3.1. Сөз таптары туралы түсінік
Қазақ тіліндегі сөздерді топтастырғанда тұлғалық (грамматикалық), мағыналық ерекшеліктері және сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Тіліміздегі сөздердің лексика-грамматикалық мағыналарына, тұлғалық түрленуіне қарай саралануын сөз таптары дейміз. Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар:
-
Зат есім
-
Сын есім
-
Сан есім
-
Есімдік
-
Етістік
-
Үстеу
-
Еліктеу сөз
-
Шылау
-
Одағай
3. 2. Зат есім
Заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім дейміз.
Мысалы: ана, жазушы,экономист, шебер, деген сөдер кім? деген сұраққа; зымыран, дауыл, жаңбыр не? деген сұраққа жауап береді. Зат есімнің мағыналық белгісі заттық ұғымды білдіретіндігі. Зат деген ұғымға қолмен ұстап, көзбен көретін нақтылы заттар ғана емес, сонымен бірге табиғат пен қоғамда ұшырасатын әр түрлі құбылыстар мен оқиғалардың, абстракты ұғымдар мен түсініктердің атаулары да кіреді. Зат есімге жататын сөздерге төмендегі кесте бойынша жинақтап көрсетуге болады.
Зат есімнің мағынасы
|
Мысалдары
|
1. Кісінің аты – жөні
2. Заттың, нәрсенің аты
3. Құбылыстың аты
4. Хайуандар мен жәндіктердің аты
5.Заттық ұғымды білдіретін белгілердің аттары
6. Заттық ұғымды білдіретін қимылдың аттары
7. Мемлекет, облы, қала, жер, су, тау аттары, т.б.
|
Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов
оқулық, дәптер, қалам
жаңбыр, боран, жел
рыстан, тышқан, маса
қайсарлық, адалдық, сезімтал
күлу, ойнау, желіс
ҚР Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ ауданы, Мәдімар ауылы.
|
Адамның сезім мүшелері арқылы білінетін заттар деректі заттар (нақты) зат есім (көл, ай, айран, су т.б.), ал тек ақыл-ой арқылы ғана танылған заттар дерексіз (абстракті) зат есім (сезім, намыс,махаббат т.б.) деп аталады.
Зат есім жасалу жолына қарай негізгі және туынды болып болып бөлінеді. Негізгі зат есімге зат атауын білдіретін толық мағыналы түбір сөздер жатады: ақыл, ер, пышақ, тас т.б.
Туынды зат есім морфологиялық тәсілмен (есімдер мен етістіктерге сөз тудырушы жұрнақ арқылы) жасалады есеп-ші, ер-лік, ақыл-шы. Зат есім нәрснің тобы мен тегін білдіруіне байланысты жалқы және жалпы есім болып екіге бөлінеді. Жеке дара заттарға берілген атауларды жалқы есім дейміз: я дара заттарға берілген атауларды жалқы есім дейміз: Талас, Жамбыл, Жуалы.
Бір тектес заттың ұғымдарын қамтитын атауларды жалпы есім дейміз: кітап, қала, білімгер.
Жалқы есім бас әріппен, жалпы есім кіші әріппен жазылады. Зат есім жекеше, көпше болып айтылады, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі: Бағдарламашы, бағдарламашылар, бағдарламашыларым, бағдарламашыны, бағдарламашымыз.
Зат есім басқа сөздермен қарым- қатынасқа түсіп, сөйлемде белгілі сөйлем мүшесінің қызметін атқарады, ал ең басты қызметі – атау септігінде бастауыш, жанама септікте толықтауыш болу.
Мемлекеттік елтаңба
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды,» - дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің Елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Мәселен, Австралия Елтаңбасынан түйеқұсты көреміз. Жаңа Зеландияда ұшпайтын құс – киви, Танзандияда мемлекеттік Елтаңба - жираф, Канадада – үйеңкі жапырағы.
Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасының ортасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақта айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағын қанатты пырақтар көмкерген. Жоғарыда, үстінде жұлдыз орналасқан. Елтаңбаның астында «Қазақстан» деген сөз жазылған. Елтаңбаның авторлары Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
І Мәтінді оқыңыз
ІІ Мақалды аударыңыз
ІІІ Орысшаға аударыңыз
-
кейбір мемлекеттер
-
кейбір өсімдіктер
-
кейбір жануарлар
-
кейбір суретшілер
-
кейбір сөздер
ІV Қазақшаға аударыңыз
-
Свой герб-
-
Изобрежена картина-
-
Расположена звезда-
-
Написано слово-
ІV Сөйлемдер контекстке сәйкес келе ме?
-
Жаңа Зеландияда елтаңбасын ұшпайтын құс – киви бейнеленген.
-
Қазақстан Елтаңбасының үстінде шаңырақ бейнеленген.
-
Қазақстан Елтаңбасының ортасында жұлдыз орналасқан.
-
Қазақстан Елтаңбасының астында «Қазақстан» деген сөз жазылған.
-
Найзасыз ер болмайды.
VІ Сұраққа жауап беріңіз
-
Қазақстан Елтаңбасының ортасында не орналасқан?
-
Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген?
-
Қазақстан Елтаңбасының астында қандай сөз жазылған?
-
Жұлдыз қайда орналасқан?
-
Күн сәулесін не бейнелейді?
VІІ Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
-
Өсімдіктер бейнеленген
-
Таңбасыз ел болмайды
-
Мемелекеттік елтаңба
-
Уақыт күн сәулесінде
-
Қанатты пырақтар
VІІІ Бес зат есімді көпше түрде тауып жазыңыз.
Жаттығу жұмыстары:
А) Төмендегі мақалдардан зат есімдерді тауып айтыңыз
1. Ер елінде,
Гүл жерінде.
2. Әдепсіз бала-
Аяққа басылған шала.
3. Саусағы ұзын биші болар,
Құлағы ұзын күйші болар.
4. Ынтымақтың түбі-игілік.
Тірліктің түбі-бірлік.
5. Нөсер алдында нажағай ойнайды.
6. Ашу-дұшпан, ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
7. Мәстек жүріс көтермейді.
Ә) Мына зат есімдер қаңдай мақалдарда кездесетін еді?
1. Оқу білім. 4. Өнер, тілік.
2. Асыл, өнер. 5. Ел, бесік.
3. Жаныңды, сырыңды.
Б) Жұмбақтан жұмбақ
Мына жұмбақтардағы көп нүктенің орнына сөздерді қойып, оның қай жалғауда тұрғанын, қай сөз табы екенін айтыңыз:
-
... жатса да, ...жатпайды.
-
... бар, - ... жоқ.
... бар, - ... жоқ.
-
Үй ... ұсақ тас.
-
Төсек ... төрт бауырсақ.
-
Үлкен ... үлкен, ... ішінде кіші ..., кіші ... ішінде далуан ... .
-
Қуып едім, - ... бұрмады.
Ұстайын деп едім, - ... тұрмады.
Керекті сөздер: енекем, ел, мұрты, тоны, сақалы, шапаны, астында,
үстінде, үй, үйдің, би, қолыма, мойнын.
4. Жұмбақ жұрнақ, бұл қай жұрнақ?
-
Жуан, жіңішке сөздерге бірдей жалғана береді, ол жалғанған сөз мекендік мағына береді.
-
Зат есімнен зат есім тудырады, ол зат есім заттық ұғымды білдіретін белгілердің атын ұғындырады.
-
Бір жұрнақтың құрамында екі жұрнақ бар, жеке – жеке бұл қай жұрнақтар?
-
Зат есім тудыратын екі жұрнақтың екеуі де жеке тұрып зат есім мағынасын білдіреді, бірақ өздері зат есімге жалғанбайды. Сонда олар зат есімді қалай тудырады?
-
Сын есімге де, етістікке де жалғанады. Ол арқылы сын есім етістікке айналады.
Жауаптары: 1. -хана. 2. -лық (-лік). 3. -шы+лық (-ші+лік) 4. -ым, -ыс. 5. -р: қысқар, оқыр.
5. Зат есім бе, етістік пе?
Төмендегі сөздер қай сөз табы? Зат есім бе, етістік пе? Бұларды сөйлем ішінде келтіріп айтып, қандай мағына беретінін ажыратыңыздар.
Қала, мақта, кеспе, құлама, ою, асу, құймақ, айтыс, жарыс.
Зат есімдер тізбегі
-
Деректі зат атауы
-
Заттық ұғымды білдіретін белгінің аты
-
Заттық ұғымды білдіретін қимылдың аты
-
Табиғат құбылысының аты
-
Адамның кәсіп-мамандық атауы
-
Дерексіз зат атауы
-
Хайуанат аты
-
Адамның туыстық атауы
Семантикалық карта
№
|
Зат есімнің мысалдары
|
жал-пы
|
Жал-қы
|
дерек-
ті
|
дерек-
сіз
|
негіз-
гі
|
туын-
ды
|
күрде-
лі
|
Дара
|
1
|
Әке
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
2
|
М. Әуезов
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Құлагер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Қайғы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Достық
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Жамбыл көшесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Домбыра
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Қойшы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Өнер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Саудагер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Шешен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Тіршілік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
Қарағанды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
14
|
Жігіттер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
15
|
Жаңбыр
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16
|
Дәріхана
|
|
|
|
|
|
|
|
|
17
|
Бірлік аулы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
18
|
Кемпірқосақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
19
|
Мәдениет үйі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
Әке-шеше
|
|
|
|
|
|
|
|
|
21
|
Қызылордалық
|
|
|
|
|
|
|
|
|
22
|
Алматы қаласы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
23
|
Біржан сал
|
|
|
|
|
|
|
|
|
24
|
Ақыл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
25
|
Жапырақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
26
|
Арман
|
|
|
|
|
|
|
|
|
27
|
Шекарашы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
28
|
Күрек
|
|
|
|
|
|
|
|
|
29
|
Білім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30
|
Көгілдір
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.3. Сын есім
Сын есім - дүниедегі әрбір заттың, құбылыстың алуан түрлі сындық белгілерін, қасиетін білдіретін сөз табы.
Мысалы: сүт – ақ, сұйық зат. Осы сияқты басқа заттың толып жатқан сындық белгілері: салмағы, көлемі, түс, түрі, исі сапалық белгісі болады. Осылардың атауы сын есімге жатады да, қандай? қай? деген сұраққа жауап береді. Сын есімдер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі сын есімдер – сынды білдіретін түбір сөздер: ақ, қызыл, сұр, жас, кәрі, ұзын т.б.
Туынды сын есімдер – морфологиялық тәсілмен яғни жұрнақтар арқылы (ауыл-дық, боранды, айтқыш т.б.) және синтаксистік тәсілмен сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған сөздер ( ақ көңіл, алқызыл, қызыл күрең). Сын есімдер мағыналалары мен грамматикалық ерекшелігіне қарай сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |