2.3.7.Акционерлеу- инвестициялардың өзіндік әдісі ретінде қарастырыңыз
Экономикалық қайта құрумен нарықтық қатынастар дамуының біртіндеп тереңдей енуіне байланысты инвестициялық сферада ірі құрылымдық өзгерістер, сол сияқты инвестициялаудың тиімді әдістемелерін пайдалану орын алды. Осы аспектіде акционерлеу үрдісі даму үстінде және оның инвестициялаудағы позитивтік әдістері жетілдірілуде. Өндірістік сферада, содан соң банктік секторда акционерлік қоғамдар (АҚ) пайда болып, даму жолында (сан жағынан да, сапа жағынан да абсолюттік артықшылықпен көрініс алуда).
АҚ-ның жарғылық капиталы негізінен акцияларды сатудан қалыптасады. Акция бұл АҚ қызметіне қатысуға акционер құқығын растайтын құнды қағаз. Өзінің табиғаты бойынша акция өндіріспен өте тығыз байланысты болып келеді. Акция қаржылық ресурстарды жинақтау және инвестициялау құралы қызметін атқарады. Акционерлеу және акция қозғалысын кеңейту инвестицияны айтарлықтай қаржы резервтерімен қамтамасыз етудің бір жолы болып табылады.
Акционерлік фирмада шаруашылық жүргізудің бірқатар артықшылықтары мен ынталандыру сылтаулары бар, оның ішінде:
- дивиденттер мөлшері (АҚ-ға қатысулардың табысы) оның қызмет нәтижесіне тікелей тәуелді;
- зиян шеккен жағдайда дивидент төленбейді (зиянсыз жұмыс істеуге ынта);
- банкрот болған жағдайда АҚ-ның барлық қатысушылары ортақ жауапкершілікте болады;
- акциялар көмегімен жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламалар, жоғары тиімді технологиялар мен техникалық қайта жарақтау мен және т.б. бағыттағы мақсатпен сипатталады;
- АҚ мүшелерінің акцияға салымдары үлкен әлеуметтік қорғаныста болады. Экономикалық басқарудың құралы,оның ішінде инвестициялау әдісінің тиімді түрі ретінде құнды қағаз - акцияны пайдалану тәжірибиесі әлемдік практикадан жинақталған
2.3.8.Инвестициялаудың лизингтік әдісін сипаттаңыз
Лизинг ағылшын тілінен аударғанда «аренда» (жалға алу не беру) мағынасын білдіреді. Ал, бизнесте лизинг негізгі қорларды (жабдықтар,ғимараттар мен техникалар) кәсіпқойлық жалға деп немесе оларды жалға алу деп түсіндіреді. Сонымен бірге, лизинг – бұл ұзақ мерзімдік жалға алу болып табылады және жалға алынған мүлікті қалдық бағасы бойынша сатып алу мүмкіндігін туындатады.
Және лизинг өзінің мәні бойынша қаржылық операцияны білдіреді, яғни бұл мақсатта ол несие болып табылады, өйткені мамандандырыған лизингті компания жабдықтары сатып алуға немесе ғимараттарды жалға алуға несиені банктен алады (бұл операцияларды банктің өзі де жүргізе алады).
Қазіргі біздің уақытымызда лизинг алыс шетелдерде өте кеңінен тарау алған. Лизингтік операциялардың екі түрі бар: оперативтік және қаржылық.
Оперативтік лизинг – бұл әдетте,амортизациялық кезеңнен аз уақытта жасалынатын қысқа және орта мерзімдік контрактымен сипатталады, яғни толықтай қайтарылмайтын несие ақталмайтын болып табылады. Толықтай ақталмайтын жағдайы жалға берілетін мүліктердің сатып алудағы шығындары мен құнының толықтай амортизациялаумен қайтарылмауы,яғни ішінара ғана ақталуы болып табылады.
Қаржылық лизинг кезінде, жалға алу мерзімі ағымында ,қатаң орнатылған сомада жалқыны төлеу қарастырылады, әрі бұл жерде, ол жабдықтар мен машиналардың толық амортизациясын қамтамасыз етуі қажет етеді. Қаржылық лизинг өз кезегінде үш түрге бөлінеді: қызмет көрсетумен байланысты лизинг; лизинг ливеридж; «пакеттегі» лизинг. Қызмет көрсету лизингіке кезінде мердігерлік келісім-шартпен қаржылық лизингтің үйлесуі орын алады және жалға берілген жабдықтарды ұстау мен оларға қызмет етуге байланысты бірқатар қызмет көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |