Инвестиция түсінігі, нысандары және формаларының мәнін ашып жазыңыз


Ішкі банктік аудиторлық тексеру не үшін жүргізілген қорытынды жасаңыз



бет6/10
Дата15.10.2023
өлшемі53.06 Kb.
#480832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
емтихан сұрақтары Инвестициялау және несиелеу 3 курсФинанс 2

2.3.1.Ішкі банктік аудиторлық тексеру не үшін жүргізілген қорытынды жасаңыз.
Нарық жағдайындағы банктердің несие қызметінде ішкі аудиттің болуы қажеттілігі жағынан өте актуальды. Осы мақсатпен банктің 1-ші бастығына немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаға тікелей бағынатын арнаулы аудиторлық қызмет құрылады.
Ішкі аудиторлық тексерудің негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:
- мерзімі өткен несиелер бойынша банктік шоттардағы қаржы қалдықтарының жағдайын анықтау;
- несиелерді қайтару қамтамасыздығы мен несие тәуекелін азайту (міндеттеме) мүмкіншіліктерін нақтылы жағдайды анықтау;
- несиелендіру үдерісін ұйымдастырудағы нақтылы жағдайды тексеру бақылаушылық талдау оның ішінде несие беру тәжірибиесі банктің несиелік меморандум талаптарына сәйкестігі,есепке алу құжаттарындағы несиелердің, әсіресе мерзімі ұзартылған және мерзімі өткендердің дұрыс сәйкес бейнеленгендігімен несиелендіруден шеккен зияндардың орнын жабу мүмкіндігі, т.б. тексеріледі.
Ішкі банктік аудиторлық тексеру кезінде арнаулы тіркеу жорналына несие алуға тапсырылған өтініштің дұрыс есепке алынғандығына бақылау жасалынады. Бұл жердегі негізгі реквизиттік көрсеткіштер: өтініштің түскен күні, клиенттің (болашақ қарызгердің) аты және мекен-жайы,сұралып отырған несие сомасы,тағайындылығы,мерзімі және қойылған үлестік ставкасы, несие қамтамасыздығы мен материалдарды банктік несиелік Коммитетінің қарауына жіберілген және шешім қабылдаған күндерін белгілейтін ескертпе кестесіне тексеру жүргізіледі.
2.3.2.Кепілдік және кепіл беру жолдарын көрсетіңіз
Кепілдік, қарызға берілген қарызды қайтару бойыша мәміледегі өз міндеттемелерін орындатуға қарызгерге түрткі болып табылады. Заңдық жағынан алып қарағанда, кепілдік деп түсінетініміз - бұл кепіл ұстаушының (несие беруші -банк) басқа несие алғандардың алдында кепілге салынған мүлік құны есебінен орын толтыруды артықшылықпен алу құқығы болып табылады.
Кепілдіктің негізгі субъектілері кепіл беруші және кепілұстаушы болып табылады. Кепіл беруші ретінде мүлікті кепілге беретін заңды немесе жеке тұлғалар болып келеді. Кепіл беруші субъект қарызгердің өзі,содан соң 3-ші тұлға болуы мүмкін. Кепіл ұстаушы кепілдік мүлікті қабылдаушы тұлға болып табылады (бұл несие беруші -банк). Кепіл заттары: жылжитын және жылжимайтын мүліктер,құнды қағаздар,валюталық құндылықтар,содан соң мүліктік құқықтар болу мүмкін.Бұл жердегі аса маңызды жағдай, кепіл заттарының ақшадай бағасы және олар өтімді болуға тиісті,яғни оларды сату үшін қажетті сапасы болуы керек. Шетелдік және біздің қазақстандық тәжірибиеде кепіл затының кімде болуына байланысты кепілдіктің екі түрі қолданылады: 1)кепілге салынған мүлік кепіл берушіде қалады; 2)салынған мүлік пен мүліктік құқықтар кепілұстаушыға беріледі. Тәжірибиеде осының 1-ші түрі кең таралған, яғни кепіл ұстаушыға кепілдік мүлікті бермеу жағдайы, бұл кепіл берушіге (қарызгерге),кепілдік мүлікті пайдалана отырып, кәсіпқойлық қызметің жалғастыра беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге, қажет болған жағдайда (төлемеу, өткізу уақытын туындағанда) кепіл ұстаушының кепілдік туралы мәмілеге сәйкес,өндіріп алуға бағыттау құқығы бар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет