бет 59/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
VII. Рефлексия
Мұғалім әр оқушыға А4 парақ таратады.
Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.
3-4-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер.
Білімділік:
Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпа- рат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділерді сипат- тайды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Түркілер, қызықтырған, кең дала, ежелден, жұлдызшы, орта ғасыр, зерттеген, құбылыс, өмірде пайдаланған, зират, мүсін.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар , тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, постер, диалог, «Кері бай- ланыс» әдісі, «Жеке әңгіме» техникасы .
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Өткен сабақты тек- серу
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды , түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
120
9-тақырып. Аспан әлемінің құпиялары
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы слайдтар көрсетеді. Ой шақыру сұ- рақтарын қояды: — Балалар, сендер аспан әлемін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
Слайдтарды көреді, мұғалім айтқан мәліметтерді тыңдайды , сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.
Айтылым.
Сұрақтарға жауап береді.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым.
Оқылым. Тыңдайды , мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, түсініксіз сөздердің табады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Әр қатардағы жаңа сөзді табады, сөз тіркесін құрастырады.
Б) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындата- ды.
Жазылым. Оқылым. Жаңа сөздерді мәтінде келу ретіне қарай орналас- тырады.
В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сөздердің синонимдік қатарын мәтіннен табады.
Г) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындата- ды.
Оқылым. Жазылым. Үш нұсқаның іші- нен дұрыс жауабын таңдап жазады.
4. Сергіту сәті. «Ұлы көшпенділер» тақырыбында постер жасатады.
Постер жасайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға ма- шықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Шағын мәтін құрайды.
6. «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды , талдатады.
Мәліметтерді оқиды, талдайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Диалогті толықтырады.
IV. Бекіту
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Тапсырманың шартын орындайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшалар таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді.
121
Достарыңызбен бөлісу: