І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


ҚР Конституциясының 27-бабында былай делінген



бет93/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

ҚР Конституциясының 27-бабында былай делінген:
1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық үрдістің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-кұлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Жанұяның тэрбиесіне негізгі сипаттама. Педагогикалық үдерістің сипаттамалары жанүяның тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байлайысты жанұядағы педагогикалық үдерістің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады: жоғары, орташа, төмен.
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан жанұялар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкешілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді, дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Жанұяда оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әр түрлі іс-әрекетке толы. Жанұядағы ара қатынас демократиялық түрғыда негізделген.
Орташа деңгейде жанұяның педагогикалық үдерісі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде түзетуді кажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады, үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес.
Төмен деңгей жанұяның іс-әрекетінде алауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін жанұялық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет