9-тақырып. Аспан әлемінің құпиялары
1-2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Аспан денелері.
|
Білімділік:
|
Қазақ тіліндегі түрлі тілдік құрылымдар арқылы оқушыларға аспан әлемі жайлы ақпарат беру.
|
Дамытушылық:
|
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы аспан денелері жайлы ақпарат береді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы аспан денелерін сипаттайды, аңыздар жайлы айтады.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Аспан әлемі, жұлдыз, құпия, қозғалыс, бақылау, аспан денесі, шексіз, көлденең жатқан, шашырап төгілген, ақшыл жолақ.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, «Ғарыш әлемі» деректі фильмі, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақы- рыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, диаграмма, кластер, «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 1-том. Алматы:
«Қазақ энциклопедиясы», 2011.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
|
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
|
Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Өткен сабақты тек- серу
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
118
9-тақырып. Аспан әлемінің құпиялары
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Ғарыш әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді. «Балалар энцикло- педиясы нан»
( («Балалар энциклопедиясы», 1-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-117 бет) аспан денелері жайлы мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.
Аспан — бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты бөліп көрінетін күмбез. Күн, ай, жұлдыздар, т.б. ас- пан шырақтары өте қашықтықта болады. Ауа қабаты көгілдір, көк түсті. Аспан денелері туралы халық аңыздары бар...
Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер ас- пан денелері жайында қандай аңыздарды білесіңдер?
|
Деректі фильмді көреді, мұғалім айтқан мәліметтерді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. 1, 2-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Жазылым.
Сұрақтарға жауап береді, диаграмма құрайды.
|
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырма- ны орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.
|
|
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.
|
Оқылым. Айтылым. Суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді, мазмұн желісі бойынша оқиды.
|
|
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
|
4. Сергіту сәті. «Аспан денелері» тақырыбында кластер құрғызады.
|
Кластер құрайды.
|
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Айтылым. Үш нұсқаның ішінен дұрыс нұсқасын жазады.
|
|
6. «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады.
|
Мәліметтерді оқиды, талдайды.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Топтық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.
|
«Аспан денелері» тақырыбында өз пікір- лерін ортаға салады.
|
IV. Бекіту
|
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
|
Мағыналас сөздерді табады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
|
|
119
Достарыңызбен бөлісу: |