7) компенсаторлық және техникалық құралдарға қажеттілік.
Оқу процесінде мүмкіндіктері шектеулі білім алушылардың есту, көру, сөйлеу қабілетінің бұзылулары жеке техникалық және компенсаторлық құралдармен қамту.
Мүгедек адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифлоқұралдар, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер) қамтамасыз етіледі.
Жыл сайын 200 мыңнан астам мүгедек адам оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі - ОТҚ) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі. ОТҚ-мен қамтамасыз ету үлесі 2018 жылы жалпы мұқтаждардың санының 57,8 %-ын құрады (2013 жылы - 88 %, 2015 жылы - 67 %, 2016 жылы - 67 %, 2017 жылы - 67,5 %).
Соңғы 3 жылда ОТҚ тізбесі мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса алғанда, атаулардың 32-ден 55 түріне дейін (1,7 есе) кеңейт 2015 жылдан бастап кохлеарлық импланттарға (бұдан әрі - КИ) сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметті 2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғанда 613 адам алды.
КИ бар балаларды әлеуметтендірудің негізгі нәтижесі 153 баланы мектептерде жалпы білім беру процесіне қосу, 171 баланы арнайы білім беру ұйымдарына жіберу және 34 баланы үйде оқыту болды.
Бұдан басқа, кохлеарлық импланттары бар балаларды ерте кезден тиімді оңалтуды дамыту қамтамасыз етілді. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде еліміздің әрбір өңірінен 990 бала күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеуін бейімдеуден өтті, бұл ретте, егер бұрын оңалту бір жылда бар болғаны 15 күн жүргізілсе, ал 2018 жылдан бері оңалту жылына 40 күн, яғни тоқсан сайын 10 күннен жүзеге асырылады.
Есту қабілеті бұзылған адамдарға 2017 жылдан бері ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты 2 есеге (30 сағаттан 60 сағатқа дейін) ұлғайтылды.
Стандарттар жетілдірілді және өндірістің жаңа технологиялары, протездік-ортопедиялық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа модельдері енгізілді:
1) есту аппараттарына арналған силиконнан жасалатын жеке құлақ жапсырмалары өндірісі;
2) протездер өндірісінде, ортопедияда 3-D модельдеуді қолдану өндірісте іске қосылды;
3) ең жаңа технологиялар бойынша протездер әзірленіп, өндіріске енгізілді.
Протездік-ортопедиялық бұйымдардың 90-ға жуық атауы дайындалады.
2015 жылы "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" акционерлік қоғамы мен "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны мүгедек адамдарды аяқ-қол ампутациясынан кейін бірнеше күннен соң протездеу бойынша пилоттық жоба жүргізділді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы азаматтың жеке қатысуынсыз медициналық деректер негізінде "Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба сынақтан өткізілді. 2018 жыл бойы 495 адам сырттай куәландырылд
Достарыңызбен бөлісу: |