Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Грамматика туралы жалпы түсінік



бет3/14
Дата16.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#138552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жекеше:


Мен тұрмын, жүрмін, жатырмын, отырмын. Сен тұрсың, жүрсің, жатырсың, отырсың. Сіз тұрсыз, жүрсіз. жатырсыз, отырсыз. Ол тұр, жүр, жатыр, отыр


Көпше:


Біз (біздер) тұрмыз, жүрміз, жатырмыз, отырмыз
Сендер тұрсыңдар, жүрсіңдер, жатырсыңдар, отырсыңдар
Сіздер тұрсыздар, жүрсіздер, жатырсыздар, отырсыздар
Олар тұр, жүр, жатыр, отыр


Бұларға тән ерекшеліктер: біріншіден, олардың түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанады; екіншіден, үшінші жақта жіктік жалғауының көрсеткіші болмайды.

Екінші топтағы сөздердің жіктелуіне -а, -е, -й және -ып, -іп, -п формалы көсемшелер жатады.

Жекеше:


Мен барамын, келемін, қараймын, сөйлеппін

Сен барасың, келесің, қарайсың, сөйлепсің

Сіз барасыз, келесіз, қарайсыз, сөйлепсіз

Ол барады, келеді, қарайды, сөйлепті




Көпше:


Біз барамыз, келеміз, қараймыз, сөйлеппіз

Сендер барасыңдар, келесіңдер, қарайсыңдар, сөйлепсіңдер

Сіздер барасыздар, келесіздер, қарайсыздар, сөйлепсіздер

Олар барады, келеді, қарайды, сөйлепті


Екінші топтағы сөздердің жіктелуінде бір ғана ерекшелік бар: ол - үшінші жақта -ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларының болуы. Бұл жалғаулар осы топтағы сөздердің жіктелуінде жекеше түрде де, көпше түрде де біркелкі келе береді. Бұлар етістіктің түбіріне жалғанатын жедел өткен шақпен өте ұқсас, сөйлем талдауда оқушылар осы екеуін жиі шатастырады.



Үшінші топтағы сөздерге етістіктің жедел өткен шақ формасы (барды, келді) және шартты рай формасы (барса, келсе) жатады. Бұлар жекеше де, көпше де жіктеледі. Мысалы:

Жекеше:


Мен айттым, кеттім, оқысам, білсем

Сен айттың, кеттің, оқысаң, білсең

Сіз айттыңыз, кеттіңіз, оқысаңыз, білсеңіз

Ол айтты, кетті, оқыса, білсе




К
Біз айттық, кеттік, оқысақ, білсек

Сендер айттыңдар, кеттіңдер, оқысаңдар, білсеңдер

Сіздер айттыңыздар, кеттіңіздер, оқысаңыздар, білсеңіздер

Олар айтты, кетті, оқыса, білсе


өпше:

Үшінші топтағы сөздердің жіктелуінің I, II жақтарының жалғаулары тәуелдік жалғауының I, II жағының жекеше түрімен ұқсас (мысалы: әкем, әкең, әкеңіз), екіншіден, көпше түрінің бірінші жағы жоғарыдағы екі топқа да ұқсамайды (-қ, -к), ал көпше түрінің II жағының жалғауы: -ңдар, -ңыздар.

Үшінші топта бірінші топтағы үлгіге ұқсас арнаулы жалғаулары болмайды.

Төртінші топтағы сөздерге етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады. Бұлар да жекеше әрі көпше формада жіктеледі:

Жекеше

Көпше

І Мен барайын, келейін

ІІ Сен бар, кел

Сіз барыңыз, келіңіз

III Ол барсын, келсін



І Біз барайық, келейік

ІІ Сендер барындар, келіндер

Сіздер барыңыздар, келіңіздер

ІІІ Олар барсын, келсін



Бұлар жекеше түрде де; көпше түрде де жіктеледі. Мұндағы жіктік жалғаулары 1, 2, 3-топтағы жіктік жалғауларына мүлде ұқсамайды. I жағы қалау райға жатса, қалғаны таза бұйрық райлы етістікке жатады. Осылардан кейін -шы/-ші қосымшасы жалғанғанда II, III жағының өзі қалау райға айналады: бар+шы, келсін+ші.

Зат есімдердің жіктелуі

Жекеше түрі

Жақ

Болымды түрі

Жақ


Болымсыз түрі

І Мен

оқушы-мын дәрігер-мін

І Мен

оқушы емес-пін, дәрігер емес-пін

II Сен

оқушы-сың дәрігер-сің

ІІ Сен

оқушы емес-сің, дәрігер емес-сің

ІІІ Сіз (сыпайы түрі)

II Ол

оқушы-сыз

дәрігер-сіз

оқушы дәрігер


Сіз (сыпайы түрі )

III Ол

оқушы емес-сіз, дәрігер емес-сіз

оқушы емес, дәрігер емес



Көпше түрі

І Біз

оқушы-мыз, дәрігер-міз

І Біз

оқушы емес-піз

дәрігер емес-піз



ІІ Сендер

оқушы-сыңдар дәрігер-сіңдер

ІІ Сендер

оқушы емес-сіндер,

дәрігер емес-сіңдер



Сіздер

оқушы-сыздар, дәрігер-сіздер

Сіздер

оқушы емес-сіздер,

дәрігер емес-сіздер



III Олар

оқушы, дәрігер

III Олар

оқушы емес, дәрігер емес

Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Сөздерді жай септеу мен тәуелді септеуге қойыңыз

Үлгі; І.с шамның. Менің шамымның.

Кәсіп, құнды қағаз, зауыт, қайық, көлік



2-тапсырма.Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңыз

Үлгі; мемлекет-тер

Кооператив, жүлдегер, ток көзі, банк, жол жөндеуші.



3-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларының тиістісін қойыңыз

Сәкен мен Сергей қазақ тілі дәрісханасы(ында) отыр. Сәкен кітап ..., сөздік... жұмыс жасайды. Сергей мәтін... сөздікпен аударады. Екеуі сабақ... қазақша сөйлесті. Сәкен Сергей... қиын сөздер... үйретті, Сергей түсінігі жеңіл. Сергейдің сөздік қорында мыңға тарта сөз бар. Ол оқытушы... дәрісхана.... жабдықтауына көмектесті.



4-тапсырма. Мына сөздерді тәуелдеңіз

Үлгі: Менің балам, сенің балаң, сіздің балаңыз, оның баласы.

Бала, үй, бесік, төсек, кітап, білезік, жастық, сөмке, пәтер, машина.



5-тапсырма._Сұрақтарға_жауап_беріңіз.'>5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Жексенбіде сіз қайда бардыңыз: киноға ма театрға ма? Сіз сенбіде қайда бардыңыз: клубқа ма, стадионға ма? Таңертең сіз қайда бардыңыз: асханаға ма, сыраханаға ма? Анам қайда барады: базарға ма, дүкенге ме?



Жалғаулардың орын тәртібі

Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Түбір сөзге жұрнақ, содан кейін септік, тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары бірінен соң бірі жалғанады.



Сөз

Қосымшалар




жұрнақ

Септік жалғау

Тәуелдік жалғау

септік

жалғау


Жіктік

жалғау


ән-ші-лер-іңіз-ден-біз

ән - түбір сөз

ші - сөз тудырушы журнақ

лер - көптік жалғауы

іңіз - II жақ, тәуелдік жалғауы, сыпайы түрі

ден - септік жалғауы

біз - I жақ жіктік жалғауы, көпше түрі

Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ілік септігі бар сөзді табыңыз

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда халқыңның көшінің басында жүруден, ұлы істерге тікелей ат салысудан артық қандай мәртебе керек?! Ары үшін жанын садаға ететін қазақтай қасиетті халықтың, осы елдегі сан түрлі ұлттың баласының басын қосып, басшылығында жүру тұрмақ, қосын тігіп, қосшылығында жүрудің өзі жаныңды тербейтін бақыт емес пе?!

Н. Назарбаев

2-тапсырма. Жақшаны ашып, берілген сөздерді тәуелдеңіз.

Үлгі: Білімгерлер педагогика институтына келді.

1. Білімгерлер педагогика (институтқа) келді.

2. Профессор ІІІ курстың (білімгерлерге) лекция оқыды.

3. Профессордың (лекцияға) көп білімгерлер келді.

4. Оның (лекцияны)жақсы тыңдадық.

5. Лекциядан соң біз кураторлық (жиналысқа) бардық

6. Жиналыс институттың (оқу залы) болды.

3-тапсырма. Көшіріп, көп нүктенің орнына септік жалғауын қойыңыз.

Тәуелсіздік... қайта оралғаны- біздің ата-бабаларымыз... сан ғасырлық азаттық күресі... заңды өтеуі Жаратқан Ие... жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыз... осыншама байтақ жер... ақ найза... ұшы... , ақ білек... күші... қорғап қалғаны... арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді.



4-тапсырма. Барыс, жатыс және табыс септігі бар сөздердің астын сызыңыз

Біздің жатақханада асхана бар. Жұмысшылар, қызметшілер асханаға барады, тамақ ішеді. Біз тамақты асханадан ішеміз. Онда түрлі тамақ бар. Онда тамақты тарелкамен әкеледі. Сорпаны, щиді қасықпен ішеміз, котлетті шанышқымен жейміз. Біздің асханада шәй мен какао береді, сүт береді. Мен күн сайын асханадан бір стакан какао ішемін, нан жеймін. Какаоны стаканмен ішеді. Біздің асханада тамақты жақсы пісіреді. Онда ыдысты өте таза ұстайды.



5-тапсырма. Көшіріп, көмектес септігі бар сөздің астын сызыңыз

Бәрі де кезең-кезеңімен, жөнімен, жолымен, қоғамдық дамудың деңгейін жан-жақты, нақты ескере отырып жүргізілуі керек. Ең бастысы - ел өмірін демократияландыру эволюциялық жолмен жүзеге асырылуы шарт. Өте-мөте нәзік бұл істі баяғыдағыдай революциялық жолмен қолдан жеделдетіп жіберуге әсте болмайды.



Н. Назарбаев.

6-тапсырма. Семантикалық жаттығу



Мысалдары


жіктік

көптік

септік

тәуелдік

жұрнақ

1

Балам










+




2

Кітаптың
















3

Оқушы
















4

Мұғалімнің
















5

Қалада
















6

Доссыңдар
















7

Құстар
















8

Ағалар
















9

Терезесі
















10

Сыныбымыз
















11

Атпенен
















12

Үлкенсің
















13

Егеулер
















14

Тәлімгер
















15

Құштарсыз
















16

Әкем
















17

Қыздар
















18

Есігіміз
















19

Ақылды
















20

Емхана
















21

Ауылым
















22

Үйшік
















23

Кілемдер
















24

Қаламсыз
















25

Жоқсыздар
















26

Балақай
















27

Орманда
















28

Суретің
















29

Алаңнан
















30

Есенбіз
















Қос сөздер

Қосарланып келген сөздерді қос сөздер дейміз.

Сөздердің қосарланып келуі әдетте жаңа сөз жасаудың бір түрі деп есептеледі. Мұндайда сөз мүлдем тың мағынаға ие бола да қоймас, бірақ мағыналық реңкке қосымша болса да, сәл өзгеріске түсетіні рас Мысады: алыс-жақын, кіп-кішкентай, ептеп-септеп, тәй-тәй т.с.с.

Мағыналық түрлері жағынан қос сөздер төмендегідей жіктеледі:

1. Мәндес қос сөздер. Құрамындағы сөздердің толық мағыналы болып және ол мағыналардың жуық келетін қос сөздердің түрін мәндес қос сөздер дейді. Оның мысалдарына ақыл-парасат, ашу-ыза, мән-мағына тәрізді сөздер жатады. Олай болатыны — ақыл мен парасат сияқты, aшy мен ыза, мән мен мағына сөздері өзара мағына жағынан жуық сөздер болып табылады, тіпті бұларды бірінің орнына екіншісін қолдануға да болар еді.

2. Қайшы мәндес қос сөздер. Құрамындағы сөздердің мағыналық жағынан бір-біріне қайшы немесе қарсы келетін қос сөздердің түрін қайшы мәндес қос сөздер деп атайды.



Ақ - қара, жақсылы - жаман, ілгері-кейін тәрізді мысалдарды осындай қос сөздерге жатқызудың себебі - қосарлана келген сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы (ақ пен қара, жақсы мен жаман, ілгері мен кейін).

3. Сыңар мәнді қос сөздер. Құрамындағы сөздердің бірі толық мағыналы, екіншісі мағынасыз болып келетін кос сөздердің түрін сыңар мәнді қос сөздер дейді.

Этимологиясына (тарихи шығу жолына) қарағанда, мұндай қос сөздердегі мағынасыз болып көрінген сөздердің мағыналары болуы да мүмкін. Мәселен, бала-шаға дегендегі шаға-ны қазіргі қазақ тілі тұрғысынан мағынасыз деуге лайық, алайда монғол тілінде оның бала деген мағынасы бар екен. Қалай болғанда да мағынасы күңгірт немесе түсініксіз болып келген сөздердің бар екендігін жоққа шығармағанымыз жөн. Мысалы: тиын-сиын, бас-мас, әзер-мәзер, тамақ-самақ т. с. с.

2.1. Қос сөздердің емлесі

Қос сөздің құрамына енген сөздер бір-бірімен салаласа байланысады. Қос сөздер екі сыңарлы болып, үнемі дефис арқылы жазылады. Мысалы: алуан-алуан, жан-жануар, шай-пай, жым-жылас, әп-әдемі, т. б. Егер қос сөздердің аралығында -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ды, -ді, -да, -де тәрізді дәнекерлер болса, олар қос сөздің алдыңғы сыңарларымен бірігіп жазылады да, соңғы сыңарларынан дефис арқылы ажыратылады. Мысалы: қолма-қол, ауызба-ауыз, көзбе-көз, бетпе-бет, жекпе-жек, өзді-өзі, бірде-бір.

Қос сөздердің екі компонентіне де бірдей жалғанатын жұрнақтар көбнесе біркелкі, бір ғана түрлі болып жалғанады. Мысалы: азды-көпті, алыc-беріc, ұрыс-керіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет