2.3.3.Несиені қайтару қамтамасыздығының дәстүрлі емес тәсілдерін анықтаңыз
Несиені қайтару қамтамасыздығының дәстүрлі емес тәсілдеріне: несиені қайтару жауапкершілігін сақтандыру, вексель, аккредитив, дисконтпен қарызды сату, факторинг және диффейтинг, банкроттық, қарызгердің шетелдердегі шоттарын қаржы қайтарып алу жатады.
Бұл тәсілдердің негізгі мазмұндары: несиені қайтару бойынша жауапкершілікті сақтандыру тәсілі мен нарықтық жағдайда оның қалыптасуының алғы шарт жасалынумен болашақта ұлттық экономиканың дамуын тұрақтандыру және ынталандыру негізінде инвестициялық климатты жақсартумен еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларға осылардың оң әсерін тигізетінімен түсіндіріледі.
Жауапкершілікті сақтандыру тәсілі, оған қатысушы үш жаққа (несие беруші-банк, қарызгер және сақтандырушы) өзара пайдалы келісім жасауға көмектеседі.
Несиенің қайтару қамтамасыздығы ретінде өздерінің позитивтік рөлдерін вексель және аккредитивтер атқарады. Олардың түрлері, сипаттамасы, реквизиттері және заңдық формалары туралы «Банк ісі» мен «құнды қағаздар нарығы» пәндерінде жақсы көрсетілген.
Қамтамасыздық критериялары бойынша аккредитивтердің үш түрі болады:
1) кері шақырылатын;
2) расталмаған, кері шақырылмайтын;
3) расталыған кері шақырылмайтын.
2.3.4.Кері шақырылатын аккредитивті жазыңыз
Қамтамасыздық критериялары бойынша аккредитивтердің үш түрі болады:
1) кері шақырылатын;
2) расталмаған, кері шақырылмайтын;
3) расталыған кері шақырылмайтын.
Кері шақырылатын аккредитив - бұл оны ашқан банк кезкелген уақытта,пайдасына тағайындап ашылған субъектіні (бенефициарды) алдын-ала хабарламастан, кері шақырылып алуы немесе оның күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив түрінің кішкене оң (плюс) және үлкен теріс (минус) жағы бар. Бұның артықшылығы, оның қарапайымдылығы мен банктің (сатушы) орналасқан жерінде төлемді тез және шұғыл жүргізуге болатындығынды. Ал оның кемшілігі, бұны орындау мүмкіндігімен байланысты серіктестіктер арасында өзара толық сенімділіктің болуы қажетті. Қалған басқа жағдайлардың барлығында кері шақырылмайтын аккредитивтерді пайдалану ұсынылады,себебі олардың мәні бойынша қызығушылық білдіретін жақтардың 54 (экспоттердің) келісімінсіз кері шақырып алуға немесе оның күші бар мерзім аяғынан ерте өзгертуге болмайды. Расталмаған кері шақырылмайтын аккредитивте қарызгерге (несие алушы)қызмет көрсететін банк, оған қатысы болғандықтан төлем жүргізу міндетін өзіне алады және аккредитив құжаттарының жағдайына сәйкес белгіленген мерзімге тапсырылған кезде ғана өзіне осы міндеттемені алады.
Достарыңызбен бөлісу: |