Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет54/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздерге тиісті қосымша жалғап жазады.




В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалог құрады.




4. Сергіту сәті. «Ұлттық теңге» тақырыбында постер жаса- тады.

Постер жасайды, сипаттайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Аталған елдердің валюта атауларын жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемді аяқтайды.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

«Сатушы» ойынын ұйымдастырады.



Диалог құрады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай

жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.



Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Тәуелсіз елдің Астанасы.



Білімділік:

Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың Тәуелсіз елдің Астанасы жайлы ақпараттық ұғымын қа- лыптастыру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Астана жайлы ақпарат береді, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өз ойын жеткізеді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ел Астанасы жайлы айтады, сипаттайды, қосымша мәліметтер береді.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, ел Астанасына байланысты шағын мәтін құрайды.

110


8-тақырып. Менің Тәуелсіз Қазақстаным


Жаңа сөздер:


Елорда, қонақүйлер, ескерткіш, тамашалау, естелік.



Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, «Елорда» деректі фильмі, А4 парағы мен маркерлер, смайликтер, жағдаяттық тапсырма, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сипаттау, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, кластер, диалог, жұптық жұмыс, по- стер, «Сұрақ-сандық» ойыны, «Жеке әңгіме» техникасы, «Кері байланыс» әдісі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркер- лер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп неме- се езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Елорда» деректі фильмін, тақы- рыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді.

Деректі фильмді, слайдтарды көреді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.



Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Мәтін құрап жазады.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Кластер құрады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тап- сырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, түсінгенін айтады.






Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 4, 6-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, диалогті аяқтайды.




Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазады.




4. Сергіту сәті. «Астана сұлу қала» тақырыбында постер жасатады.

Постер жасайды, сипаттайды.


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет