Көкек өз атын өзі шақырады.
Өзің білме, білгеннің тілін алма.
Түлкінің қызылдығы, өзінің соры.
Сен бұтаны көтерсең, сені бұта көтереді.
Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз.
Өзім білем деген өрге баспас.
3-тапсырма. Төменде қарамен жазылған сөздердің қайсысы есімдік, қайсысы басқа сөз табы?
1. Санжар жолдан кесе көлденең бұрылып, сол жаққа қарай жөнеп берді. (Ғ.Мүсірепов.)
2. Әйтеуір, сол қыз бір сұлу (ән жолдары)
3. Сол қол. Сол тізе.
7-тапсырма. Мұны білесіз бе? Біз есімдігі бір жұмбақта төрт рет, екінші бір жұмбақта өз есімдігі екі рет қайталанып келеді. Қызық ұқсастық. Ол қандай жұмбақтар?
1. Сөйлем ішінде қатарынан қанша есімдік қолдануға болады?
Кімді көрсем,
Мен сонан… (Абай.)
2. Сұрау есімдігі сөйлемде қатыстық мағынада қолданылатынын білесіз бе? Мысал келтіріңіз.
3. Есімдіктерді тауып, түр-түріне ажыратыңыз.
Сол жайында Сәулемен бәрі кеңесіп отыр екен, олар маған сіз мұны қалай дейсіз, осы шындық па деп еді, мен керемет дедім. Неменең не сенің (Ә.Әбішов.)
4. Төмендегі үзіндідегі есімдіктер қай жалғауда тұрғанын айтыңыз.
а) Менің менің «мен» емес –
Мыңның «мені» болған соң. (Б.Момышұлы.)
ә) Ол бәріне де бағынуға тиіс. Оның алдындағы міндеті – бағына білу. Сол міндетін орындау үшін оны алдымен өзіне-өзін бағындыра білу керек. Біреуге өне бойы бағыну оңай емес. Өзіңе - өзіңді ұдайы бағындырып алу одан да қиын. (Б.Момышұлы.)
8-тапсырма. Есімдік және әдебиет
1. Абайдың қай өлеңдері есімдік сөзден басталады? Олар есімдіктің қай түрі?
2. Әзірбайжан жазушысы Анардың бір әңгімесі «Мен, сен, ол және телефон» деп аталады. Мұнда есімдіктің қай түрі қолданылған?
3. Аттары есімдіктен басталған қандай романдар бар? Онда қай есімдік қолданылған? Авторлары кімдер?
4. Аттары ілік жалғаулы жіктеу есімдіктерімен басталатын қазақ балалар әдебиетінде қандай шығармалар бар?
5. С.Сейфуллиннің есімдіктен басталатын өлеңдерінің аттарында есімдіктің қай түрі көбірек қолданылған? Ол ақынның қай өлеңдері?
9-тапсырма. Кім айта алады?
1. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздерге орынбасарлық қызмет атқаратын қай сөз табы?
2. Жіктеу есімдіктерінің қай жақтарына қандай сұраулар қойылады?
3. Сұрау қойылмайтын есімдіктің түрлері бар ма? Мысал келтіріңіз.
4. Мен, сен есімдіктері кімдермен сөйлескенде біз, сіз есімдіктері кімдермен сөйлескенде қолданылады?
5. Жіктеу есімдіктері тәуелдене ме? Тәуелденсе қалай тәуелденеді?
6. Жинақтық сан есіммен тұлғалас есімдікті айтыңыз.
7. Қолданылуына қарай бірде зат есім, бірде сілтеу есімдігі болып келетін қай сөз? Мысал келтіріңіз.
8. Есімдіктің бірі есептік сан есімнің ең аз саны мен сұрау есімдігінен құралған? Ол қай сөз?
9. Есімдіктерге жұрнақ жалғана ма? Жалғанса, қай есімдіктерге қалай жалғанады.
10. Түбірі өзгеріле септелетін қай есімдіктер? Мысал келтіріңіз.
11. Бұйрық мәнде айтылса,- етістік.
Жалпылау мәнде айтылса,- есімдік. Ол не деген сөз?
12. Сұрау есімдіктеріне сұрау қойыла ма? Қай есімдіктің қай жағы (нешінші жағы) екі сұрауға жауап береді? Өздік есімдігі қай есімдіктің сұрауымен пайдаланылады?
9-тапсырма. Семантикалық карта
№
|
Мысалдары
|
жіктеу
|
сілтеу
|
сұрау
|
өздік
|
белгі- сіздік
|
болым- сыздық
|
жалпы- лау
|
1
|
Барлық
|
|
|
|
|
|
|
+
|
2
|
Кейбіреу
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Олар
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Мыналар
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
өздері
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Ешқашан
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Біздің
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Мынау
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Баршасы
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Қайда?
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Ешкім
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Әркім
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
Қайсібір
|
|
|
|
|
|
|
|
14
|
Әлдеқашан
|
|
|
|
|
|
|
|
15
|
Қашаннан
|
|
|
|
|
|
|
|
16
|
Өзіміздің
|
|
|
|
|
|
|
|
17
|
Осынау
|
|
|
|
|
|
|
|
18
|
Біреуге
|
|
|
|
|
|
|
|
19
|
Кімде-кім
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
Әрқайсысы
|
|
|
|
|
|
|
|
3.6. Етістік
Етістік туралы түсінік
Лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы, грамматикалық категоиялары және синтаксистік қызметі жағынан есімдерден ерекшеленіп қалыптасқан сөз табы – етістік.
Етістік – заттың қимылын,іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? не істемек? не қылған? деген сұрақтарға жауап береді.
Етістіктер құрамына, жасалу жолына қарай негізгі және туынды етістік болып бөлінеді.
1. Қосымшасыз етістіктер негізгі түбір етістіктер деп аталады. Мысалы:
айт, бар, жүр, күл, біл.
2. Сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған етістік туынды
түбір етістік деп аталады. Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.Ол жұрнақтар мыналар:
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: шеге-ле, таза-ла, бас-та, т.б.
2. -а, -е: ойн-а, бос-а, мін-е т.б.
3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т.б.
4. -ар, -ер ,-р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т.б.
5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер т.б.
6. -ыра, -іре: сарқ-ыра, жарқ-ыра, желб-іре т.б.
Мысалы: Арай күлді, ойнады, жүгірді, жазды, биледі, айтты дегенде, баланың сан түрлі қимыл-әрекеттерін байқалады. Осындай жанды заттардың түрлі қимыл-әрекеті буын-буынмен қатар, күн ысыды, күн жауды, күн күркіреді, күн ашылды, күн суытты деген сияқты жансыз заттарға байланысты қимыл-әрекеті болады.
Етістік грамматикалық тұлғаларға бай сөз табы болып табылады. Қимылдың, іс -әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен бірге етістік сол қимылды атқарушы субъектімен және объектімен әр қилы қатынасына байланысты, болу болмауына байланысты т.б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады. Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістік болып бөлінуімен, сондай-ақ етіс, шақ, рай категорияларынан, көсемше, есімше, тұйық етістік сияқты ерекше тұлғаларынан, жіктелуінен көрінеді.
Негізгі етістік және көмекші етістік
Етістіктер білдіретін мағынасына, соған сәйкес сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрлі: негізгі етістік және көмекші етістік болып бөлінеді. Мысалы: Әзіреті әлі шешен, әрі білгір адам болған екен. Бірде оны он жөйіт сынамақ болыпты. Ол шын шешен болса оған он түрлі жауап табар деген екен. Берілген үш сөйлемде бірнеше етістік қолданылған: екен және болыпты, жауап табар деген екен. Білдіретін мағынасы жағынан және соған байланысты атқаратын қызметі жағынан етістіктер бірдей емес. Екен, болыпты деген етістіктер тікелей сұраққа жауап бере алады Келе, сұрады, арқалан, тап, бар, қалан деген етістіктер-лексикалық мағынасы бар сөздер, сондықтан олар тікелей сұраққа жауап бере алады. Ал жауап табар деген деген етістіктердің лексикалық мағынасы толық сақталмаған. Бұлар жеке тұрып сұраққа да жауап бере алмайды, сөйлем мүшесі де бола алмайды.
Сөйтіп, жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталады.Өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын,толық мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктер мен есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңіздер.
Үлгі: негізгі түбір: аял, аз. Туынды етістік: аялда, азай. Жұрнақ: -да,-ай
Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз, жатпа, кеткен, байқаңқыра, білдір, көргіз, салдыр, тергіз, оқыт, алдыр.
2-тапсырма. Төмендегі етістіктер негізгі ме, туынды ма? Туынды болса, қай сөз табынан, қалай жасалған?
Жағала. Домала. Жарқылда. Жоғарыла. Мөлдіре.
3-тапсырма. Қай дыбыс жетпей тұр?
Негізгі етістік болу үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр?
ша-ша, шы-шы, та-те, е-е, а-а, о-ы, то-та.
Дара етістік пен күрделі етістік
Етістіктер құрамына қарай дара етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген ( М. Ә.). Бұл сөлемдегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады.Өйткені бұлар – бір ғана сөзден тұратын етістіктер. Әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: Жұрттар не істеді? –салғызды (баяндауыш), нені сезген? -жамырағанын (толықтауыш), құлағы қайткен? -сезген (баяндауыш).
Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар да маңырап жатыр екен (М.Ә.) Бір кішкентай қыз әкесінің шапаның жамап отыр екен (Ы. А). Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отырар бай (А). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?), Жамап отыр екен (қыз не істеген?), жеп қоямын деп (не себепті отыр?), дегендер – күрделі етістіктер. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (маңырау , жамау , жеу , ) білдіреді, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.
Әдетте күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, одан кейінгісі көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емес, бірнеше болуы да мүмкін (жоғарғы сөйлемдердегі жатыр екен, отыр екен, қоямын деп). Негізгі етістік көбінесе көсемше тұлғасында (келе жатыр, барып қалды т.б) және есімше тұлғасында (барған екен, жүретін болды, айтпақ болды т.б) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасы, қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен тұлғаланып қолданыла алады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған – бағанағы бала шәкірт (М.Ә.). Еш нәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға (Ы.А.).
Болымды және болымсыз етістіктер
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс- әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы ІІ жақ тұлғасымен сәйкес келеді. Мысалы: кел-ді – сен кел, бер-ген-біз – сен бер т.б. Бірақ бұл екеуі бір емес. Етістік шақ , рай т.б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбірінде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: ( мен ) ойна-сам , (ол ) көр-іпті, ( сен ) айт-қансың т.б. етістіктердің түбірлері ойна, көр, айт. Бірақ бұларда бұйрықтық мағына жоқ . Сонымен бірге бұйрықтық мағына, демек, бұйрық рай тұлғасы, тек түбір тұлға ғана емес, етістіктің кейбір басқа тұлғаларында да болып отырады. Мысалы: сен кел-тір-ме, сен ойна-т-қыз, сен ойла-н-ыңқыра т.б. етістіктер бұйрық рай болғанымен, түбір тұлғалар емес. Бұның өзі етістіктің түбірі дегенмен бұйрық райдың жекеше анайы ІІ жағы деген ұғымдар бір емес екенін көрсетеді.
Сонымен бірге етістік қимылдың, іс-әрекетін болмауын, іске аспауын да білдіреді. Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді. Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге -ма, -ме, -ба, -бе, -па ,-пе жұрнақтары арқылы және бегілі шақ тұлғасындағы етістікке жоқ , емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, айт-па, көр-ме, кет-пе және келген жоқ , айтқан емес т.б.
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңыздар
Үлгі: асық-асықпа,...
Асық. Жүгір. Шула. Айқала. Кешік. Бөгел. Сүрін. Сыз. Теп. Ти. Ұмыт. Жоғалт. Секір. Өшір. Ал. Аш. Тасы. Сұра. Төкпе.
2-тапсырма. Болымсызды болымдыға айналдыру
Төмендегі өлең жолдарындағы болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырып, өлеңді оқып көріңіздер. Бұл етістіктердің болымды түрі қалай айтылады?