3.4. Сан есім
Сан есім заттың нақты санын, ретін білдіреді, неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім дара және күрделі болады. Мысалы: бір, он, жүз – дара: бес жүз, жүз мың – күрделі сан есім.
Сан есім мағыналық жағынан санды, ретті, қатарды, бөлшекті, білдіреді. Осыған сәйкес іштей алты топқа бөлінеді.
-
Есептік сан есім заттың нақты санын білдіреді: бір, екі, үш, жүз...мың т.б.
-
Реттік сан есім заттың рет санын білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді: он бесінші, тоғызыншы, мыңыншы.
-
Жинақтық сан есім нешеу? деген сұраққа жауап беріп, заттың жинақталған санын білдіреді (бірден жетіге дейінгі сандар; біреу, екеу, ... жетеу.
-
Болжалдық сан есім заттың санын дәл атамай, шамамен көрсетеді: ондаған, жүздеген т.б.
-
Топтау сан есімі заттың санын топтап көрсетеді: бес-бестен, он-оннан т.б.
-
Бөлшектік сан есім заттардың бөлшегін білдіреді: үштен бір, оннан екісі т.б.
Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.
Кесте бойынша сан есімнің мағынасына қарай алты түрге бөліну түрі.
Т
Ү
Р
І
|
Есептік сан есім
|
Реттік сан
есім
|
Жинақ-
тық сан есім
|
Болжал-дық
сан есім
|
Топтау
сан есім
|
Бөлшек-тік сан есім
|
Е
Р
Е
Ж
Е
С
І
|
Заттың нақты санын білдіреді
|
Заттың реттік қатарын білдіреді.
|
Заттың жинақт. санын білдіреді.
|
Заттың санын
болжамдап
көрсетеді.
|
Заттың санын топтап көрсетеді.
|
Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
|
С
Ұ
Р
А
Қ
Т
А
Р
Ы
|
қанша? неше?
|
нешінші?
|
нешеу?
|
қанша?
неше?
|
нешеден?
|
қанша? неше?
|
Ж
А
С
А
Л
У
Ы
|
Түбір сан есімнің өзінен болады.
|
Сан есім-дерге
-ыншы,
-інші,
-ншы,-нші жұрнақтары жалғану арқылы
|
Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрн. жалғану арқылы жасалады.
|
-даған, -деген, -таған,- теген, -дай,-дей,тай,-тей жұрнақтары, қосарлану, шамалы, шақты, жуық тіркестері арқылы.
|
Шығыс септігі жалғауы арқылы
|
|
М
Ы
С
А
Л
Ы
|
Бе, он екі, жиырма үш, екі мың төрт
|
Бірінші, екінші, үшінші, жетінші,тоғызыншы
|
Біреу, екеу, үшеу,төр-теу, бесеу, алтау, жетеу
|
Жүздеген,
отыздарда, елулерде, қырықтай, он шақты, екі-үш.
|
Үштен, екеуден, он-оннан.
|
2,5-екі жарым
½-екіден бір
|
Е
М
Л
Е
С
І
|
Күрделі сан есімнің емлесі бөлек жазылады. Он бес, жүз тоқсан
|
Реттік сан есімдер араб санымен берілсе -ыншы,
-інші, -ншы,-нші жұрн. орнына дефис қойылады. Рим санымен берілсе дефис қойылмайды. Күн, жыл аттарында да дефис қойылмайды.
|
Екі, алты, жеті сандарына –ау, -еу жұрнағы жалғанса, түбірдің соңындағы ы,і дыбыстары түсіп қалады.
Екі-еу, екеу, жет+еу, жетеу, алты+ау, алтау
|
Болжалдық сан есім санымен берілсе қосымша дефис арқылы жазылады. 10-даған,
5-терде.
Шамалы, шақты, жуық сөздерімен келгенде өздері тіркескен сандардан бөлек жазылады.
|
Қосарланып айтылған сан есімдер сөзбен, санмен берілсе де дефис арқылы жазылады. Екі-екіден. 10-10-нан
|
Санмен таңбалана-тын дара және күрделі сан есімдерге жалғана-тын жалғаулар дефис арқылы жазылады. 15-тен
25-ке, 30-дан.
|
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Санмен және жазбаша жазылған сандар сан есімдердің қай түріне жатады?
1. Ермек екі айтпайды. 2. – Қанша табасың айына? - 20000-30000 теңге. Кейде одан да асып түсеміз. 3. Екеуінің де ойына Жамал, Сағынтай, тар кезең елестеді. (Ғ.Мұстафин).4. Еңгезердей біреу кіріп келеді екен.(М.Иманжанов). 5. Мен екеуінен де үлкенмін. 6. Былай санасаң да үшеу, олай санасаң да үшеу.(Ғ. Мүсірепов). 7. Айбарша биыл 10 жылдық мектепті бітіреді білем. 8. Экскаватор деп аталатын машинада 250 аттың күші бары рас. 1ат 50пұт жүк тартады дейік, сонда 250 ат 12 500 пұттық жүкті сүйрейді.
2-тапсырма. Кім жылдам жалғастыра алады?
Төмендегі өздерге лайықты сөздерді тіркеп, кім жылдам жазып жалғастыра алады?
Бір шымшым, бір жайым, бір шөкім, бір қайнатым, бір салым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір білем, бір ауыз,бір жапырақ, бір тал
Керекті сөздер: айран, су, өлең, құйрық, бұлт, шай, ет, қамыр, тұз,бала, үкі.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыздар.
-
... кісі ... кісіге олжа салар,
-
Білекті ... жығар, Білімді ... жығар.
-
... жаудан ... жансыз жаман.
-
... түсін танығанша ... атын біл. (Мақал.)
-
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
... жалғыз алыстым, кінә қойма. (Абай.)
4-тапсырма. Төмендегі сөздер жеке тұрғанда қандай ұғым білдіреді, сан есіммен және басқа сөздермен тіркесіп сөйлем құрамында келгенде қандай ұғым білдіреді екен, ойлап көріңіздер.
Елі, сүйем, қарыс, уыс, құшақ, құлаш, тұтам, кісі бойы.
Бір елі ауызға екі елі қақпақ (мәтел)
Елім – бай, бақшам жеміс, жер-суым – мол,
Бір сүйем тілемейміз жерді жаттан. (Жамбыл.)
Астында бедеуі бар алты құлаш.
5-тапсырма. А) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан
Етектейін еріннің Жалбыраған жалынан
Екі елісі қалыпты, Жалғыз қарыс қалыпты.
Қиған қамыс құлақта Бір құлаштай құйрықтан
Бір тұтамы қалыпты; Бір құлаштай қалыпты.
Б) «Ер Тарғын» жырынан
Қара арғымақ қартайса
Қарға адым жер мұң болар. (мақал.)
6-тапсырма. Сан есімдер қай сөз табынан бұрын мүлде келмейді? Қай сөзден бұрын некен-саяқ қана кездеседі?
Жинақтау сан есімдері атау тұлғалы зат есімдерден бұрын келе ала ма?
Басқа сөз таптарынан сан есім жасала ма?
Сан есім жұрнақтары нешеу? Олардың басқа сөз табы жұрнағына ұқсасы бар ма?
Күрделі есептік сандардан реттік сан есім қалай жасалады?
7-жаттығу. Оқып шығып, сан есімдердің сөйлемдегі қызметін айтыңыздар
А) Ол емес өзгелердей кім құмар,
Орысша он-ақ түрлі көйлегі бар.
Оны да мода қуып алғызған жоқ,
Біреуі кең, боп кеткен, біреуі тар.
Бәтеңке үш-ақ түрлі, шәлі – бесеу,
Үш пальто, бір қолғап, ішік екеу.
Ол онша нысабы жоқ әйел болса
Шәліні алдырмас па ед әлденешеу.
Отыр ғой қанағат қып үш шәліге
Иіс су айы үш-ақ сом, сол да көп пе?
Жоқ жерден жеті сомға қараулық қып,
Нағышты өкпелетті Қасым текке.
Нағышта болатұғын бір-ақ сырға,
Алғаны оның өзі екі жылда. (С. Дөнентаев)
В) Төмендегі сан есімдер қай жалғауда, сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
А) Ол жалғыз, біз – екеуміз.
Ә) Кел екеуміз, домбыра, қосылайық,
Айқай салып, ән тартып жосылайық! (Нақ-нақ әнінен)
8-жаттығу. Семантикалық карта
№
|
Түрлері
Мысалдар
|
Есептік сан есім
|
Реттік сан есім
|
Жинақ-тық сан есім
|
Болжал-дық сан есім
|
Топтау сан есім
|
Бөлшек-тік сан есім
|
1
|
Бір мың екі
|
+
|
|
|
|
|
|
2
|
Отызыншы
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Елулерде
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Оннан бес
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Жетеу
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Жиырма жеті
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Қырық бірінші
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Он шақты
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Екі-екіден
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Екіден бір
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Он-онннан
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Жетідей
|
|
|
|
|
|
|
13
|
Екі мыңыншы
|
|
|
|
|
|
|
14
|
Екі жүздей
|
|
|
|
|
|
|
15
|
Бес бүтін екіден бір
|
|
|
|
|
|
|
16
|
Үш-төрттен
|
|
|
|
|
|
|
17
|
Үшеу
|
|
|
|
|
|
|
18
|
Алпысыншы
|
|
|
|
|
|
|
19
|
Жиырма бес
|
|
|
|
|
|
|
20
|
10-10-нан
|
|
|
|
|
|
|
21
|
60-тарда
|
|
|
|
|
|
|
22
|
Бесеу
|
|
|
|
|
|
|
23
|
10,4
|
|
|
|
|
|
|
24
|
19-наурыз
|
|
|
|
|
|
|
25
|
5 үй
|
|
|
|
|
|
|
26
|
Х сынып
|
|
|
|
|
|
|
27
|
2008 жылы
|
|
|
|
|
|
|
28
|
10-15 бала
|
|
|
|
|
|
|
29
|
5-тен
|
|
|
|
|
|
|
30
|
0,5 грамм
|
|
|
|
|
|
| -
-
-
-
Есімдік
Есімдік – зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. Мұхтар – жазушы. Ол – «Абай жолы» романының авторы. Бұл екі сөйлемнің соңғысындағы ол сөзі Мұхтар сөзінің орнына қолданылған. Есімдік, әдетте жалпы ұғымды білдіреді де, оның нақтылы мағынасы өзара байланысты айтылған сөйлемдерде айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер 7 топқа бөлінеді:
1.Жіктеу есімдігі мен, сен, сіз, ол, біз, (біздер, сіздер, олар). Жіктеу есімдігінің жекеше, көпше түрі бар, септеледі, жіктеледі. Үш жақта айтылады:
І жақта айтылатын есімдіктер – мен, біз;
ІІ жақта айтылатын есімдіктер – сен, сіз, сендер, сіздер;
ІІІ жақта айтылатын есімдіктер – ол, олар;
2. Сілтеу есімдігі: бұл, осы, ол, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, міне, әне.
3. Сұрау есімдігі: кім? не? неше? қашан? немене? кәне?
4. Өздік есімдігі:өз. Бұл есімдік көбіне тәуелдеулі түрде қолданылады: өзім, өзің өзіңіз, өзі.
5. Жалпылау есімдігі: бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, бүтін, түгел.
6. Белгісіздік есімдігі: бір, әлдебір, әлдекім, кей, пәлен, түген, біреу.
7. Болымсыздық есімдігі: еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқайсысы, ешқандай, дәнеңе.
Есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы: Ештен кеш жақсы. (Мақал.) Оны айтқан – мен. Бүкіл халық бейбітшілікті жақтайды. Осы сөйлемдердегі ештен – толықтауыш, мен- баяндауыш, бүкіл – анықтауыш. Еш, әр, кей, бір, оны, әлде есімдіктерінен өрбіген есімдіктер мен үстеулер бірге жазылады, ал зат есімдер бөлек жазылады. Мысалы: ешбір, әлдекім, кейбір, біржола. Еш ел, әр үй, кей уақытта.
-
Есімдік
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан оны орынбасар сөз табы деп те атайды.
|
-
Мағынасына қарай 7
түрі бар:
|
Жіктеу
|
Сілтеу
|
Сұрау
|
Өздік
|
Жалпылау
|
Белгісіздік
|
Болымсыздық
|
Белгілі бір жақ түрінде қолданы-латын есімдіктің түрі
|
Мезгеу, нұсқау және көрсету мағына-ларын білдіре- тін есімдік түрі
|
Жауап алу мақсаты мен сұра мағына- сында қойылған сұратар (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.)
|
Өздік есімдігі- не әр түрлі тұлға- дағы өз деген бір ған сөз жатады.
|
Жалпы- лау, жинақ- тау мағына- ларын білдір- етін есімдік түрі
|
Затты, сындық белгіні, сан- мөлшерді жорамал-дап, тұс- палдап көрсететіне есімді түрі
|
Болымсыз- дық мағынаны білдіретін есімдік түрі
|
мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
|
сол, мынау, аналар, міне т.б.
|
кім? не? неше? қайда? неге?
|
өз, өзім,
өзіміз-дің, өз- өзіне
|
барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс,т.б.
|
кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқандай т.б.
|
еш + (кім, қайда, бір, қашан, т.б.), ештеңе, дәнеме
|
Достарыңызбен бөлісу: |