Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Грамматика туралы жалпы түсінік


Оларды жинақтап, төмендегідей кестемен көрсетуге болады



бет4/14
Дата16.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#138552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Оларды жинақтап, төмендегідей кестемен көрсетуге болады:

1) қора-қора, төбе-төбе, бетпе-бет

Бір сөздің қайталануы

Көптік мағына

2) ата-ана, жақсы-жаман, екі-үш

Екі түрлі сөздің қайталануы

Жалпылық мағына

3) көйлек-көншек, ескі-құсқы, ет-мет


Екі түрлі сөздің қайталануы

Қомсыну, менсінбеу мағыналары

4) анда-санда, оқта-текте, зым-зия

Мағынасыз екі сөздің қайталануы

Мезгілдік, тездік мағыналары

5) әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен

Күшейткіш буындардың қосарлануы

Күшейткіш мағына

6) сарт-сұрт, жылт-жылт, сырт-сырт

Еліктеу сөздердің қосарлануы

Күшейткіш мағына

7) ағайын-туған,

дос-жар


Екі жағында мәнді сөздердің қайталануы

Жинақтық ұғым

2.2. Қысқарған сөздер

Тіліміздегі күрделі сөздер тобына жататын сөздердің бірі - қысқарған сөздер. Әр алуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің атауларын бірнеше сөз арқылы айтып жатпай-ақ, қысқартып айту әрі қысқартып жазу дәстүрге айналған. Жазу, сөйлеу барысында көпшілікке түсінікті сөздерді қысқарту жолымен пайдаланудың үлкен практикалық мәні бар.Әкімшілік, қоғамдық ұйымдардың немесе ел, жер-су аттарының, мекеме, ұйым атауларының қыскартылып колданылуын қысқарған сөздер деп атайды.Қолданысқа жиі түсіп жүргендіктен әрі сөйлеуде бір-сыдырғы шұбалаңкы көрінетіндіктен Абай атындағы Еңбек Кызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік педагогика университеті деп жатудан гөрі ҚазМПУ деген әрі жинақы, әрі қабылдауға да, айтуға да жеңіл болар еді.

Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады.


  1. Қысқарған сөздер сөздердің басқы әріптерінен құралады.
    Мысалы: ҚР - Қазақстан Республикасы.

  2. Қысқарған сөздер күрделі атаулардың бірінші сөзінің басқы
    буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқартылады: ҚазҰУ (Қазақ ұлттық университеті, ҚазМИ - Қазақстан медицина институты). Мұнда алғашқы сөз буынының бірінші дыбысы үлкен әріппен және соңғы сөздердің басқы дыбысы арқылы қысқарған дыбыстар үлкен әріппен жазылады.

  1. Күрделі атаулардың бас буындары ғана қысқартылып беріледі.
    Мысалы: филфак, физмат, Донбасс, т. б.

  2. Қысқарған сөздер күрделі атаулардың алғашқы сөзінің бас
    буыны мен соңғы сөзден құралады. Мысалы: пединститут (педагогикалық институт), мединститут, автоқондырғы, автотұрақ.

Қысқарған сөздердің бұл айтылғандардан басқа ТУ-114, АН-24, ДТ-36, см, кг, мм, дм сияқты түрлері де бар.

Қысқарған сөздердің құрамындағы әріптердің, буындардың, буын мен сөздердің араларына ешқандай белгі қойылмайды. Қысқарған сөздерге қосымшалар соңғы дыбыстың әуеніне қарай үндестік заңы бойынша жалғанады.





2.3. Біріккен сөздер

Қазақ тілінде сөз жасаудың бір әдісі – сөз бен сөзді біріктіру. Тілімізде екі не одан да көп түбірден бірігіп, жаңа ұғымды білдіретін сөздер бар: Жезқазған – Қазақстандағы ірі кен орындарының бірі. Биыл қар қалың түсті деген сөйлемдердегі бөлініп көрсетілген сөздерге назар аударайық. Біріншіден, Жезқазған, биыл сөздері жеке ұғымның атауы ретінде жұмсалып тұр десек, екіншіден, бұл сөздердің бірігуінде өзгешелік бар. Жезқазған сөзінің құрамына енген сөздер ешбір өзгеріссіз, түбір тұлғасмын сақтаған бірікккен сөздер, ал биыл сөзі бұл жыл деген сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырап барып бірігуінен жасалған. Сөз табының барлығында да бірікккен сөз кездеседі. Мысалы: әкел, апар – етістік; бүгін, ендігәрі – үстеу; жетпіс, тоқсан – сан есім; асқабақ, еңбеккүн - зат есім; ешқашан, әркім – есімдік.

Сөзден күрделі сөз тудырудың енді бір тәсілі - сөз бен сөзді біріктіру. Тілімізде екі не одан да көп түбір сөздерден бірігіп жаңа ұғымды тудыратын жаңа сөздер бар. Мысалы: Алатау елдерінің қыстыгүні малдары Қараойда болады деген сөйлемде қарамен жазылған сөздер — біріккен сөздер. Мұнда біз, біріншіден, Алатау, қыстыгүні, Қараой деген сөздер екі сөзден бірігіп, белгілі бір жеке ұғымның атауы ретінде жұмсалып тұрғанын білсек, екіншіден, бұл сөздердің бірігуінде екі өзгешелік бар. Алатау, Қараой сөздерінің құрамына енген сөздер — ешбір өзгеріссіз, түбір тұлғасын сақтап тұрса, қыстыгүні сөзінің күн деген бөлігі фонетикалық өзгеріске ұшырап тұр.

Осыдан келіп біріккен сөздерді түбір тұлғасын сақтаған біріккен сөздер, түбір тұлғасын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер деп екіге бөледі. Біріккен сөздердің мағыналық өрісі өте кең, мол. Мысалы:



  1. тасбақа, қырықаяқ - зоологиялық атау, жәндіктер;

  2. қозыққұйрық, қырықбуын, күнбағар - ботаникалық атаулар, шөп түрлері;

  1. Ақсүйек, аққала - ойын атаулары;

  2. Қызылқұм, Сарыағаш, Жезқазған — жағырафиялық атаулар;

  3. Боранбай, Ботагөз, Амангелді — кісі аттары;

  4. жетіқарақшы, темірқазық — жұлдыз, планета атаулары;

  5. әлдекім, әлдеқашан, қайсыбір, кейбір — есімдіктер;

  6. автоқалам, фотосурет, қазақконцерт, ауылсоветорыс-қазақ сөздерінен біріккен, әр түрлі заттар мен мекемелердің атын білдіретін сөздер;

  7. Екібастұз, Мұратбайұлы – үш сөзден құралып біріккен сөздер.

Сонымен бірге мұндағы біріккен сөздер түбір тұлғасын сақтап біріккенін аңғарамыз.

Біріккен сөздердің енді бірқатары түбір тұлғасын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшырап бірігеді. Мұндай сөздердің компоненттерінің бір-бірімен өзара үндесе, үйлесе кірігуі былай тұрсын, олардың мазмұндары да танымастай болып кетеді. Мысалы: білезік, қарлығаш, қызғыш, бүгін, биыл, әкел, әпер, бүрсүгүні, былтыр, ендігәрі дегендердің білек жүзік, қара ала құс, қызыл құс, бұл күн, бұл жыл, алып кел, алып бер, т. б. сияқты сөздерден шыққанын екінің бірі біле де бермейді. Қазақ тілінің ғылыми грамматикаларында мұндай сөздерді кіріккен сөздер деп атайды.

Сонымен, екі, кейде одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөзді біріккен сөз деп атайды.

Біріккен сөздер сөз табының барлығында да ұшырасады. Мысалы: биыл, бүгін, ендігәрі, былтыр - үстеулер, әкел, әкет, апар - етістіктер, сексен, тоқсан - сан есімдер, шекара, демалыс - зат есімдер, әлдекім, әркім - есімдіктер, т. б.



2.4. Біріккен сөздердің жазылу емлесі

  1. Түбір сөздері ешқандай өзгеріске ұшырамай, айтылуындағы
    түбір тұлғалары сақталып біріккен сөздер сол күйінде, өзгеріссіз
    жазылады. Мысалы: асқабақ, Мергенбай, Ақтөбе, Жетісу, жетіжылдық, т.б.

  2. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған мына сөздер айтылу қалпында
    жазылады: күздігүні, жаздыгүні, белбеу, қолғабыс, Бегәлі, Торайғыров,
    Жанғазы, т. б.


  3. Еш, бір, әр, кей, әлде сөздері есімдіктермен бірге жазылады да,
    есімдермен бірікпей, бөлек жазылады:


Еш

бір

Әр

кей

әлде

ешбір

біраз

әркім

кейбір

әлдекім

ешкім

бірнеше

әрқашан

кейбіреу

әлдеқашан

ешқашан

бірталай

әрқайсы

кей адам

әлдеқалай

еш адам

Бір адам

әр адам






Қара торғай, ақ шелек, ақ сақал, соқыр теке сияқты сөздер қара мағынасында немесе қара, ақ, соқыр дегендер бөлек жазылып, анықтауыш қызметін атқарады, ал Қараторғай (құс аты), қаракүйе (құрт), Жетіқарақшы (жұлдыз), ақшелек (ауру), ақсақал (қарт, қария), соқыртеке (ойын), т. б. сөздер алғашқы мағынасынан өзгертіп, жаңа мағынаға ие болғандықтан, б ірге жазылады

Жаттығу жұмыстары

1-тапсырам. Қос сөздердің бірінші сыңары жазылған, екінші сыңарын табыңыз.

  1. дос-

  2. ара-

  3. кескін-

  4. кәрі-

  5. жора-

  6. қант-

  7. әуре-

  8. жалт-

  9. оқу-

    1. .айқай-

2-тапсырма. Қос сөздер қай сөз табына жатады?

Төмендегі қос сөздерді оқып шығып, қайсысы қай сөз табына жататынын айтыңыздар:

Дау-дамай, жалғыз-жарым, пыш-пыш, өліп-өшу, майда-шүйде, кімде-кім, қан- жоса, жым-жылас, жиған-терген, жар-жар, мең-зең, әуре-сарсаң, телегей-теңіз, шала-жансар, жалынып-жалпаю, еміс-еміс, шартпа-шұрт, жеңіл-желпі. көре-біле, жапа- тармағай, көс-көс.



3-тапсырм. Мына қысқарған сөздерді толығымен жазыңыз

Үлгісі:БҰҰ- Бірікен Ұлттар Ұйымы

ҒА, ХШЖК, КТУ, ТарГУ, ҚазТАГ, АҚШ, КТУ, КазМИ, ҚР, ГАЗ-51,АН-24.

4-тапсырма. Сөздердің реттік қатарын жадыңызда сақтаңыз

  1. есепшот

  2. пернетақта

  3. мәтіналғы

  4. ғаламтор

  5. өзсүзгі

  6. электростанция

  7. кәсіпорын

  8. бейнебет

  9. телекоммуникация

10.энергожүйе

5-тапсырма. Жұмбақты шешіп, жасалу жолдарына түсінік беріңіз

1.Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

2. Қысы-жазы өзгермес

Көрсең де күні – түнімен.

Қанша аяз болса да,

Айрылмайды гүлінен. (Шырша)

3.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (Су)

4. «Тик-так», «так-так»

«Тұр-тұр», «жат-жат»

-деп әмір береді,

Шаршамай келеді. (Сағат)

5. Кереңқұлақ өсіп тұр үстелімнің үстінде. (Жұмыс шамы)

6. Сары қозы, көк қозы,

Қарындары тоқ қозы.

Күздігүні көк қозы,

Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)

7. Тарбаң-тарбаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған. (Тасбақа)

Ойлап табыңыз


  1. Біріккен сөздердің барлығы дерлік екі сөздің бірігіп айтылуынан жасалады. Ал үш сөзден бірігіп барып жасалған адам, жер, су аттарын ойлап табыңыздар.

  2. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екіші түбірі тағам пісіретін ыдыс аты. Ол қай сөз?

  3. Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі атынан бірігіп айтылған сөз ненің аты, не деген сөз?

  4. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп бір аңның атын білдіреді. Ол қай сөз?

  5. Үш сөзден біріккен сөздің бірінші түбірі – сын есім, соңғы екеуі жағрафиялық атауды білдіретін зат есімдер. Бірігіп айтылған жер (қоныс) аты. Ол не деген сөз?

  6. Біріккен сөздер, көбнесе, қай сөз табына жатады? Ненің аттары біріккен сөз болып келеді?

  7. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады?

Жауаптары: 2. Асқазан 3. Итмұрын 4. Қарақұйрық 5. Сартауқұм

Жаттығу жұмыстары:

1. Сөздерді пайдалана отырып қос сөз жасаңыз.

Үлгі:(біп-биік, бырқ-тырқ)

Бүркең, зу, бырт, сырт, қора, ұлт, қыз, келін, кейінді, ілгерінді, алты, бес, мая, үлкен, кіші, әрі, бері, аласа, төмен, қарсы, түйіс, жылт, аяқ, табақ,жоғары.


  1. Мына сөздерден қайталама қос сөз жасаңыз

  2. Үлгі:ауыл - ауыл.

Үйдей, тау, жүзбе, қолды, өзді, айтып, жалт, жарқ, тарс, орынды, алпамсадай.

3. Мына біріккен сөздерді жасалу жолына қарай топтап жазыңыз

Үлгі: Аң, құс атаулары: тасбақа, қосаяқ,аққу.

Абжылан, айқабақ, айнакөз, айналсоқ, айылбас, күндіз, атауыз, атқамінер, әумесер, әжептәуір, Бақтоты, балақыз, балауыз (шам), баспасөз, баспахана, екібастан, есекмия, жазғытұрым, жатақхана, жолбасшы, итемген, итжемі, итарқа, көкбозат, көкшағыр, көркемөнер, күнбатыс, қазоты, қазтамыр, қаракөз, қарғатұяқ, қолқанат, қолжазба, қоңыраубас, қалжыңбас, майшабақ, небір, орынбасар, отағасы, сегізкөз, сормаңдай, теңгебас, түнеугүні, ушөп, ұлтабар, халықаралық (жағдай)

Әкел, әкет, әпер, көзілдірік, жүзік, сексен, тоқсан, былтыр, күндіз, шонжар, желғабыз, қарақат, сайгүлік, алаңғасар, шаһзада, самұрық, жексенбі, дүйсенбі, бәйшешек, бәйтерек, тасбақа, Алакөл, алтыбақан, сегізкөз, асқазан, Қойбағар, ешкім, ештеңе, биыл, бүгін, күздігүні, Сарысу, аққу, қосаяқ, ақсақал, баспасөз, шекара, итмұрын, көкқұтан, саңырауқулақ.



Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз

2.5. Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдары академиясының академигі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-1969 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады

1973-1977 жылдары – Қармедкомбинаттың партком хатшысы.

1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы

1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы

1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы,1990 жылы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев

79,78 дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 даусын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы

Қазақстан Қарулы Жоғары Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы



Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – жеке кәсіппен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Мақал- мәтелдердің соңы беріледі, бастапқы бөлігін табыңыз

...................................,

Жақсы дұшпан артық.



......................................,

Жолдассыз жолың болмас.

....................................,

Жаман жолдастан артық.

.....................................,

Үш күндік азық ал.

.....................................,

Жолдасы жаман қолды болар.

.............................................,

Жыңғыл таяқ артық.

............................................,

Ақын жігіт той бастар.

............................................,

Көже түбінен суйды.

.............................................,

Ер елдің анасы.

.............................................,

Ер – туған жеріне.

............................................,

Өз еліңде ұлтан бол.

............................................,

Киік лағын қорғайды.

...........................................,

Өз еліңде дүркіре.

..........................................,

Адам туған жерін аңсайды.

...........................................,

Туған ананың күтімі жылы.

..............................................,

Торғай ұясын сағынады.

..............................................,

Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.



Жауаптары;

(Жаман жолдастан, жолдас,жақсы таяқ, батыл жігіт жол бастар, жолдасы- жақсы қолды болар, Отан елдің анасы, ит-тойған жерінде, кісі елінде сұлтан болғанша,құлан қағын қорғайды,кісі елінде күркірегенше, аққу көлін аңсайды, туған үйдің түтіні жылы, сұңқар қиясын сағынады,есі бар жігіт елін табар.)



III МОРФОЛОГИЯ

Морфология – сөздің грамматикалық құрылысын, сыртқы морфологиялық тұлғасын, олардың грамматикалық мағыналарын зерттейді.

Мысалы: жер, ел, кітап, тау сөздерінің негізі лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағыналары (жалпы зат атауы болуы) да бар, олар – қосымшасыз, түбір тұлғада тұрған сөздер. Ал, жерлес, елші, кітапхана, таулы сөздері құрамы жағынан туынды сөздер, түбір мен қосымшадан тұрады. Аққу, әрқашан, асқазан, күнбағыс сөздерінің де өздеріне тән мағыналарымен бірге олар екі түбірден жасалған. ТарМУ, МАИ, ҚазМУ, медпункт сөздері бірнеше жеке сөдердің ықшамдалып әртүрлі жолдармен қысқарудан жасалған. Тас жол, асықты жілік, жиырма бес сөздері бір мағынаға ие болып, екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған. Сонымен, қазақ тілінің сөз құрамы негізі түбір сөзден, түбір мен қосымшадан, туынды сөз, екі түбірдің бірігуінен, біріккен сөз және қосарлануынан қос сөз, күрделі сөздің қысқаруынан және сөздердің тіркестерінен тұрады.

Сөздердің жасалу жолдары


Р/с

Т

Жасалу жолдары

Мысалдар

1

Біріккен

сөздер

  1. Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер

  2. Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер

  3. Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалынған сөздер

әнұран, елтаңба, атамекен, еңбекақы

көкбауыр, көкөніс, аскөк, тікұшақ

басқосу, ізбасар, дерттану


2

Қос сөздер

  1. Қайталама қос сөздер

а. қосымшалы, қосымшасыз түбірдің түгелдей қайталануы

ә. бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

б. бір түбірдің әр түрлі қосымшада тұрып қайталануы

в. еліктеуіш сөздің екінші сыңарында кейбір дыбыстық өзгеріске ұшырап қайталануы



2. Қосарлама қос сөздер

а. мағынасы бір-біріне жақын, я қарама-қарсы сөздер

ә. бір сыңары мағынасыз

б. екі сыңары да мағынасыз

в. кейінгі кезде қалыптаса бастаған сөздер


сөйлей-сөйлей

көзбе-көз

айтып-айтпай

тарс-тұрс

үлкен-кіші, аға-іні

бала-шаға

оқта-текте

қазақша-орысша



3

Қысқарған

сөздер

  1. Күрделі атау құрамындағы сөздер бас әріптерінен құралады

  2. Бірінші сөздің бас буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптері алынады

  3. Сөздердің бірінші буындарынан және бірінші сөздің бірінші буыны мен келесі сөз тұтасымен бірігіп құралады

  4. Техника түрлерінің маркалары бас әріппен жазылады, дефис арқылы жалғанады

  5. Әр түрлі атаулар, қысқарған сөздер кіші әріппен жазылады, қосымша жалғанбайды

АҚШ, ЖПК
КазМИ, ТарГУ
Обком
Газ-51, ТУ-154

Кг., т.,


км., дм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет