-Нәтижелердің теңдігі.
Стратификация - әлеуметтік престиж, мамындық, табыс, білім, билік құрылысына
қатысу сияқты критерийлер негізіндегі әлеуметтік теңсіздігі және дифференциация.
Дифференциация - бастапқыда жалғыз немесе бірдей элементтерден тұратын жүйенің
әр түрлі сападағы азды -көпті оқшауланған бөліктерге бөлінуі. Жаңа ғылыми пәндерді
анықтау процесі
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік
құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып
еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың
әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам
топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер
басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі,
мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Әлеуметтік дифференциация- Бұл қоғамның әртүрлі әлеуметтік позицияларды
иеленетін топтарға бөлінуі. Экономикалық, саяси және кәсіби дифференциацияны
ажырату әдетке айналған. Экономикалық дифференциация табыстың, өмір сүру
деңгейінің айырмашылығында, халықтың бай, кедей және орта қабаттарының
болуында көрінеді. Қоғамды билеушілер мен басқарылатындарға, саяси көшбасшылар
мен бұқараға бөлу - бұл саяси дифференциацияның көрінісі. Кәсіби
дифференциацияны қоғамдағы әр түрлі топтардың қызметінің, кәсіптерінің сипатына
қарай бөлуге жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: