттылығына сәйкес “жоғары тапқа” ақсүйектердің санатына 
жататын топ. (этимология бойынша – «аристос»- ақ сүйектер, «кратос»- 
билік дегенді білдіреді). Саясаттануда элитаға берілетін сан-алуан 
анықтамалар белгілі, сонымен бірқатарда терминдердің мәнін өзгертіп 
құбылып кетуі де байқалады. Бірқатар саясаттанушылар элита деп тек 
саяси элитаны атаса, керісінше енді бір саясаттанушылар қоғам өмірінің 
алуан салаларының өкілдерін де элитаға жатқызады (экономика, ғылым, 
әскери сала және т.б.). 
Элита қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының рәмізі болып табылады. 
Қазіргі заманғы қоғамның элитарлығы қажет және ол даусыз. Қоағмның 
элитарлығының қажеттілігінің бір дәлелі ретінде саясаттанушылар 


халықтың басым бөлігінің саяси бейғамдылығын – бокүйезділігін, 
олардың басым бөлігінің өмірлік мүдделерінің саяси кеністіктен 
тысқары жатқандығында деп атап көрсетеді. Саяси биліктің көп қырлы, 
құпиясы мол, сынаптай сырғыған күрделі құбылыс екенін білеміз. Оның 
ішкі қатпарларына үңіле түсуде саяси элита мен саяси көшбасылық 
(лидерлік) ұғымдарының маңызы зор. “Элита” деген сөз француз тілінен 
аударғанда, “таңдаулы”, “тәуір”, “қаймақ” деген ұғымды білдіреді. Кез 
келген қоғамда билік тұтқасын уысында ұстап, сан-салалы 
маңызды мәселелерді шешуде ықпалы мол, айтқаны өтімді адамдар 
тобы болады. Оны – элита деп атайды. 
Саяси элитаның өмір сүруі мына факторларға байланысты: 
1. Адамдардың психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әртүрлігі, 
олардың саяси үрдістерге қатысудағы қабілеттерінің, мүмкіндіктерінің 
және ұмтылыстарының тең еместігі; 
2. Еңбек бөлу заңы – басқару ісіне арнайы кәсіби дайындықты талап 
етеді; 
3. Басқару қызметі қоғамда жоғары мәртебеге ие; 
4. Басқару тетігін ұстаған адамдардың мүмкіндігінің кеңдігі, ықпалының 
пәрменділігі және олардың түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерді 
пайдалана алатындығы; 
5. Саяси басшылықты үнемі және толық бақылап отырудың мүмкін 
еместігі; 
6.Бұқара қауымның саяси ынтасының төмендігі, белсенділігіінің 
пәсеңдігі. 
2. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы. 
. Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар 
мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада — бүкіл қоғамның 
құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. 
Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың 
арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар — 
әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар. 
Тар мағынада — әлеуметтік-таптық құрылым, олардың арасында түрлі 
қабаттар мен қатынастар тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік 
топтар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін 
қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі 
іс- әрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі 
жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - 
ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады. 
К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып 
табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың 
өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді. Әлеуметтік 
стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік 
теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын 
теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік 
сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи 


дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен 
классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.) 
П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға 
бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени 
дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік 
теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып 
табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын 
жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау 
әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде 
миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл 
сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына 
қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік 
топтарға мыналар жатады: 
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, 
жасына қарай. 
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, 
этностық және ұлттық топтар. 
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, 
ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет