Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу бары- сын сипаттайтын суреттер іледі.
|
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқа- ғаздарды жапсырады.
|
104
8-тақырып. Менің Тәуелсіз Қазақстаным
8-тақырып. Менің Тәуелсіз Қазақстаным
1-2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Тәуелсіз елім — Қазақстаным.
|
Білімділік:
|
Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушыларға тақырып аясында толық ақпарат бере беруге үйрету.
|
Дамытушылық:
|
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ел тәуелсіздігі жайлы ақпарат береді.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): Тәуелсіздік күні жайлы айтады, ел тәуелсіздігіне қатысты қосымша мәліметтер береді.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, шағын мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Жоғары Кеңесі, мойындау, қиыншылық, қазба байлық, қарыштап даму. Клише: Өркенің өссін!
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, «Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмі, А4 парағы, маркерлер, смайликтер.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, түсіндіру, сипаттау, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, ассоциаграмма, диаграмма,
«Оймоншақ» ойыны, диалог, «Ассонанс» ойыны, «Жеке әңгіме» техникасы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай-лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмін, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді,
«тәуелсіздік» ұғымына қатысты ассоциаграмма құрғызады, ой шақыру сұрақтарын қояды:
—Балалар, «тәуелсіздік» ұғымын қалай түсінесіңдер? Қазақ елі тәуелсіздікке қалай қол жеткізді?
|
Деректі фильмді, слайдтарды көреді, ассоциаграмма құрады, сұрақтарға жауап береді.
|
105
Достарыңызбен бөлісу: |