ДДСҰ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ОТШ оттегін тұтыну шегі
ҚДД қауіпсіз денсаулық деңгейі
ЕДТ емдік дене тәрбиесі
ТСЖ тамыр соғу жиілігі
ЖСЖ жүрек соғу жиілігі
ОМҚ оттегінің максималды қолданылуы
ОЖДҚ оттегіні жоғары деңгейде қабылдау
ТАЖ тыныс алу жиілігі
ӨТС өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ТСҚКК тамыр соғудың қалпына келу коэффициенті
СДТ сауықтыру дене тәрбиесі
ҚҚ қан қысымы
ЖҚТ жүрек қан тамыры
ДҰБ дәрігерлік ұстаздық бақылау
ТБ тікелей бақылау
КБ кезекті бақылау
КБ күнделікті бақылау
ӨААШ өкпенің ауа алмастыру шегі
ТСЖЖ тамыр соғу жиілігінің жинағы
ОЖЖ орталық жүйке жүйесі
БҚ бастапқы қалып
КІРІСПЕ
Мәселенің көкейкестілігі. Қазіргітаңда еркін күрес балуандарынан жақсы дене дайындығымен (физикалық) функционалдық және техникалық-тактикалық дайындығы талап етіледі. Спортшыдан жоғары төзімділік көрсеткіштері күтіледі. Соңғы кезде барлық техникалық әркеттермен олардың құрылымдарын түрлендіру ұмтылысы (тенденция) байқалады.
Заманауи спорттың жаттығу қарқындылығы мен жарыс жүктемесінің көлемін арттыруына байланысты оқу-жаттығу барысын ұйымдастыру үшін қолданылмаған жаңа қорлар мен жаңа жолдарізделіп жатыр және осы айтылғандардың маңызды бөлігі болып қайта қалпына келтіру (қалыптастыру) тәсілдері мен спорттық жұмысқа қабілеттілігін арттыруда енеді [3,4,5,6,7].
Мамандардың пікіріне сүйенсек, қалыптастыру мен бейімделу үрдісінің дұрыс жағдайда жүргізілуі негізгі екі бағытта жүзеге асады: оқу-жаттығу барысын жоспарлауды оңтайландыру мен қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдану және жұмысқа қабілеттілікті арттыру(8,9).
Қазіргі таңдағы қайта қалпына келтіру тәсілдері мен жұмысқа қабілеттілікті арттыруға байланысты өзекті мәселелерге - спортпен дене шынықтыруға қатысты ғылымда жәнеалдыңғы қатарлы тәжірибеде қомақты материал жинақталған: қайта қалпына келтіру тәсілдері жіктеліп және олардың қолдануға қатысты негізгі қағидалары негізделген, көптеген қайта қалпына келтіру, жұмысқа қабілеттілікті арттыру тәсілдерімен арнайы кешендері жекелей спорт түрлері бойынша сынақтан өткен[10,11,12,13,14,15].
Дегенмен, қайта қалпына келтіру мен жұмысқа қабілеттілікті арттыруға арналған тәсілдерді кең ауқымда жоспарлы қолданудың көңілге қонымдылығы мен қажеттілігіне қарамастан, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауда, жаттығу жүктемесі мен қайта қалпына келтіру іс-шараларын тәжірбие жүзінде үйлесімді қолдана білу мәселесі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Еркін күресте қайта қалпына келтіру мен жұмысқа қабілеттілікті арттыруға арналған тәсілдерді дұрыс қолдана білу келесі мәселелердің шешілмеуінен туындайды:негізгі жүктеме мен жұмысқа қабілеттілікке жетекші қызметтің (функцияның) құрамын анықтау, әртүрлі қалыптастыру мен жұмысқа қабілеттілікті арттыруға арналған тәсілдердің кешенін құрастырып, соған лайықты қолданудың тиімді технологиясын таңдау, қолданылып жатқан тәсілдермен кешендердің тиімділігін бақылауға арнайы объективті тәсілдерді таңдау.
Көптеген зерттеу мәліметтері көрсеткендей (Р.И. Мархваидзе, П.И. Ключник, 2000 ж; А.О. Егорыче, 2003 ж; Л.Б. Андрющенко, 2004 ж; Т.В. Колтошова, Ж.Б. Сафонова, 2005) күреспен айналасатың спортшылардын спорттық дайындық барысың жетілдіру мақсатымен көп деген ғылыми жұмыстар бар.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда жаттығу үрдісінің қарқындылығы және техникалық-тактикалық даыйндық ерекшеліктері көп бақыланады, бірак еркің күреспен айналасатың спортшылардың кайта келтіру жүйесін қамтамасыздандыруда ғылыми-әдістемелік жұмыстар жеткіліксіз.
Зерттеу көкейкестілігінде ескерілгендер:
1. Еркін күреспен айналасатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесінің дамытудаға арналған ғылыми жұмыстардын жеткіліксіз болғаны.
2. Кайта қалпына келтіру бағдарламаны қолдануды ғылыми тұрғыдан негіздендіру, әдістемесін құрастыру, спорттық дайындық процесіне енгізу қажеттілігі.
Болжам.Қайта қалпына келтіру бағдарламасын еркін күреспен айналасатын спортшылардын спорттық дайындық процесінде қолдану, жаттығу барысының тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу объектісі – еркін күреспен айналасатың спортшылардың оқу-жаттығу барысы.
Зерттеу пәні – еркін күреспен айналасатың спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесі.
Зерттеудің мақсаты – еркін күреспен айналасатың спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесің жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:
Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
Балуандарыдың қайта қалпына келтіретін тәсілдерді қолдану бойынша ақпарат алу үшін анкеталық сауал « Еркін күресте қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдану жағдайы» жургізу.
Еркін күреспен айналасатың спортшылардың қайта қалпына келтіру әдістемесін құрастырып тиімділігін негіздендіру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша ғылымиәдістемелік еңбектерге талдау жасау, сауалнама жүргізу, денсаулық деңгейін анықтау, жұмысқа қабілеттігін анықтау, дәрігерлік-ұстаздық бақылау жасау, материалдарды саралау, математикалық тұрғыдан өңдеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ғылыми - әдістемелік әдебиеттерден қайта қалпына келтіретің тәсілдерді қолданудың физиологиялық және әдістемелік негіздері анықталды; спортшылардын жаттығу барысындақайта қалпына келтіретін тәсілдерді қолдану әдістемесі құрастырылды; құрастырылған әдістеме ағзаның қызметтік көрсеткіштерін арттырды; спортшыларды қайта қалпына келтіру жүйесінде құрастырылған әдістемені қолданудың тиімділігі негіздендірілді.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы:
әртүрлі жаттығу жүктемелерін меңгерген балуандардың
дайындық деңгейлерін - төменгі жиіліктегі вибромассажын қолдану арқылы тірек-қимыл аппаратын қайта қалпына келтіруге арналған кешендермен жоғарылату;
- балуандардың спорттық жұмысқа қабілеттілігінің динамикасын, жаттығу жүктемесінің қарқындылығы мен көлеміне байланысты сипаттайтын жаңа зерттеу мәліметтері алынды;
- әртүрлі бағыттағы қайта қалпына келтіру тәсілдері спортшының ағзасына әсерін бағалау әдістері құрастырып және қолданды;
- жарысқа дайындық кезеңіндегі спортшының арнайы жұмысқа қабілеттілігін арттырушы қайта қалпына келтіру тәсілдері нұсқаларының ішіндегі ең тиімдісі анықталды.
Қайта қалпына келтіру тәсілдерді қолданудың маңыздылығын негіздендіру, спорт ілімі мен әдістемесін байытып, толықтырды, сонымен қатар балуандардың педагогикалық процестер мүмкіндіктері кеңейтілді.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері негізінде студент қыздарға арналған сауықтыру сабақтарының кешенді бағдарламасы ұсынылған, оларды балуандардың жаттығу барысының орындардың іс тәжірибелік жұмыстарында қолдануға болады, сонымен қатар жаттықтырушының жұмыс тәжірибесінде,олардың деңгейін жанжақты жоғарылатуда қолданылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады: спорттық медицина (және М. СаркизовСеразини, В.К Добровольский, В.А. Епифанов, В.Н. Мошков, С.Н. Попов), дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі (Минаев Б.Н., Шиян Б.М., 1989; Матвеев Л.П., 1991, 2003; Холодов Ж.К., 2001, 2004; және т.б.), балуандардыңтеориясы мен әдістемесі (Кудрявцев В.Т., 2002; Кузнецова М.Н., 2002; Менхин Ю.В.,Менхин А.В., 2002; Вишневский В.Т., 2003; Кузнецов В.С., Колодницкий Г.А., 2003; және т.б.)
Зерттеу базасы. Ерін күреспен айналасатын спортшылардың жаттығу кешені. Зерттеу жұмысында әдістемелік материалдары қолданылды. Тәжірибе жұмыстарын жасау кезінде 2 студент, 2жаттықтырушы қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |