Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет37/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Сҧйықтық ӛлшемдері. Сұйықты ӛлшеудің ежелгі русьте-
гі ӛлшемдерінің жағдайы мүлдем нашар. Метрологиялық тұрғы-
дан қайнар кӛздер шелек пен бӛшкені, кейіннен – корчаганы 
атайды. Аталған ӛлшемдердің тым болмағанда шамамен алын-
ған ӛлшеуіштерін анықтау әрекеттерінің барлығы сәтсіздікпен 
аяқталған. Мәселен, Д.И.Прозоровскийдің ежелгі шелектің 9-
10 кг суға теңестіру туралы тұжырымы. Шелек ұнтақ заттардың 
да ӛлшемі ретінде қолданыла алады. Корчага мӛлшерін анық-
тауда аудармалы грек қайнар кӛздері мәлімет береді, бұл тер-


145 
минмен «керамион» – 12,28 кг. тең ұнтақ заттардың ӛлшемі 
аталады. 
Салмақ ӛлшемі. Ежелгі Русьтегі салмақ ӛлшемі ретінде 
гривна ұғымы қолданылған. Оның атауы славяндардың және 
басқа да бір қатар халықтардың арасында кеңінен қолданылатын 
мойын әшекейі – гривнамен байланысты. Гривнаның салмақтық 
мәнінің шығу тарихы анықталмаған. Бір зерттеушілер оны ви-
зантиялық салмақ бірлігі литрмен (римдік – либра) байланысты-
рып, 136,44 г теңестірген. Бұған негіз болып князь Олегтің
911 жылы гректермен жасаған келісімі табылған. Аталған келі-
сім бойынша қасақана жасалған соққы үшін кінәлі «орыс заңы 
бойынша» 5 литр кӛлемінде күміс тӛлеуі тиіс болды. Бұл айып-
пұлды орыс шындығы бойынша сәйкес жазамен салыстыра оты-
рып, аталған ӛлшемдерді теңестіріп, гривнаның нақты салмағын 
есептеуге болады. Алайда бұл жол әдістемелік тұрғыдан нашар 
негізделген. Себебі, біріншіден, Орыс Шындығы – халықаралық 
қақтығыстарды реттемеген ішкі заңдылықтың ескерткіші, екін-
шіден, бұл жерде айыппұлдың ставкасы емес, жазаның түрі ту-
ралы айтылған. Гривнаның византиялық шығу тегіне қарсы ке-
летін нақты дәлел Ежелгі Русьтағы күміс құймаларының ара-
сында 136,44 г салмаққа жақын келетін құйманың болмауы бо-
лып табылады. Ӛз уақытында И.И.Кауфманның гривнаның шы-
ғыстан шыққандығы туралы гипотезасы тиісті деңгейде дәлел-
денген болып саналған. Русьтегі ақша шаруашылығында салма-
ғы шамамен 204 кг тең келетін новгородтық күміс құймалары 
кеңінен таралған. Бұл салмақ араб фунтының тең жартысын 
құраған, фунт ұғымы арабтарға Ирактан келген. Осылайша
ежелгі русьтегі гривна кейінгі орыс фунтының жартысына, яғни, 
409,512 г. тең келген. И.И.Кауфманның пікірінше, Ежелгі Русьте 
гривна 96 алтыншадан тұрған, яғни, 409,512 г тең болған. Қа-
зіргі уақытта, Кауфманның гипотезасына қарсы кӛзқарастар қа-
лыптасып отыр. Ежелгі Русьте гривна салмақ ӛлшемі ғана бол-
ған жоқ, сонымен қатар ол ақша-салмақ және ақша есеп бірлігі 
де болып табылған. Ежелгі Русьтегі ақша құймаларының ішінде 
салмағы 409 кг тең келетін құйма болмаған. Алайда, орыс грив-
насының шығуы туралы теория әлі күнге дейін қалыптаспаған.


146 
Жазбаша қайнар кӛздерде гривнаның тең жартысынан тұ-
ратын гривенка ұғымы жиі кездеседі. Ежелгі Русь ескерткіш-
терінде ӛте ұсақ салмақ ӛлшемдері арасында алтынша бірлігі 
жиі қолданылған. Осы терминмен Ежелгі Русь монеталары да 
аталған. Сондықтан, қайнар кӛздерде монеталар немесе салмақ 
бірлігі ретінде айтылғандығын анықтау ӛте қиын.
Ірі салмақ бірлігі ретінде Ежелгі Русь қайнар кӛздерінде 
пуд немесе берковец қарастырылған. Бұл ӛлшемдер Всеволд 
князінің Жарғылық грамотасында жиі кездеседі, алайда олардың 
нақты салмақтық мәні анықталмаған. «Берковец» термині бірқа-
тар авторлардың пікірінше, Х-ХІ ғасырларда Шығыспен және 
Батыспен тығыз сауда қарым-қатынасын жасаған Бирка қаласы-
мен (Швеция) байланысты. Всеволод княздің Жарғылық грамо-
тасында берковецпен восктің салмағы ӛлшенген. Ежелгі Русьте-
гі салмақ бірліктерінің ара-қатынасы бүгінгі күнге дейін анық-
талмай келе жатыр. Соңғы кездері пуд 40 үлкен немесе 80 кіші 
гривенкаға, ал берковец 10 пудқа теңестірілген. 


147 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет