«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет96/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

 
 
Клиникалық жағдай №11 
36 жастағы науқас келесi шағымдармен келдi: жүргенде, кiшкене күш 
түскенде мазалайтын ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы, аяқ 
бастарының iсiнуi, жалпы әлсiздiк. 
Анамнезiнен: өзiн соңғы 8 ай iшiнде науқас санайды. Себепсiз ентiгу, 
әлсiздiк, iсiну күшейе түскен. Мөлтектiк дәрiгер дигоксин, фуросемидпен 
емдеген. Нәтиже болмаған.. 
Обьективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз, аяқ 
бастарының iсiнуi айқын. Тыныс жиілігі 24 минутына. Өкпесiнің төменгi 
бөлiктерiнде перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда сол 
жерде үнсiз ылғалды сырылдар стiледi. Жүректің шала тұйық дыбысының 
шектерi: оңы – төстiң оң қырынан 3,0 см оңға; жоғарысы – II қабырғада; 
солы – қолтық алдыңғы асты сызығында анықталды. Аускультацияда 
тондары өте әлсiз, әсiресе I тоны, жүрек ұшында систолалық шу, 
экстрасистолалар. Пульс саны минутына 108, кернеуi мен толуы әлсiз. Iшi 
жұмсақ, ауырсынуы жоқ, бауыры қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы, 
консистенциясы қатаң эластикалық. 


116 
Қан анализiнде: Нв 142 г/л, эр. 3,8х10
12
/л, лейк. 6,2х10
9
/л, ЭТЖ 12 
мм/сағ.
ЭКГ: тiсшелер вольтажы төмен, ырғақсыз, жүрекшелік, қарыншалық 
ЭС, миокардтың диффузды өзгерiстерi.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында:
жүректiң барлық өлшемдерi үлкейген, доғалар контурлары сақталған; 
рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы әлсiз. Өкпесiнде iркiлiс белгiлерi. 
1. ЭКГ тұжырымына сүйеніп, қорытынды жасаңыз – негiзгi синдромдарына 
шығыңыз.
2. Болжам диагнозы. 
3. ЖДП дәрігерінің тактикасы. 
№11. Жауаптары:
1. Миокардтың диффузды зақымдалу синдромы, ырғақ бұзылысы – 
политопты ЭС, тотальді кардиомегалия, ЖШ, ТШ. 
2. Нег. ауруы: Дилятациялық кардиомиопатия. Салыстырмалы митраль 
шамасыздығы. Политопты қарыншалық және жүрекшелік экстрасистолия
Лаун – III. 
Асқ.: ЖШ ФК
III

3. Кардиолог кеңесі, ЖШ ФК байланысты (6 минуттық жүргізу тесті) 
стационарға көрсетпелерін анықтау, шұғыл жағдайлар туындаса (сол 
қарыншалық шамасыздық) жедел жәрдеммен шұғыл госпитализациялау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет