IV бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару
Дәріс №1. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
Жоспары:
Білім беру үрдісінің басқару мәселелерінің анықтамалық жүйесі. Мектептегі басқару және басшылыққаалу туралы анықтама беру. Басқару іс- әрекетінің негізгі принциптері.
Мектеп әкімшілігіне оқу - тәрбие жұмысын басқарудағы талаптары және мектеп әкімшілігін қызметтік функциялары.
Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтың кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін арттырудың негізі.
Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа түрлері.
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді: шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз.
Мектепішілік басқару дегеніміз: біртұтас педагогикалық үдеріске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мықсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. ІІедагогикалық басқарудын, білім беру жүйесіндегі басты объектісі-өсіп келе жатқан үрпақтың іс-әрекеті. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мүғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама-мемлекеттік қоғамдық үйымдар арқылы жүргізіледі. Әсіресе, мектептердегі тәрбиелік жүмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор.
Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты "Білім туралы" заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:
- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімдел-гіштігі;
- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
- білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.
Білім стандарты оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктемесінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке түлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.
Практикалық басқару іс-әрекетінің амал-тәсілдері -басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің амал-тәсілдері-ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсіл, амалдар: мектептерді басқару бойынша білім беру органдарының жұмыс тәжірибесін қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Педагогикалық үдерісті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі – мектепті.Білім беру жүйесіндегі немесе бөлектоптағы практикалық басқару іс-әрекетінің нәтижесі-тәжірибені көбейту, бұған оқу-тәрбие үдерісінің қортындылары дөлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі-жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |