Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет419/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

рихи-салыстырмалы немесе пси -
 хологиялық мектептерге қар сы 
өзінің оң бағыттағы ролін көр-
сетті. Бірақ көркем әдебиетті зерт-
теу – оның ерекшелігіне және оған 
тән маңызды қоғамдық рольге бай-
ланысты мәдени-тарихи мектептің 
өкілдерінің еңбектерінде өзінің же-
ке, өзіндік мәнін жоғалтып, жал-
пы тарихта жойылып кетті. Басқа 
жағынан алғанда, жалпы тарихи 
да мудың объективтік заңдылығы 
жө нінде және жеке түрдегі көркем 
әде биеттің дамуы туралы ғылыми 
кө ріністердің болмауы мәдени-та-
рихи мектеп жақтаушыларын тари-
хи материалдардың эклектикалық 
жи налуына алып келді. Бұл – тари-
хилықсыз әдебиет тарихы.
«Францияда Ж. Ж. Руссо жә-
не Германияда Г. Гердер, Ресейде 
А. Н. Пыпин және тағы да басқалары 
әдебиет туралы ғылымның туу дә уі-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


443
V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
ріндегі ғұмырнамалық зерттеу лер-
дің, яғни биографизмнің, әдебиет 
тарихын ғылыми тексеруге апа-
ратын жетекшілік ролін айрықша 
атайды. Биографизм негізінен аса 
дарынды тұлғалар туралы болады 
да, әдебиет тарихының кезеңдерін 
айқындайды» [91, 229]. Классикалық 
мұраны игерудегі ендігі бір қадам 
ақын-жазушылардың өмір жолын 
жа зу арқылы шығармашылық мұра-
сына бару болды. Демек, біраз сөз 
ұлттық әдебиеттанудағы биогра-
физм мектебі жайында қозғалады. 
Ұлт әдебиетінің тарихи даму жо-
лына көз сала бастаған алғашқы қа-
дамдарда ғұмырнамалардың, яғни 
биографизмнің танымдық сипаты –
белгілі бір ақын-жазушы шығар-
машылығын, тарихи тұрғыда зерт-
теудегі жолашар боларлық маңы-
зымен құнды. Орыс әдебиеттану 
ғылымында да әдебиет тарихына 
ба рар жолды Державин, Фонвизин, 
Пушкин туралы биографиялық очер-
ктерден басталады деп санайтыны 
да сондықтан. Егер ғұмырнамалық 
сипаттағы мақалаларды әдебиетта-
ну ғылымының туу дәуіріне әкелер 
жолдағы бір саты десек, ол ХХ ғасыр 
басында Абай ғұмырнамасын жазу-
дан басталған үлкен жолға жалғасқан 
ізденістердің алғашқы соқпағы еді. 
Әрине, оларда сол кездегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің дәрежесіне 
сай таныстырмалық, халық мәдениеті 
мен әдебиетіндегі орнына қарай 
бағалаушылық көзқарас басым жат-
ты. Бірақ мәселе – олардың ғылыми 
сапасында емес, ұлт әдебиетінің өкілі 
туралы тарихи танымдық бағыттың 
басталуын дәлелдеуінде. 
ХХ ғасыр басында К. Ысқақов, 
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, 
М. Дулатовтардың қазақ әдебиетінің 
көрнекті дарындары туралы мақа-
лаларында олардың өмірі мен шы-
ғармашылығын танытуға деген та лап-
тілек те анық көрінді. Сол кезең дегі 
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді кө-
терген және сыни мақаламен салыс-
тыра қарағанда, бұла ғұмырнамалық 
негіздегі ғылыми-зерттеушілік си-
паты нақты танылатын еңбектер. 
Сол себептен де ұлт әдебиетінің да-
рынды өкілдері Ш. Уәлиханов пен 
А. Құнанбаев шығармашылығын ғы-
лыми тұрғыдан бағалауда, әдебиет 
тарихындағы және мәдениетіндегі 
орнын белгілеудегі алғашқы қадам 
деп қарасақ, классикалық мұраны 
зерттеудің бастауы мен сара жолға 
апарар негізгі соқпағы Қазан төң-
керісіне дейін-ақ көріне бастады 
деген тұжырымға келеміз. Себебі, 
әдебиет туралы ғылымның туу дә-
уіріндегі алғашқы еңбектердің ғұ-
мыр намалық сипатта болуы заңды. 
Орыс сыншысы В. Г. Белинский «ис-
точник творческой деятельности поэ-
та есть его духа, выражающийся вего 
личности, ипервого объяснения духа 
и характера его произведений должно 
искать в его личности», – деп жазған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


444


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет