ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)____ _
197
және жалпылау; заманауи геодезиялық аспаптардың кӛмегімен
игерілетін аумақтардың
деформацияларына қайталама геодезиялық бақылаулар жҥргізу; қабат шатырының шӛгуін
теориялық есептеу арқылы жер бетінің шӛгу процесіне әртҥрлі факторлардың әсерін бағалау;
теңіз арнасы сияқты бірегей инженерлік қҧрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын геодезиялық
қамтамасыз ету.
Нәтижелер
және
оларды
талқылау.
Геодезиялық
бақылаулар.
«Теңіз»
геодинамикалық полигонында (ГДП) II-сыныпты нивелирлеу Leiсa WILD NA 3003
фирмасының алға және кері бағытта қосарланған нивелирлеу әдісі бойынша Инвар рейкалары
бар цифрлық лазерлік нивелирімен жҥргізілді. Нивелир ҥшін 0,4 мм дәлдікке тӛзімділік
орнатылды, бҧл I – класты нивелирлеу тӛзімділігіне сәйкес келеді.
1 суретте жоғары дәлдіктегі II сыныпты қайта нивелирлеу сызығының және ол
сызықтың бойында орналасқан нивелирлік пункттердің нақты орналасуының бейнесуреті
келтірілген.
1-1 профиль кен орнының жайылуы бойынша ӛтеді. Сәйкесінше 2015 жылы профильді бойлап
15 нивелирлік пункт орналастырылды. Нивирлеу жҧмыстарын жҥргізу
мақсатымен қосымша
№ 3 GPS орналастырылды. Жалпы алғанда, 1-1 профиль 1-ші циклдік 16 туралау нҥктесінен
қҧрастырылған.
Нәтижесінде бҧл жҥйе кӛмірсутектерді ӛндіру процесінде кен орнындағы ҥздіксіз
ӛзгеріп отыратын геологиялық жағдайға сәйкес ҥздіксіз ӛзгеріп
отыратын геодинамикалық
жағдайды бақылауды жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді.
Қолда бар деректер және негізгі
әдістердің ҥйлесімі далалық жағдайдағы деформациялық
процестердің қасиеттері мен
кеңістік-уақыттық заңдылықтарын зерттеуге мҥмкіндік беретін керекті кӛлемдегі
ақпарат алуға мҥмкіндік береді
[15].
Сурет 1 – Кен орны аумағындағы гравиметриялық пункттермен және GPS-пункттермен
біріктірілген нивелирлік пункттердің жоба бойынша жоспарланған орналасу орындарының
суреті. Кӛк тҥспен белгіленген нҥктелер – нивелирлік пункттер, олар гравиметриялық
пункттермен біріктірілді. Қызыл тҥсті шеңберлер - GPS пунктері
Жоғары дәлдіктегі II сыныпты қайта нивелирлеу. Кен орны аумағында
геодинамикалық мониторинг жҥргізу жҧмыстары жоспарланған. Осы бағдарламаға сәйкес
2019 жылдың тамыз айында жоғары дәлдіктегі II сыныпты нивелирлеу жҧмыстары орындалды.
Сонымен қатар кен орны территориясында GPS-ӛлшеулер жҥргізілді. Ӛлшеу жҧмыстарының
алдында GPS-пункттер желісі тексерілді. Тексеру нәтижесінде ӛлшеулер жҥргізуге
арналған
пунктер жақсы сақталғандығы және ӛлшеу жҧмыстарын жҥргізуге жарамды екендігі
анықталды.
Ӛлшеу жҧмыстары кен орны контуры аумағында тӛрт GPS пункті бойынша жҥргізілді.
Соның ішінде GPS-5 бақылау пунктінде және қатардағы ҥш пункте ӛлшеулер жҥргізілді. Осы
жҧмыстарды орындау мақсатында екі жиілікті қабылдағыштармен жабдықталған Leica 1200
қҧрылғысының тӛрт жинағы қолданылды. Далалық ӛлшеу жҧмыстарының нәтижелерін ӛңдеу
ҥшін GPS-5 базалық пунктінен алынған мәліметтер және Leica Geo Office арнайы бағдарлама
қолданылды. Сондай-ақ GPS-5 бақылау пунктының координаттары ӛлшеу жҧмыстарының
барысында бекітілген кҥйде болды.
Ӛлшеу сапасы сеанстардың бір-біріне қабаттасу нҥктелеріндегі қашықтықтар бойынша
бағаланды. Жалпылама бақылау ӛлшемдері 3 нҥктеде жҥргізілді. Бірлік ӛлшеулер ҥшін