І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет92/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері:
• Ашық жүйе, қайталанбас мазмұны, вариативтік жұмысы негіздері, мақсаттылығы, көпфакторларлығы, екіжақтылығы, инновациялық бағыттылығы, ұжымдық-шығармашылық іс-әрекеттермен сипатталуы.

Дәріс № 8. Отбасы тәрбиесінің негіздері
Жоспары:

  1. Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі және мақсаты мен мазмұны

  2. Оқушыларды тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі

  3. Жанұя тәрбиесінің кұкықтық негізі.




  1. Жанұя - тәрбие факторы

Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болган. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейнің жоғары болуы.
Жанұя - болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Өркениетті қоғам дамыған сайын, жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол - балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі, оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Толық емес жанұларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана және бала ғана болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы - ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
Ата-ана құқығынан айырылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда, бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, себебі өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы немесе материалдық жағдайының төмен болуы жанұя жұмысын ұйымдастыруда келеңсіз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысуы қажет.
Ата-ана, жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет