«гнпф» жинақтаушы зейнетақЫ Қоры» АҚ Қаржылық есеп беру



бет2/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#5238
1   2   3   4   5   6   7

Банк басшылығы атынан:
__________________________ _______________________

Секенов А.С. Еспенбетова Р.А.

Басқарма Төрағасы Бас бухгалтер
2008 жылғы 18 наурыз 2008 жылғы 18 наурыз

Алматы қ Алматы қ


8-29 беттердегі ескертулер осы қаржылық есеп берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Тәуелсіз аудиторлардың есебі 2-3 беттерде берілген.

«ГНПФ» ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2007 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДА АЯҚТАЛАТЫН ЖЫЛ ҮШІН

(қазақстанның мың теңгесімен)







Ескертпе

2007 ж.31 желтоқсанда аяқталатын жыл

2006 ж.31 желтоқсанда аяқталатын жыл


ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДЕН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ






Салық салуға дейінгі пайда



2,015,175

2,634,947

Түзетулер:








Негізгі қаражат және материалдық емес активтер амортизациясы

13

108,662

81,740


Негізгі қаражат және материалдық емес активтерді шығарудан пайда (шығын)



687

2,183


Есептелген пайыздық кірістердің таза өзгерісі



(51,139)

-

Операциялық активтер және міндеттемелер өзгергенге дейін операциялық қызметтерден ақшалай қаражаттың кіруі






2,073,385

2,718,780

Операциялық активтер және міндеттемелердің өзгеруі

Операциялық активтердің (ұлғаюы)/төмендеуі:

Банктердегі қаражаттар





(550,000)

893,238

Алуға есептелген комиссиялық сыйақы




1,033,614

(1,246,416

Салық бойынша аванстық төлемдер




(125,949)

-

Басқа активтер




(169,156)

(2,168)

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы:










Төлемге салықтар




(32,741)

-

Басқа міндеттемелер




8,729

22,622

Салық салуға дейін операциялық қызметтерден ақшалай қаражаттың кіруі (кетуі)






2,237,882



2,386,146

Пайдаға төленген салық







(773,101)


(700,118)

Операциялық қызметтерден ақшалай қаражаттардың таза келуі







1,464,781


1,686,028


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДЕН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ:

Негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді сатып алу






(84,971)

(52,341)

Негізгі қаражат объектілерін іске асырудан түсім




2,866

-

Сатуға арналған қолда бар инвестицияны сатып алу



(49,862,893)


(20,031,191)



Сатуға арналған қолда бар инвестицияны шығарудан түсім



48,022,899


18,083,367



Кері РЕПО операциясынан заем шығарудан түсім





-


300,224

Инвестициялық қызметтерден ақшалай қаражаттың таза қайтуы








(1,922,099)



(1,699,941)


ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДЕН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ:










Жай акциялар шығаралымынан түсім




512,771

-

Қаржылық қызметтерден ақшалай қаражаттың таза түсімі





512,771


-

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫНЫҢ ТАЗА ҰЛҒАЮЫ/(ТӨМЕНДЕУІ)





55,453

(13,913)

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ жыл басында







6,466


20,379

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ жыл соңында







61,919


6,466


Банк басшылығы атынан:
__________________________ _______________________

Секенов А.С. Еспенбетова Р.А.

Басқарма Төрағасы Бас бухгалтер
2008 жылғы 18 наурыз 2008 жылғы 18 наурыз

Алматы қ Алматы қ


8-29 беттердегі ескерту осы қаржылық есеп берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Тәуелсіз аудиторлардың есебі 2-3 беттерде берілген.

«ГНПФ» ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУГЕ ЕСКЕРТПЕ

2007 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН

(қазақстанның мың теңгесімен, егер өзгемен көрсетілмесе)




  1. ҰЙЫМ

«ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қор») Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі № 1372 қаулысына сәйкес 1997 жылғы 17 желтоқсанда құрылды. Қор 1997 жылы дербес зейнетақы жинақ ақшасы жүйесіне өтуге бағытталған зейнетақы реформасын жүргізуге байланысты құрылды. Қор 1999 жылы тамызда лицензия алғанға дейін зейнетақы активерін басқару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – «ҚРҰБ») орындалды, содан кейін барып зейнетақы активтерін басқару жауапкершілігі Қорға өтті. Қор 2005 жылы 1 ақпанда «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ атауымен қайта тіркелді. Қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әуезов к-сі, 82. Қор Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2005 жылғы 10 наурызда берген №0000006 мемлекеттік лицензиясы негізінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерін жүзеге асырады. Қордың 2007 жылғы 31 желтоқсандағы акционерлері мыналар болып табылды:




Акционерлер


2007 жылғы 31 желтоқсан


2006 жылғы 31 желтоқсан

Жарғылық капиталдағы үлесі (акциялар саны)

Жарғылық капиталдағы үлесі ( %)

Жарғылық капиталдағы үлесі (акциялар саны)

Жарғылық капиталдағы үлесі ( %)




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

3,200,000


57,61%

3,200,000

64.00%


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

1,800,000


32.40%

1,800,000

36.00%


Еуропаның қайта құру және даму банкі


555,000


9,99%


_


_





5,555,000


100%


5,000,000


100%

Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың және жарнаның белгіленген мөлшерімен зейнетақы тәсімдері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін бір уақытта орындайды (бұдан әрі – «Тәсім»).


Қордың негізгі қызметі зейнетақы жинақ ақшаларын мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпоративтік бағалы қағаздарға, халықаралық қаржы ұйымдары анықтаған банктік депозиттер мен бағалы қағаздарға инвестициялау. Қор Тәсімді басқаруды жүзеге асырады және зейнет жасына жеткен кезде, қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптар болған жағдайда зейнетақы төлемдерін жүргізеді.

2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың Қазақстан Республикасында 18 филиалы бар.

2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор қызметкерлерінің саны 362 және 2006 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 359 адамды құрады.



  1. ЕСЕПТІЛІКТІ БЕРУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ


Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары

Қордың осы қаржылық есеп беруі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет шығарған (ҚЕХСК) қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының түсіндіру жөніндегі комитет (ҚЕХСТК) шығарған Түсіндірулерге сәйкес дайындалды. Осы қаржылық есеп беру, егер өзгемен көрсетілмесе қазақстанның мың теңгесімен (бұдан әрі «теңге») берілді. Осы қаржылық есеп беру қаржылық құралдардың әділ құнын қайта бағалауларын қоспағанда, «тарихи құнын» есептеу әдісі мен қағидасы негізінде дайындалды.


Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншікті қаражат пен зейнетақы жинақ ақшалары бойынша жеке-жеке есеп жүргізеді.
Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді. Осы қаржылық есеп беру бухгалтерлік есептің белгіленген қазақстандық стандарттарына сәйкес дайындалды және ҚЕХС сәйкес жүргізілді. Бұл түзету активтер мен міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды қайта сыныптайтын операцияның экономикалық мәнін шағылыстыратын қайта сыныптауды енгізеді.
Негізгі болжам
ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді әзірлеу басшылықтан Қордың активтері мен міндеттемелер сомасының есебінде жүргізілуіне әсер ететін бағалау мен рұқсатты, есептік кезеңдегі жағдайы бойынша шартты активтер мен міндеттемелерді ашуды, есептік кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар сомасы есебінде жүргізілетіндерді талап етеді. Нақты нәтижелер бағалау деректерінен ажыратылады. Оның іс жүзіндегі нәтижелерімен айырма бағасы нақты қаржылық құралдардың құнсыздану алдында резерв қалыптастыру және әділ құнын анықтаумен байланысты болуы мүмкін.
Функционалдық валюта

Осы қаржылық есеп берудің функционалдық валютасы Қазақстанның теңгесі болып табылады (бұдан әрі – «теңге).


3. ЕСЕПТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Қаржылық құралдарды мойындау және бағалау
Қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тиісті қаржылық құралдар жөніндегі шарт бойынша Қор тарап болып тұрған кезде Қор балансында көрсетіледі. Қор есептеу күні бойынша қаржылық активтер мен міндеттемелерді сатып алу және іске асырудың жүйелі характерін бейнелейді. Сайып келгенде осындай сатып алынған қаржылық құралдар әділ құны бойынша бағаланып, мәміле жасаған күннен бастап есеп айырысудың белгіленген күніне дейін сатуға арналған қолда бар инвестиция ретінде ескеріледі.

Қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер әділ құны бойынша бейнеленеді, олар қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелердің сатып алу немесе шығару құнына тікелей қаралады. Қаржылық активтер және міндеттемелер құнының кезектегі бағалауы үшін пайдаланылатын бухгалтерлік есептің қағидалары төменде көрсетілген есептік саясаттың тиісті ережелерінде ашылады.


Ақшалай қаражат және оның баламалары

Ақшалай қаражат және оның баламаларына кассадағы қаражат пен банктік шоттағы қаражат кіреді.


Банктегі қаражат

Қор өзінің әдіттегі қызметтері барысында банктегі қаражаттарды әр түрлі мерзімдерде орналастырады. Банктегі қаражаттар, егер өтеудің тіркелген мерзімі белгіленгенсе тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі негізінде амортизированды құны бойынша ескеріледі. Өтеудің тіркелген мерзімі белгіленбеген қаражат активтерді іске асырудың күтілген мерзімі негізінде амортизированды құны жөніндегі есепте көрсетіледі. Банктегі қаражат құнсыздану алдында резервті шегеруімен көрсетіледі (мұндай болған кезде).


Кері РЕПО келісімі
Қор өзінің қызметтер үрдісінде сату және кері сатып алу туралы келісімдер (бұдан әрі – «РЕПО» келісімі»), сондай-ақ сатып алу және қайта сату туралы келісімдер (бұдан әрі – «Кері РЕПО келісімі») жасайды. РЕПО және кері РЕПО операцияларын Қор бағалы қағаздармен сауда операцияларындағы өтімділікті басқарудың элементі ретінде пайдаланады.
РЕПО мәмілелер – бұл баламалы алынатын ақшалай сомаға немесе өзге сыйақыға болашақта қаржылық активтерді кері сатып алуға бір уақытты міндеттемемен ақшалай немесе өзге сыйақыға ауыстыруға басқа елге қаржылық активтерді беру туралы келісім. РЕПО келісімі бойынша операциялар қаржыландыру операциясы секілді есепте көрсетіледі. РЕПО келісімі бойынша сатылған қаржылық активтер қаржылық активтер көрсетілуін жалғастыра береді, ал осындай келісім бойынша алынған сыйақылар алынған депозит, қамтамасыз етілген кепілдік ретінде көрсетіледі.

Кері РЕПО келісімі бойынша сатып алынған активтер депозитте, қамсыздандырылған бағалы қағаз және басқа активтерде орналастырылған ақшалай қаражат секілді қаржылық есеп беруде көрсетіледі және банктердегі қаражат секілді көрсетіледі.

Кері РЕПО келісімі бойынша сатып алынған активтер үшінші тарапқа сатылған жағдайда қорытындылары тиісті активтер бойынша таза пайда/(шығын) құрамындағы пайдалар немесе шығындарды қоса алумен есепке көрсетіледі. Активтермен РЕПО келісімі бойынша сатып алу және сату құнындағы айырмашықтармен байланысты барлық кірістер немесе шығыстар пайыздық кіріс немесе шығыстар ретінде көрсетіледі.

Сатуға арналған қолда бар инвестиция

Сатуға арналған қолда бар инвестициялар өз инвестициясын борышты бағалы қағаздар және акцияларға береді, ол анықталмаған уақыт кезеңі ішінде ұсталуға болжанады. Мұндай бағалы қағаздар әділ құны бойынша алдын-ала бейнеленеді. Содан кейін қағаздар қайта бағалау нәтижесін капитал шотқа жатқыза отырып әділ құны бойынша бағаланады, бұл ретте капиталда ертерек танылып жиналған пайдалар/шығындар пайдалар және шығындар туралы есепке танылады. Құнсызданудан болған шығындар, оң және теріс бағамдық айырмашылықтар, сондай-ақ тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі негізінде есепке алынып есептелген пайыздық кірістер пайдалар және шығындар туралы есепке жатқызылады. Сатуға арналған қолда бар инвестицияның әділ құнын анықтау үшін Қор нарықтық баға белгілеулерді пайдаланады. Жекелеген қаржылық құралдар үшін белсенді нарық болмаған жағдайда Қор бағалау әдістерін пайдалана отырып олардың әділ құнын анықтайды. Бағалау әдістеріне бір бірінен тәуелсіз арадағы нарықтық мәмілелер туралы деректерді пайдалану кіреді, жақсы хабарлары барлар және шынымен қалайтындар тараптармен құрал сипаты сойынша басқа ұқсас ағымдағы әділ құны туралы ақпаратты қолдану, дисконтталған ақшалай лектерді талдау және опционды үлгілерді қолдану секілді мәмілелер жасайды.

Бірнеше борышты бағалы қағаздардың және акциялардың әділ құнын толық анықтау мүмкін болмаса құнсызданудан болған шығынды шегере отырып, амортизированды құны және сатып алу құны бойынша бейнеленеді.

Осындай бағалы қағаздың құнсызданудың объективті куәлігі бар болса, онда капитал құрамында бұрын көрсетілген жиынтық шығындар есептік кезең ішінде капиталдан пайда мен шығындар шотына ауыстырылады. Борышты құралдар бойынша құнсызданудан болған мұндай шығындарды қалпына келтіру құнсызданудан кейін болған оқиғамен тікелей байлынысты, ол есептік кезең ішінде пайда мен шығындар туралы есепте көрсетіледі. Пайда мен шығындар туралы есептегі борышты құралдар бойынша құнсызданудан болған шығындар қалпына келтірілмейді.


Негізгі қажаттар және материалдық емес активтер

Негізгі қажаттар және материалдық емес активтер жинақталған амортизацияны және құнсызданудан жинақталған шығындарды (мұндай болған кезде) шегеруімен бастапқы құны бойынша бейнеленеді.

Негізгі қаражаттардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы олардың пайдалы пайдалану мерзімі ішінде активтерді есептен шығару мақсатымен есептеледі. Тозуды және амортизацияны есептеу мынадай белгіленген жылдық нормаларды пайдалана отырып сызықтық әдіс негізінде жүргізіледі:




%

Компьютерлер

20-33.3

Кеңсе жабдықтары

14.3

Басқалар

10-20

Материалдық емес активтер

33.3-100

Қайта бағалау нәтижесінде туындайтын негізгі қаражаттар құнының кез-келген ұлғаюы шығыстар ретінде бұрын танылған активтер құнының төмендеу сомасы қалпына келтірілген жағдайларды қоспағанда, негізгі қаражаттардың қайта бағалау резервінде қаралады. Мұндай жағдайда құнның ұлғаюының аталған сомасы активтер құнының төмендеуі бұрын танылған мөлшерінде пайда және шығындар туралы есепте есептеледі. Осындай негізгі қаражаттар құнын қайта бағалау нәтижесінде туындайтын активтердің баланстық құнының төмендеуі аталған активтердің алдыңғы қайта бағалау нәтижесінде қалыптасқан оның қайта бағаланған құнынан аспайтын деңгейінде шығыс секілді есептеледі.


Қор әрбір есептік күнде негізгі қаражаттың және материалдық емес активтердің баланстық құнының олардың қалпына келтірілетін құныннан аспайтынын бағалайды. Негізгі қаражаттың және материалдық емес активтердің баланстық құны олардың қалпына келтірілетін құнынан асқан жағдайда Қор негізгі қаражаттың және материалдық емес активтердің баланстық құнын олардың қалпына келтірілетін құнына дейін төмендетеді. Негізгі қаражаттың және материалдық емес активтердің құнсыздануынан болған шығындар тиісті есептік кезеңде есептеледі және операциялық шығыстар құрамына қосылады. Құнсызданудан болған шығынды бейнелегеннен кейін негізгі қаражаттар бойынша амортизировандалған есеп пайдалы пайдаланудың қалған мерзімі ішінде қалдық құнын (егер мұндай болжанса) теңдей шегере отырып, активтердің есептелген баланстық құнын тарату мақсатымен келесі кезеңде түзетіледі.

Салық салу

Табыс салығы ағымдағы және сақталған салық сомасы болып табылады.

Ағымдағы кезеңдегі табыс салығы жөніндегі шығыстар сомасы жыл ішінде алынған салық салынатын пайда мөлшерін шегере отырып анықталады. Салық салынатын пайда пайдалар мен шығындар туралы есепте көрсетілген таза пайдадан ажыратылады, бір қатарына басқа жылға салық салу мақсаты үшін салық салу немесе ұстап қалуға тиісті кіріс немесе шығыс баптары қосылмайды, сондай-ақ салық салу мақсатында салық салынбайтын және ескерілмейтін баптар жойылады. Ағымдағы жылдағы табыс салығы жөніндегі Қор шығыстарын есептеу бухгалтерлік баланс жасау күнінде толықтай немесе айтарлықтай деңгейде енгізілген салық мөлшерлемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Кейінге қалдырылған салық табыс салығы жөніндегі салық талаптары немесе міндеттемелері болып табылады және салық есептері мәліметтері мен қаржылық есеп беруде қосылатын мәліметтер, сондай-ақ салық салынатын пайдаларды есептеу үшін пайдаланылатын салық есептерінің тиісті мәліметтері арасындағы уақытша айырмашылық жөніндегі міндеттемелер есебінің баланстық әдісі бойынша бейнеленеді. Кейінге қалдырылған салықтық мендеттемелер салық салынатын пайданың ұлғайатын барлық уақытша айармышылықтары қарым-қатынасында бейнеленеді, ал кейінге қалдырылған салықтық талаптар болашақта салынатын пайдалардың болу мүмкіндіктерін есепке ала отырып бейнеленеді, олардан салық салу мақсаты үшін қолданылатын уақытша айырмашылықтар шегерілуі мүмкін. Егер уақытша айырмашылықтар іскерлік беделмен байласқан немесе операция аясында басқа талаптар мен міндеттемелердің бастапқы танылуы (компаниялардың бірігу жағдайларынан басқа) пайда болса, қолайлы салықтық талаптар және міндеттемелер қаржылық есеп беруде бейнеленбейді, ол салық салынатын немесе бухгалтерлік пайдалар мөлшеріне әсер етпейді.


Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер еншілес, біріккен және тәуелді кәсіпорындардағы инвестицияларға қатысты салық салынатын уақытша айырмашылықтарды есепке ала отырып бейнеленеді, бірақ Қордың уақытша айырмашылықтардың қайтымдылық мерзімдерін бақылайтын мүмкіндіктері бар болған жағдайларын қоспағанда.
Кейінге қалдырылған салықтық активтердің баланстық құны әрбір есептік күнде тексеріледі және активтерді толық немесе жартылай өтеу үшін жеткілікті салық талаптарын іске асырудан пайда алынатын мүмкіндіктер болмайтындай төмендетіледі.
Қордың Қазақстан Республикасында қызметтерін атқаратын жерлерде өз қызметтеріне қатысты қолданылатын түрлі салықтарды есептеу және төлеу жөніндегі талаптар бар. Бұл салықтар операциялық шығыстар құрамында пайда және шығындар туралы есепте бейнеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет