Инвестиция түсінігі, нысандары және формаларының мәнін ашып жазыңыз


Инвестициялық үдеріске қаржы берудің негізгі әдістерін тұжырымдаңыз



бет4/10
Дата15.10.2023
өлшемі53.06 Kb.
#480832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
емтихан сұрақтары Инвестициялау және несиелеу 3 курсФинанс 2

1.3.6.Инвестициялық үдеріске қаржы берудің негізгі әдістерін тұжырымдаңыз
Инвестициялық үдерісті қаржылық қамтамасыз ету жүйесі инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерімен және инвестициялау әдістерін бір-бірімен байланыста жүргізу қажет болып табылады. Инвестициялық үдерісте қаржы берудің негізгі әдістеріне бюджеттік, қор түріндегі, несиелік, өзін-өзі қаржыландыру, аралас әдістер жатады.
Инвестицияны қаржыландырудың бюджеттік (қайтарымсыздық) әдісі сол кездегі экономикалық жағдайда барлық мемлекеттік кәсіпорындар үшін, олардың қаржылық жағдайына тәуелсіз негізгі қорларын құруды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, бұл әдіс бөлінген қаржыларды рационалды пайдалануда шаруашылық субъектілердің материалдық қызығушылығының болмауын, оның теріс жақтарын көрсетіп берді, себебі қаржыларды мемлекет тегін және қайтарымсыз беріп отырды.
Инвестицияны қаржыландырудың келесі формалары мен жолдары кеңінен таралған
1) акцияны сатып алуға ақша қаржыларын салым жолымен болатын акционерлік инвестициялау;
2) лизинг, яғни жалға берушінің меншік құқығын сақтау кезіндегі мүлікті ұзақ мерзімге жалға беру арқылы инвестицияны қаржыландыру әдісі (машина,қондырғылар мен көлік және басқа құралдарды орта – және ұзақ мерзімге жалға беру);
3) ипотека, бұл жерде жылжимайтын мүліктерді кепілге беру түрі (жерді,кәсіпорынды,ғимараттарды және жермен байланысты басқада нысандарды), яғни қарызға ақша қаржыларын алу мақсатымен және т.б.
1.3.7.Еркін экономикалық аймақтағы инвестицияны қаржыландыру= (1.3.10)
Қайта құру жағдайында кең ауқымдағы нарықтық экономикаға өту уақытында бұрынғы кеңестік елдердің экономикасын, оның ішінде Қазақстанның да, интеграциялаудың үлкен мағынасы бар. Осы мақсатта еркін экономикалық аймақ немесе еркін кәсіпкерлік аймақтар құру өте маңызды. Олар жергілікті басқару органдардың бастамасы бойынша ҚР Үкіметінің шешімімен еркін экономикалық аймақтық шаруашылық-қаржылық қызметі негізінен өзін-өзі қаржыландыру мен қайтарымдылық принципімен жүргізілуге тиісті. Бұл жерде ЕЭА өзін-өзі толықтай қайтарымдылығы 5 -7 жыл мерзімінде ерте шығуымен шектелмейді. Бұл мерзім ағымында негізгі инвестиция өндірістік инфрақұрылымға және базалық әлеуметін салу, бұл үдерісті әрі жүргізуге тиісті, осыған қатысты аймақ қызметінің экономикалық механизімін жасау қажетті болып табылады.
Бастапқы кезеңде ЕЭА қаржыландыру тікелей инвестициялау түрінде бюджеттен тыс қорлардан және мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуі мүмкін. Мемлекет үшін басымдылық болып табылатын (көлік,байланыс және т.б.) әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардағы осы нысандарды құру маңызды болып табылады, содан соң экспорттық өнім шығару бойынша нысандарды да құру қажет деп есептеледі.
Бұл қаржыландыру ЕЭА негізгі қорларды құруда мемлекеттің үлестік қатысу есебінде деп қарастырылды. ЕЭА қалыптастыру сатысы аяқталған соң, бұған берілген салымдарды бюджетке біртіндеп қайтару механизімі орнатылды. Сол сияқты, инвестицияны қаржыландыру үшін отандық және шетелдік ЕЭА орналасқан біріккен кәсіпорындардың меншікті қаржыларының тартылуы мүмкін деп есептелінеді.
Осыдан ЕЭА инвестицияны қаржыландырудың айтарлықтай көздері ішкі және сыртқы несиелік ресурстардан тұрады. Елде жүргізіліп жатқан қаржы-неселік саясат ЕЭА қызметіндегі мақсатты бағыттарды реттеудің тиімді құралы болып нарықтық қайта құруды енгізу мен тереңдету кезеңінде айрықша орын алып, маңызды рөль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет