1.3.1.Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін көрсетіңіз
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Инвестициялық жобалаудың тиімділігін бағалау әдістері түрлі шаралар мен нысандарға ұзақ мерзімге капитал салымын жасаудың, әрі олардың қайтарымдылық болашағы мен пайдалық жеткіліктілігін бағалау мақсатында, осылардың тиімділігін анықтау жолдары болып табылады.
Инвестициялық жобалардың альтернативті варианттарын қарастыра отырып, оның ішінен ең жақсысын таңдап алу үшін тыңғылықты талдауды қажет етеді.
Инвестициялық жобаларды бағалау өлшемі мен әдістерін талдау кезінде осы жобаның ерекшелігін, ондағы көрсетілген инновацияны, саланың түрін (типін) және қарастырылып отырған жобаға оң немесе теріс әсерін тигізетін басқада факторларды ескеру қажет болып табылады.
Шетелде де, қазір біздің елімізде де аса жиі қолданылатын 5 негізгі әдістер бар, оларды шартты түрде 2 топқа біріктіруге болады. Оның 1-ші тобына дисконттық концепция қодануға негізделген екі әдістеме кіреді: 1)таза ағымдық бағаны анықтау әдісі; 2)инвестиция рентабельділігі мен пайданың ішкі нормасын есептеу әдісі. 2-ші топтамаға 3 әдістемелер енеді, яғни дисконттық концепцияны қолдануды қарастырмайтын қарапайым немесе дәстүрлі деп аталатын әдістер: 1) қайтарымдылық мерзімін есептеу әдісі; 2) пайданың орташа (есептік, жобалық немесе жылдық) нормасын есептеу әдісі, кейбір кездерде оны инвестицияның бухгалтерлік тиімділігін (рентабельділігін) анықтау әдісі деп те атайды; 3) зиянсыздық нүктесін табу әдісі болып табылады.
1.3.2.Инвестицияның экономикалық тиімділігін тұжырымдаңыз+(1.3.4.) (1.3.5.)
Шаруашылықтың нарықтық жағдайында көбінде тәжірибеде жіктеу бойынша инвестиция тиімділігін үш түрге бөледі:1) экономикалық; 2) коммерциялық; 3) бюджеттік. Экономикалық тиімділіктің бұл түрі инвестициялық үдерісті ұйымдастырумен жүзеге асыруда болатын шығындарымен нәтижесі есепке алынады. Бұл жерде тиімділік көрсеткіштері нақтылы инвестициялық жобаға қатысушылардың қызығу шегінен тысқа шығып, оны қаржылық бағалауды қажет етеді. Мысалы, әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқадай сипаттардағы шығындарға құндық баға беруге болады және экономикалық тиімділікке сәйкес деңгейінде бұны қосымша көрсеткіш түрінде қарастырып, инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша және мемлекет тарапынан қолдау көрсету туралы шешім қабылдау үдерісінде ескеру қажет. Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінде инвестициялық үдерісті ұйымдастырумен жүзеге асыруға қатысушылардың әрбірінің және бүтіндей қоғам қызығушылықтары көрініс табуға тиіс.
Бүкіл әлемдік банктік экономикалық даму Институтының тізбектілігі бойынша инвестициялық жобаны экономикалық талдау барлық басқадай талдау түрлерінің аяқталуы сатысында қарастырылады. Бұл кездейсоқ жағдай емес, себебі экономикалық бағалау барлық басқа бағалау түрлерінің нәтижесін есептеп, жинақталынған қортынды түрі болып табылады (техникалық, коммерциялық, қаржылық, әлеуметтік, т.б бағалаулар).
Достарыңызбен бөлісу: |