Инвестиция түсінігі, нысандары және формаларының мәнін ашып жазыңыз


Нормативтік бағалауды қолдану аясын сипаттаңыз



бет3/10
Дата15.10.2023
өлшемі53.06 Kb.
#480832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
емтихан сұрақтары Инвестициялау және несиелеу 3 курсФинанс 2

1.3.3.Нормативтік бағалауды қолдану аясын сипаттаңыз
Инвестициялық жоба тиімділігінің жалпылама негізгі критерилері ең көп пайда, еңбек шығынының ең азы, мақсатқа жетудегі ең аз уақыт, өнім сапасы және басқа көрсеткіштердің болулары мүмкін. Бұл критерилер басты аспектілерді пайдалану жағдайын көрсету мен бейнелеуге қажетті және бұған оларды қатыстыру тиісті болып табылады. Көптігіне қарамастан, оларды мынадай негізгі 4-топтауға біріктіруге болады:
1) қаржы – экономикалық;
2) ресурстық;
3) нормативтік;
4) басқалары.
Нормативтік өлшем өзіне мыналарды біріктіреді: құқықтық критерияны (ұлттық және халықаралық құқық нормалары),қолданыстағы стандарттар талаптары, петенттік қабілеттілік және басқада жағдайлар мен интеллектуальды меншік құқығын сақтау. Бұл аталғандардың біреуін сақтамау қандай да тиімді жобаның орындалмауына әкеліп соқтыруы мүмкін.


1.3.4.Коммерциялық тиімділіктің мазмұнын көрсетіңіз+ (1.3.2.) (1.3.5.)

Шаруашылықтың нарықтық жағдайында көбінде тәжірибеде жіктеу бойынша инвестиция тиімділігін үш түрге бөледі:1) экономикалық; 2) коммерциялық; 3) бюджеттік.


Қаржылық шығындар мен инвестициялық жобаны жүзеге асырудан болатын, оның табыстылық нормасын қамтамасыз ететін нәтижелер арасындағы қатынаспен анықталатын тиімділікті коомерциялық тиімділік деп атайды. Коомерциялық тиімділікті есептеу бүтіндей инвестициялық жоба бойынша жүргізіледі. Сол сияқты әркімнің,осы жобаға салған салымдық үлестерін ескере отырып, әрбір қатысушылар бойынша да осындай есептеу жүргізіледі.
1.3.5.Бюджеттік тиімділіктің ерекешелігі мен анықтау жолына түсініктеме беріңіз+(1.3.2.) (1.3.4.)
Шаруашылықтың нарықтық жағдайында көбінде тәжірибеде жіктеу бойынша инвестиция тиімділігін үш түрге бөледі:1) экономикалық; 2) коммерциялық; 3) бюджеттік.
Бюджеттің тиімділік көрсеткіштеріне қатысты айтқан кезде, олардың инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы нәтижелері, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындары өздерінің көрінісін табулары керек. Қарастырылып отырған жобаны қаржылық қолдауды негіздеу кезінде қоданылатын тиімділіктің бұл түріндегі негізгі көрсеткіш келесідей формуламен анықталатын бюджеттік тиімділік (эффект) болып саналады:
БЭt = Dt – Pt, бұл жерде:
БЭt – сәйкес кезеңдегі (t) бюджеттік эффект;
Dt – t кезеңіндегі табыс шамасы;
Pt – t жылдағы шығындар.
Бюджеттің тиімділік көрсеткішінің табыс жағын (Dt) есептеу кезінде, оған осы инвестициялық жобаны жүзеге асыруға жатқызылатын сәйкес бюджет түсімдерін қосу қажет болып табылады. Мұндай түсімдерге жерді,суды және басқа табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер, барлау жұмыстарындағы тендерлік шараларды лицензиялаудан түсетін табыстар,құрылысты жобалау мен нысандарды пайдалануға беруден алатын табыстар,содан соң мемлекетке жататын және осы жобаны қаржыландыру
мақсатымен арнаулы шығарылған құнды қағаздар бойынша төленетін дивиденттер, салықтық және ренталық төлемдік түсімдер,кедендік пошлиналар, өндірген өнім бойынша алынатын акциздер және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет