Химияны оќытудыњ жања технологиялары



бет33/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

ІІІ. Тәжірибелік заттар: Ас тұзы мен қант ерітінділері бар стакандар, көмір электроды, ток көзі, электрлік шам, электролиз құрылғысы, мыс купоросының ерітіндісі, секундомер, таразы, гальванометр, 2 шеге, 2 сым, картоп пен пияз түйнегі, сынауықтар салынған штатив, СuSO4 ерітіндісі, Fe2(SO4)3, мыс сымы, темір шеге.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларға сұрау парағы таратылады.
2. Сұрау парағындағы сұрақтарға байланысты жауаптар береді.
3. Тәжірибелік жұмыс жасау.
4. Сабақты есептер шығару арқылы пысықтау.
5. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Сұрау парағы:
1. Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі электролизінің жинақталған теңдеуін жаз.
2. Формуласы келтірілген заттардың Н2SO4, Аl(NO3)3, Na2СО3, КСl қандай бөлшектерге бөлінетінін жаз. Катиондар мен аниондарды екі тік қатарға бөліп көрсет.
3. Суреттен қандай түсті бөлшектер анодқа немесе катодқа жылжитынын бағдар арқылы көрсет.



К- Со(NO3)2 А+
СuSO4
КМnO4
К2Cr 2O7




  1. 200 молекула 160 ионға ыдырады. Заттардың электролиттік диссоциациялану дәрежесін анықта. Бұл қандай электролит, күшті ме әлде әлсіз бе?

  2. Келесі заттар берілген: көміртегі, металдар (Cu, Zn, Mg), ерітінділер NaCl, AgNO3. осылардан гальваникалық элементтер құрастыр (қолданған заттарыңның астын сыз).

  3. Келесі балқымалардың КI, Al2O3 және Нg(NO3)2 ерітіндісінің электролиздену сызба нұсқасы теңдеулерін жаз.

  4. Фарадей заңын тексеріңдер («Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролизі» тәжірибе нәтижесімен есеп шығар).

  5. Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің массасын есепте, егер мыстың массасы ерітіндіде 18 % құраса, бұл масса мыс алуға жеткілікті болады.

Физика пәнінің мұғалімі сабақ тақырыбын, мақсатын және барысын айтады. Сосын барып оқушылармен бірге ұзақ уақытта орындалатын тәжірибе «Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролизін» қояды. Жұмыстың басында электродты өлшейді (катод), уақытты белгілейді, токтың күшін анықтайды. Оқушылар мыс (ІІ) сульфаты электролизінің реакциясын жазады. (1 - тапсырма)
Осыдан соң қос мұғалім оқушылармен әңгіме жүргізеді.
? «Электролиттік диссоциация» терминін түсіндір.
? Кесте арқылы диссоциация процесін түсіндір.
? Оң және теріс иондар қалай аталады?
? Заттардың диссоциациялық теңестірулерін қалай жазуға болады?
Химия пәнінің мұғалімі ас тұзы мен қанттың электр өткізгіштік тәжірибесін көрсетеді.
? Сөйлемді аяқтаңдар: «Электролиттер – бұл ...», «Суда ерігенде немесе балқытқанда олар ...».
Оқушылар формулалары 2 - тапсырмада берілген заттардың диссоциациялану теңдеулерін жазады.
? Электродтар қалай аталады?
? Зарядталған оң және теріс иондар қалай аталады?
Оқушылар катиондар мен аниондардың формулаларын екіге бөліп жазады.
? Қай электродқа иондар жылжитынын бағдармен көрсет
(3 - тапсырма).
? Барлық электролиттер иондарға бір уақытта ыдырай ма?
? Электролиттік диссоциация дәрежесі дегеніміз не?
? Қандай электролиттер күшті, ал қандайлары әлсіздерге жатады?
Оқушылар 4 – тапсырманы орындайды.
? Әлсіз электролиттің диссоциация дәрежесін қалай көбейтуге болады?
? Электр тогы дегеніміз не?
Физика пәнінің мұғалімі тәжірибе жүргізеді. Оқушылар пияз немесе картоп түйнегіне шегені тығып, оны гальванометрлік өткізгішке қосады. Гальванометрдің бағдары ауытқиды.
? Неге құралдың бағдары ауытқиды?
? Олардың ауысуының бағыты қандай?
Оқушылар келесі лабораториялық жұмысты жасайды. Олар темір шегені мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіне, ал мыс сымды темір (ІІІ) тұзы ерітіндісіне салады.
? Қай сынауықта реакция жүреді?
? Металдардың кернеу қатарын пайдаланып, құбылысты түсіндір.
? Активті металдар периодтық кестенің қай жерінде орналасқан?
Бұдан соң мұғалім оқушыларға әр түрлі активті металдар мен барлық ерітіндіде және өткізгіште белсенді тасымалдағыштар зарядына негізделген гальваникалық элемент қондырғысы бар екенін айтады.
? Олардың негізгі компоненттерін ата.
(жауап: І және ІІ текті өткізгіштер электрондар мен иондарды; белсенділігі әртүрлі екі металл немесе металл мен көміртек; электролит ерітіндісінде активтілігі төмен металл иондарын беруге арналған.)
Оқушылар 5 – тапсырманы орындайды: сызбанұсқа сызады және электрондардың орналасу бағытын көрсетеді.
? Гальваникалық элементтерді және гальваникалық элементтердің батареяларын қайда қолданады?
Оқушылар 6 – тапсырманы орындайды.
? Электролиз дегеніміз не?
? Натрий хлоридінің электролизі туралы айтып беріңдер.
Оқушылар жауап беру барысында өздерінің балқыма электролизі кестелерін қолданады:
Балқыма электролизі
(ерімейтін электродтар)
NaCl ↔ Na+ + Cl
А+ (анод)
К (катод) Cl е → Cl0
Na+ + е → Na0 2 Cl → Cl2

? Ерітінділердің электролизінің ерекшелігі неде? Бұл сұраққа да оқушылар өздерінің «Сулы ерітінділердің электролизі» атты кестелерін пайдаланады.


Сулы ерітінділердің электролизі
1. Li ден Al дейін Н2
КCl ↔ К+ + Cl
Н2О ↔ Н+ + ОН
К(катод) А+(анод)
Н+ + е → Н0 Cl − е → Cl0
2 Н → Н2↑ 2 Cl → Cl2
2. Mn тен H дейін Me Н2 – мен бірге
3. Н ден кейін Me
CuSO4 ↔ Cu2+ + SO42−
Н2О ↔ Н+ + ОН
К(катод) А+(анод)
Cu2+ + 2е → Cu0 2ОН − 2е → Н2О + О
2О → О2
Тотықпайтындар: SO42−; СО32−; РО43−; SO32−
Оқушылар 7 – тапсырманы орындайды:
Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың назарын приборға аударады. Приборда мыс купоросының электролизі өтіп жатады. Жұмысты аяқтап, мұғалім уақытты айтады (яғни реакцияның аяқталуын). Мыс бөлінген электродты өлшейді. Алынған мәліметтер тақтаға жазылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен Фарадей заңына байланысты есептер шығарады.

Есеп:
Тәжірибе барысында катодта бөлінген мыстың массасын анықта. Егер мыстың электрохимиялық эквиваленті К= 3*10-7 кг/Кл болса. Мыстың теориялық шығымын пайызбен есепте.



Берілгені:
І = 0,33 А
t = 53 мин = 3180 с
m1 = 52 г
m2 = 52,1 г
К = 3*10-7 кг/Кл

т/к m – ? Шешуі:
m = КІ∆t;
[m] = [(кг/Кл) * А * с] = [кг];
m = 3*10-7 * 0,33 * 3180 = 3*10-4 (кг)
mпр = m2 – m1;
mпр = 0,1 г = 10-4 кг
η = 10-4/3*10-4 = 0,3 (30 %)
Жауабы: 30 %
Есептен кейін оқушылар электролиздің ғылым мен техникадағы маңызын айтады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет