«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет64/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Қоздырғыш көзі - негізгі көзі: пациенттер, медицина қызметкерлері; қосымша көзі: ауруды күтушілер, келіп кетушілер.
Қоздырғыштың берілу жолдары: ауыз нәжіс механизміне (тұрмыстық қатынас, су, ас арқылы), аэрогенді механизмнен (ауа-тамшылы, ауа-шаңды), қатынастық, трансмиссивті (қан арқылы), вертикальді (анадан балаға)
Қоздырғыштың берілу факторлары: ауа, су, дымқылорта, ас, дұрыс стерилизацияланбаған медициналық құрал-жабдықтарр, олардың дұрыс сақталмауы және орынсыз қолданылуы, төсек орын, ластанған қан, денеге тигізілген зарарланған ерітінділер, қоздырғыштармен зарарланған медицина қызметкерлерінің қолы.


54. Бактериологиялық барлаудың міндеттері, мазмұны және ұйымдастырылуы. Әскерлерді бактерияға қарсы қорғау.
Бактериологиялық барлау–қарсыластың бактериялық қаруды қолдану дайындығына және оның қолдану фактісіне, бактериялық қарудың түрлеріне мәліметтер алуға арнайы басқарушылармен, барлаушы органдарымен және жеке қызметтермен жүргізілетін шаралардың жиынтығы.
Міндеті:
*қарсылас бактериялық қаруды қолдануға дайындығы және мүмкіншілігі туралы алынған мәліметтерді жинап талдау;
*биологиялық қару индикациясы;
*биологиялық шабуыл масштабын шамалап анықтау.
Биологиялық барлауды жүргізу жоспарының мазмұнын құрайды:
*биологиялық барлаудың нысаналары және міндеттері;
*барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жол бағыты;
*биологиялық барлаудың басталу мен аяқталу уақыты;
*биологиялық барлаудың қорытындылары туралы баяндамалардың мерзімі, орны және тәртібі.
Биологиялық қаруды ұйымдастыру әрқашан міндетті түрде қажет. Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда биологиялық қарудың зақымдау ерекшеліктерін анықтайды. Әскерді биологиялық қорғаудағы шаралардың мазмұны және жүргізілу уақыты шартты түрде қарсыластың биологиялық қаруды қолданбай тұрғандағы шаралары және қолданғаннан кейінгі шаралары болып бөлінуі болып бөлінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет