ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары


)Ежелгі Үндістан өркениеті



бет3/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

5)Ежелгі Үндістан өркениеті
Үндістан мемлекеті Үндістан түбегі мен Азия құрылығының Үнді және Ганг өзендері аңғарларының бір бөлігін алып жатты. Табиғи жағдайы ыстық ауа райы және сумен бірге құнарлы топырақты ағызып әкелетін, жайылып ағатын өзендер егіншіліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Гималай таулары солтүстік шығыстан келетін дұшпандардан және суық желдің бастырып кiруiнен өзіне тән табиғи қорғаныс қабырғасы болып қызмет еткен.Ганг аңғарындағы тропиктік ормандар биік ағаштар мен сан алуан өсімдіктерге бай болды.Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 3 мың жылдықта Үнді өзенінің аңғарында үлкен қалалар пайда бола бастады: Паталипутра, Үндістан түб, Мохенжодаро, Хараппа, БЕНГАЛ ШЫҒАНАҒЫ, АРАБ ТЕҢІЗІ, Үнді, Ганг
•Үндістанның ежелгі қалалары:Магадха мемлекетінің аумағы, Маурия мемлекетінің аумағы, Ежелгі Үндістан Аумағы мен табиғи жағдайы Ніл өзенiнiң аңғары болды.

•Есіңде сақта!


Үндістан мемлекеті Үндістан түбегі мен Азия құрлығының, Үнді және Ганг өзен дері аңғарларының бір бөлігіне орналасқан едi.
•Мохенжодаро мен Хараппа қалалары Үнді өзені алабындағы ең ірі қалалары болған.Екі қала да берік қорғаныс қабырғаларымен қоршалған. Көшелер арқылы бір-бірінен бөлінген мекендерден піскен және шикі қыштан құрылған ғимараттар (тұрақ орындар, қоймалар, сарай және ғибадатханалар) табылған. Үлкен әрі көрікті қала – Мохенжодарода шебер қолөнершiлер көп болған.
•Халқының негізгі кәсібі егіншілік еді.Диқандар қант құрағын, мақта өсімдіктерін өсірді,пілдерді қолға үйретті. Бірақ біздің заманымыздан бұрынғы XVIII ғасырдан Үнді өзені алқабындағы қалалар жиі-жиі болатын тасқындар,ормандар мен тiкендi ну тоғайдың кеңеюі нәтижесінде құлдырауға ұшырап,мүлдем бүліншілікке айналады.

6)Ежелгі Грекия өркениеті
•Өркениеттің алғашқы ошағы б.з.б. 3-2 мыңдыллықта Крит аралдарында пайда болды. Б.з.б. 15-ғасыр шамасында криттік мәдениет вулкан атқылауынан жойылып кеткен.
•Оның орнына жаңа ахейлік мәдениет келді.
•Ахейлік тайпалар Грекияның көптеген бөлігі мен Эгей теңізінің аралдары мекен етті.Б.з.б 15-13 ғасырларда гүлдену кезеңін бастан өткеріп, б. з. б
13-12 ғасырларда ахейлік мәдениет криттік мәдениет секілді күтпеген жерден тіршілігін тоқтатады.Ахейлік мәдениет солтүстік халықтары жорықтарының салдарынан жойылуы мүмкін.Криттік және ахейлік мәдениет дәуірлерін
өзіндік Грек өркениеті тарихы қалыптасуындағы алғашқы кезеңдер ретінде қарастыруға болады.
•Б.з.б 8-6 ғасырлар арасында Грекия аумағы Балқан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңізінің аралдары мен Кіші Азияның батыс жағалауын алып жатты.Б.З.Б 500 жылы Грекия тарихында маңызды өзгерістер болып, грек отарлау дәуірі басталады. Ол батыста-Сицилия, Оңтүстік Италия, Оңтүстік Франция, Испанияның шығыс жағалауларын, солтүстігінде-Фракия, Жерорта теңізінен Қара теңізге өтетін бұғаздарды, оңтүстік-шығыста-Солтүстік Африка, Левантты қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет