3. Тәрбие жүйесі және сынып жетекшісінің міндеттері.
Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арқасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды. Әтүрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар, т.б.), ұлттық салт-дәстүрлер; оқыту үдерісін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен оқршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану.
Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:
Жүйенің қалыптасуы;
Ұжым іс-әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау;
Жүйені лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау мен жаңалықтарды енгізу.
Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпе, тәрбие жүйесін құру мүмкін емес, өйткені білім беру саласындағы қызметкер үшін іс-әрекет, басқа да саладағы сияқты мақсат пен міндеттер арқылы анықталады.
Тәрбие нәтижесі – тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы:
Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.
Өз-өзіне деген қатынас – қадір-қасиет.
Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.
Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.
Отанға деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.
Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.
Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.
Сыныптағы тәрбие жұмысы:
• Тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы;
• Сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесі;
• Тәрбие жүйесінің мақсат-міндеттері;
• Сынып өмірінің болашағы мен даму прициптері;
• Тәрбие жүйесінің тиімділігін бағалау критерийлері;
• Жүйеленген қызмет түрлері;
• Сыныптағы тәрбиелік іс-әрекеттер жиынтығы;
• Сынып ұжымын басқару;
• Сынып ұжымының өзара қатынасы;
• Тәрбие жүйесінің кезеңдері және даму ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |