Инвестиция түсінігі, нысандары және формаларының мәнін ашып жазыңыз


Инвестициялық институттар және олардың негізгі атқаратын қызметтерін жазыңыз



бет10/10
Дата15.10.2023
өлшемі53.06 Kb.
#480832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
емтихан сұрақтары Инвестициялау және несиелеу 3 курсФинанс 2

2.3.9.Инвестициялық институттар және олардың негізгі атқаратын қызметтерін жазыңыз
Инвестициялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын компаниялар, фирмалар, корпарациялар, қорлар және басқа да субъектілер, олардың ішінде банктер инвестициялық институттар деп аталады.
Осы институттар құрамындағы бірқатар салыстырмалық шектеулі нысандарды және тікелей инвестициялауды жүзеге асыратындарды үш топқа бөлуге болады:
1) холдинигтік компания түріндегі (типіндегі) акционерлік бірлестіктер;
2) қаржылық топтар;
3) қаржылық компаниялар.
Инвестициялық институттар құнды қағаздар нарығында қатысып, қызмет атқаруды арнаулы лицензия алғаннан кейін ғана жүргізеді, бірақ келесідей негізгі талаптарды орындалған жағдай да ғана:
1) штатқа сәйкес біліктіліктегі мамандардың болуы (сәйкес аттестаты болуы);
2) инвестор алдында материалды жауапкершілік болуы үшін минималды мөлшердегі меншікті капиталдың болуы;
3) құнды қағаздармен операцияны анық және толық бейнелейтін есеп және есеп беру жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
4) минималды қажетті жарғылық қормен қамтамасыз етілуі.


2.3.10.Шетел капиталын тартуды жетілдіру жолдарын жазыңыз
Инвестицияны қаржыландыру көздері туралы мәселені қарастырған кезде және оған шетел инвестициясын тартуда, әрбір нақты жағдайда инвестициялық жобаға бәсекелік қабілеттік өнім шығаруды қамтамасыз ететін техникамен технологияларды қарастырып, қаржы салуды қажет етеді.
Шетел капиталын тартуды жетілдіру де алдымен елдегі жүргізіліп отырған инвестициялық саясат пен жайлы инвестициялық климат өздерінің позитивтік әсерлерін тигізеді. Осымен бірге шетел капиталын ел экономикасына тартуда басқада (стратегиялық, тактикалық, техника-экономикалық) әдістемелер де жүзеге асырылады. Мысалы,шетел инвестициясын белсенді тартуды конценсиялық және компенсациялық келісімдер,лицензияны импорттау,венчурлық капитал және өзара пайдалылық жағдайымен алыс-жақын шетелдермен инвестициялық ауқымда бірлесіп жұмыс істеуді дамыту жолдарымен жүзеге асыруға болады.
Концессия – бұл мемлекеттің ұлттық экономиканы тұрақтандыру мен дамыту және табиғи байлықтарды игеру мақсатымен жекеше кәсіпқойларға,шетелдік заңды және жеке тұлғаларға өндіріс орындарын, жер телімдерін пайдалы қазбаларды өндіру мен әртүрлі нысандар құрылысын жүргізу құқығымен белгілі бір мезгілде пайдалануға беру туралы келісім-шарт болып табылады,содан соң осы келісім-шарт негізінде кәсіпорын құру құқығы беріледі.
Компенсациялық келісім жағдайы бойынша шетелдік партнер өнеркәсіптік-өндірістік және басқада тағайындылықтағы түрлі нысандар құрылысын жүргізу үшін инвестициялық несие бере алады және осы несие есебінен жабдықтар,машиналар мен басқадай техникаларды жеткізіп беруі мүмкін (бұл байлаулы несие) болып табылады.
Шетел капиталын тартудың тағы бір жолы лицензияны импорттау, оның көмегімен нарығы дамыған елдердің ең жақсы үлгілерін пайдалануға болады. Лицензияны импорттау – бұл патентпен қозғалған жаңалықты ойлап табады. Сол сияқты технологияларды, техникалық білімдерді, тәжірибиелерді, өндіріс құпияларын және т.б. пайдалану үшін шетелдік серіктестердің келісімін алу болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет